Бұл көктемді алты ай қыс күтіп едіңдер, Осылай басталады екен бүкіл өмірлер. Тал, теректер, түн бойы толғақ қысып, Бебеу қағып, ыңырсып, уһілеңдер. ......
КІРІСПЕ Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым. Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді. Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді. Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады.....
КІРІСПЕ Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады. Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады. Елімізде акционерлік қатынастардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің екінші этабын жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды.....
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республика- сының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер бо- лып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Респуб- ликасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметтері туралы", жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты. Аталмыш заңга сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Занды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты — пайда табу. Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Занды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, таға басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген. Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жумылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабута береді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады. Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардңц негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметгері туралы» Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:....
Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік – аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады. Швейцариясының салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін кантондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді. Осы жылы Швейцария мемлекеті құрылып, кантондарда табысқа және мүлікке салынатын салықтарды алу құқығы берілді. Швейцария Үкіметі салық жүйесін жетілдіріп, дамыту барысында жалпыға ыңғайлы және нарықтық жағдайларға бейім өзгерістерді енгізуге, әлемдік бәсекелестік барысында отандық кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді қолдауға ұмтылыс жасайды. Швейцарияның салық жүйесі мынадай қағидаларға негізделген: • теңдік; • сауданың еркіндігі; • меншіктің кепілденген құқығы; • діни нанымның еркіндігі; • кантонаралық екі жақты салық салуға тыйым; • расталмаған салықтық түсімдерге тыйым. Бұл елде салық жүйесінің жетілдіруі мен оңайлатылуына баса көңіл бөлінген және ел Конституциясында кәрініс тапқан. Конституцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған: а) вертикалды, яғни конфедерация, кантон, муниципалиттер үшін; ә) горизанталды, яғни кантондар, муниципалиттер арасында.
Осы мақсатқа жету барысында 1990 жылы 14 желтоқсанда Конфедерация «Кантондар мен муниципалитеттердің тура салықтарын үйлестіру туралы» және 1995 жылы 1 қаңтарда «Федералдық тура салықтар туралы» заңдар шығарады. Осы Заңдарға сәйкес төмендегідей қағидалар іске қосылады: • отбасына салық салудың схемасын сақтау; • әріптестік рентаға шекті салық салу; • қайта құрылған компанияларға артықшылық пен салық жеңілдіктер; • ұйымдық нысаны өзгерген заңды тұлғаларға салық жеңілдіктері; т.б. ....
Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.
Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:
— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!
Митя күлмеуге тырысты, іштегі мақтанышы мен болар-болмас ренішін жасырып, төбесінен төніп тұрған Пушкинге қарап: .....
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердін жэне депозиттік емес ресурстардың шоттарьтның эр түрлері кездеседі. Бүл банктердің жоғарғы бэсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың каражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды. Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі: - талап етуіне дейінгі депозиттер; - мерзімді депозиттер; - жинак салымдары; - бағалы қағаздар. Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады: - мерзімдеріне қарай; - салым иелерінің категорияларына қарай; - қаражаттарды салу жэне қайтарып алу шартына қарай; - пайыз төлеу тэсіліне қарай; - қаражаттарды салу жэне кайтарып алу шартына қарай; - пайыз төлеу тэсіліне қарай; - банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай; - тағы басқалар. Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: - жеке тұлғалардың шоттарына; - кэсіпорындар жэне акционерлік қоғамдардың шоттарына; - жергілікті билік ұйымдарының шоттарына; - қаржылық мекемелердің шоттарына; - шетелдік азаматтардьщ шоттарьша. Талап етуіне дейінгі депозиттер - бүл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем қүжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын эр түрлі шоттардағы қаражаттар.Отандык банктік тэжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады: мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ эр түрлі шағын коммерциялық кұрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары; - эр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары; - есеп айырысудағы қаражаттар; - жергілікті бюджеттер қаражттары жэне олардың шоттарындағы қаражаттар; - басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы каражат калдықтары. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады.....
Валюталық қатынас дегеніміз ақшаның Халықаралық айналымда жұмыс істеуі.Олар ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесімен айырбастауға жәрдем етеді. Олардың объективтік негізі болып тауарлы өндіріс, Халықаралық сауда, капиталдың, әр түрлі қызметтердің қозғалысы. Валюталық қатынастың түрі, Халықаралық экономикалық қарым-қатынастан және ел арасындағы экономикалық күштің ара қатынасы мен ынтымақтастығының дәрежелеріне байланысты. Шаруашылық тұрмысты интернационалдандырудың өрісіне қарай ұлттық және Халықаралық валюта жүйелері құрылады. Алдымен тарихи үйлестірілген және ұлттық заңдармен бекітілген ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі тәуелсіз, ұлттық шеңберден шығатын болса да, ұлттық ақша жүйесінің негізгі құрамы. Қазіргі ұлттық валюта жүйесі мынандай элементтерді қосады: - Валютаның аты (теңге, рудль, марка т.т.) - Шетелдердің валютасына айырбастау жағдайлары. Бұл мағынада мынандай бөлектену бар: а) еркін айырбасталымды валюта. Мұндай валюталар кез келген басқа елдің ақшасына еркін айырбасталынады. Оларға Американың доллары, Немістің маркасы, Жапонның иені, Франсуздың франкасы, Англияның фунт-стерлингі кіреді; б) жартылай айырбасталымдар валюталар (ел ішінде ғана айырбасталымды валюта, рубль, теңге т.б.); в) айырбастауға жатпайтын валюталар (жабық валюталар). - Валютаның тепе-теңдігінің тәртіптемесі – екі валютаның ара қатынасы; Ақша бірлігіндегі алтынның мөлшеріне негізделген алтын тепе-теңдігі Батыс Европада 70 жылдардың (өткен ғасыр) ортасында, Ресейде – 1992 ж. жойылған. Енді, Халықаралық валюта қорының жарғысына сәйкес валютаның тепе-теңдігі, алтынмен емес, СДР – (арнаулы өзара қарыз құқықтары) мен немесе басқа Халықаралық валюта бірлігімен белгіленеді. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап, валюталық қоржын негізіндегі, тепе-теңдік пайдаланылды. Бұл, бір ақшалық бірліктің орташа бағамын, белгілі бір топ валюталардың жиынтығын өлшейтін әдіс. Мысалы, СДР валюта қоржынына жоғарыда келтірілген 5 еркін айырбасталымды валюталар кіреді және оның ішінде Америка долларының үлесі – 40%, немесе маркасының үлесі – 21%, Жапон иесінің үлесі – 17% т.с. ....
КІРІСПЕ Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар Берлиндегі Психоаналитикалық институтта психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары - Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді. Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм 14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, "Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім" деп жазды. Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді. Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті. Фроммның негізгі еңбектері: "Еркіндіктен қашу" 1941 ж., "Адам өзі үшін" 1947 ж., "Салауатты қоғам" 1995 ж., "Махаббат өнері" 1956 ж., "Зигмунд Фрейд миссиясы" 1959 ж., "Карл Маркстегі адам концепциясы" 1961 ж., "Адам жүрегі" 1964 ж., "Үміт революциясы" 1968 ж., "Адам деструктивтілігінің анатомиясы" 1973 ж., "Иелену немесе болу" 1976 ж. Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып адам тіршілігінің дихотомиясын шешудің тәсілін табуға, адам жатсынуының түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды, адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы түйіні ретінде "әлеуметтік сипат" ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін байланыстырады. Ақыр соңында адамның жаппай жатсынуы қоғамда өзінің шынайы емес тіршілігін сезіну, өзінің "сыни Менін" иелену орнына "өзіндігін" иелену және өзінің мәнін жүзеге асыруын сезіну, өмірді гүлдендіретін көзқарастың және ішкі моральдық жаңарудың пайда болуы, жеке адам мен табиғат арасында, тұлға мен қоғам арасында үйлесімділікті орнату -мұның барлығы адамдарды олардың болмысының қиялынан босатудың әлеуметтік тиімді құралы ретінде Фроммен ұсынылған "гуманистік психоанализді" қолдану негізінде мүмкін болады.....