Курстық жұмыс: Биология | Биология пәнін оқыту әдістері

І Кіріспе
Оқушылардың пәндер мен тірі табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту методтарына байланысты болады. Мұғалім методты анықтау кезінде курстың жалпы қорытындылау сипаты мен мектегі оқушыларының жас ерекшеліктерін еске алуы қажет. Оқыту методын таңдап алу оқу материалының мазмұны және мектеп оқушыларының танымдық әрекеттері – репродукциялы (еске түсіру, иллюстрациялы) немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.
Мектеп оқушысы репродукциялы танымдық әрекет кезінде мұғалімнен, кітаптан, оқу фильмінен даяр информация алатын болғандықтан оны онша көп қиналмай еске түсіреді.
Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін пайдаланған кезде мектеп оқушыларының танымдық процесі мүлде басқаша өтеді. Оқушының танымдық әрекетін зерттеу сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын байқалады.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Оқыту әдістері және оның түрлері
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің образдары

Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт.
«Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіпкерлік | Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктін дамуы

Кіріспе
Адамзат қызметінде ерекше орын алатын «кәсіпкерлік» ұғымы жөнінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 ж.ж.) «Кәсіпкер болу – басқаның жасағанын жасамау» деген болса, келесі француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 ж.ж.) ол жөнінде тұжырымдаманы былай жасаған: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Сонымен, «Кәсіпкерлік» терминін ең алғаш ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж.ж.) енгізді. Ол осы терминге мына ойды сыйғызды, яғни, нарықтық қатынастарға байланысты табысқа қол жеткізу, өндірісті дұрыс ұйымдастырудағы адам белсенділігімен байланыстырды.
Экономикада кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын бірінің орнына бірін қолдану қолданып жатады, негізінде ол екеуі тығыз байланста болғанымен, екуінің қызметі ерекшеленіп тұрады. Бизнес табыс әкелетін қызмет түрі болса, кәсіпкерлік ол новаторлық қызмет.
«Кәсіпкерлік қабілет» экономика ғылымында кездесетін ұғымдардың бірі. Ондай қабілеті бар адам бизнесте жаңалық ашу қабілеттілігіне ие болушы адам немесе кәсіпкер болады. Сонымен, экономикалық қызмет түріне жатқызатын бизнес адамға табыс әкеледі деп есептелсе, кәсіпкерлік қызмет жаңа ізденіс арқылы осы істі тәуекелмен жүзеге асыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Ертеңгі сәулелер)

Көкте жүзіп жарық күн,
Нұрын шаша бастады.
Оянсын деп жер жүзі,
Алтын сәуле тастады.
Бірінші сәуле ұшты да,
Бозторғайды оятты.
Сескеніп, сасып торғайың,
Жалмаң қақты қанатты.
Көтеріліп аспанға,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)

Жүрекке құйылған нұр Сталиннен.
Жыр болып төгіледі қызыл тілден,
Сондықтан, ұлы Сталин алады орын,
Бір емес менен шыққан бар өлеңнен.
Өмірдің қайнар бұлақ көзі Сталин,
Қалың ел қамқоршысы өзі Сталин,
Бітер ме өлеңге жан, ұшқыр қанат,
Болмаса ақындардың сөзі Сталин!
Сәнді өмір, сансыз қызық алуан-алуан,-
Зор табыс, ұлы жеңіс жерді жарған. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)

Тіл ұшында бір сөз бар,
Жалындана жайнаған,
Құлаққа сол сөз тигенде,
Серпіліп бүкіл денеңде,
Қанық да қызып қайнаған;
Жарың да қызық сайраған
Сол сөз жетсе көкті өрлеп,
Жүрегіңді күш кернеп,
Жаның сергіп самғаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ғы лизингтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Ғылыми-техникалық үрдістің өндіріс және айналым саласындағы дамуы мемлекетімізде қалыптасып отырған эконмикалық жағдайлардың күрделі өзгерістерге ұшырауына әкелуде. Бұл болса өз алдына елімізде қалыптасушы халық шаруашылықтың материалдық-техникалық базалары мен әртүрлі меншік нысаны бар, негізгі қорлық субъектілердің дамуына жаңа қалыптасқан салттан тыс тәсілдердің енгізумен негізделеді.
Бәрімізге белгілі біздің республикамызда кіші және орта бизнесті дамытуға көптеген реформалар қабылдануда. Азаматтық құқықтағы осы шараларды бекітуге арналған өзгерістер кәсіпкерліктің бұл түрін реттеуге және дамытуға көп серпіліс берді. Азаматтық кодекіске жаңа түсініктер мысалы: лизинг, франчайзйнг, траст т.б. енгізілді.
Тақырыптың маңыздылығы Қазақстан өндірісінің дамуына елеулі кері ықпал тигізетін тәндік және моральдық, тұрғыда ескірген қорлар, артта қалған технологиялық ресурстар көлемімен байланысты келеусіз жағдайларды шешуге бағытталған. Бірақ республикамызда тәжірибелік тұрғыда өнеркәсіптегі әртүрлі сала жиынтығының қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы немесе шығарылмайтындығы көптеген қиыншылықтарға әкеледі. Бұл мәселенің тікелей шешілу кілті ретінде лизинг шарты қарастырылады. Себебі ол жолдаудың басқа нысандарына қарағанда кешенді тұрғыда мазмұндалып сыртқы сауда, несиелік және инвестициялық операциялардың элементтерін біріктіреді.
Лизинг шартының өзгелерден артықшылығы көп салалы қызметтермен қамтылып осы нысан шегінде несиелеуді ұсыну қарастырылады. Жекелеп қарастыратын болсақ ол өзіне: несиелеуді ұйымдастыру, қалыптастыру, монтаж, техникалық қызмет көрсету, лизинг объектілерін сақтандыру, қосалқы жабдықтармен қамтамасыз ету, кеңестік қызметтерді бекітеді. Лизинг алушы уақытын бұған қатысты өзгеде сұрақтарды шешуді өнеркәсіптік құрал-жабдықты құрайды. Бұлардың барлығы лизингтік несиелеудің икемділігіне, нарықтық қатынастарда пайда болатын өзгерістерді қалыптасуына жедел көңіл бөлуіне септігін тигізеді . Лизинг алушы тарап мәмілені қалыптастыру және оның мазмұнын анықтауда қатыса алады, лизингтік компаниямен бірге несиенің негізгі жағдайларын анықтай алады мәселен: жолдау мерзімі, (сомасы) бағасы және жылдық төлем жиелігі. Лизинг инвестициясын несиелеудің демократиялық нысаны болып табылады сонымен қатар ол, шаруашылық ұйымдардың орасан зор өзінділігіне талқылау мүмкінділігін туғызады.
Соңғы мерзімдерге дейін Қазақстан Республикасының (әріқарай ҚР) шаруашылық жүргізіші субъектілері аса қызығушылықпен лизингтік операцияларға зейін салмаған болатын, оның басты себебі бұл нысанның несиеленуімен құқықтық базаның үзілместігі туралы ақпараттың жоқтығында болды. Бірақ 2000 жылы ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңының қабылдануы бұл нысанды инвестициялауғы қызығушылық едәуір артты [1]. Дипломдық жұмысымның тақырыбын зерделеудің басты жағдайлары бұлармен ғана ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Суреткер)

...Есімде, той болды бір ауылда ірі,
Жігіттің таң қалдырып қалыңдығы,
Беташар айтылғанда
жалт қаратқан
Жадымда
жас ақынның жалынды үні.
Сызылып көк аспанда жаңа Ай туды,
Уыздай әппақ өңге арай тұнды.
Қауымның үні шықпай,
ақын жігіт:
"Тоғжандай екен!" — деді. Бәрі айтылды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

КІРІСПЕ
Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді. Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар қосымша кұн ендірмейді. Сауда иайдасы қосымша құнның турін өзгерткен үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.
Тауарды сатып өткізу, айналыс процесінде жүзеге асады. Оған арнайы шығын кетеді. Осындай шығын түрлерін айналыс шығымдары деп атайды. Ол екіге бөлінеді: қосымша шығын және таза айналыс шығындары.
Тауарды сатып алу және сатып өткізу кезінде жарнама істерін және т.б. ұйымдастыруға кеткен шығындар таза айналыс шығыны түсінігін береді.
Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз. Капитализмде сауданың 3 түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы сауда. Сауда капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға, халыққа сатады. Бөлшек сауда дегеніміз осы. Бір капиталистердің, басқа капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып өткізуін көтерме сауда деп айтамыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қаржы саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері

Кіріспе
Бітіру жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0