Кіріспе Қай тілдің сөздік құрамындағы сөздерді алып қарамай, олардың барлығы да бір белгілі бір қызмет атқаратынды, тілдік жүйеде белгілі бір орын алатындығы анық. Бірақ, тіл элементтерінің өзара қатынасы өте күрделі және бірнеше қатпарлы байланысты тұрады. Сондықтан сөздердің мағынасына қарай да, тұлғасына қарай да, түрлену ерекшелігіне қарай да, сөйлемдегі синтаксистік қызметіне қарай да бірнеше жолмен топтастыруға болады. Кейде осы белгілердің бірнешеуінің басын қосып күрделі бір категория етіп, сөздерді жинақтау дәстүрі де кездеседі. Қазіргі тіл білімен тән алынып, көпшілік граматика авторлары мойындаған сөз табы осы бірнеше белгілерге сүйенген сөздердің күрделі тобын қамтитын лексика - граматикалық катеория болып саналады. Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атаушы сөз болғандығын мойындайды. І. Көмекші сөздердің дамуы мен қалыптасуы. Тарихи грамматика мәселесімен қызыққан авторлардың барлығы дерлік көмекші сөздің бір кездерде толық мағыналы атаушы сөз болғандығын мойындайды. А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді даму дәрежесіне қарай 4 сатыға бөледі: I) дербес сөз, 2) көмекші сөз, 3) шылау сөз, 4) қосымша. Атауыш сезден қосылмаған дейін даму бір үлгімен дамыған деуге болмайды. Себебі кей қосымшалар этимологиялық жақтан атауыш сөздерге мүлде байланыспай, жеке дыбыстардың қосындысынан да жасалынған. Ал, көмекші сөздердің барлығы да бір кездерде толық мағыналы сөз болғандығы даусыз. Уақыттың, өтуінен байланысты кей көмекші сөздер өздерінің толық мағыналы сыңарынан мүлде алшақтап кетуі олардың тұлғасын және мағынасын (деформания, десамантизацияға ұшырап) сөйлемдегі атқаратын қызметін өзгертіп (дефункцияланып) өзгерткен болуы ықтимал. ....
КІРІСПЕ Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық. Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.....
Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947). Өмірбаяны Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Қарағанды облыстық драма театры) бастады. 1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды. Ойнаған рольдері Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.....
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Чумаев Григорий Иванович (1917, Батыс Қазақстан облысы Зеленое ауданы Кирсаново селосы - 4.2.1945, Польша, Вроцлав қаласы)- 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Орыс. 1945 жылы 4 ақпанда Чумаев барлаушылар тобымен Одер (Одра) өзенінің батыс жағалауына өтіп, жаудың техникасы мен адам күшін анықтауға тапсырма алды. Тапсырманы орындау барысында .....
Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.
Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:
— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!
Қаттыбаланың көзі осы қыстауға қарай көсілтіп келе жатқан салт аттыны қиядан шалған. Атқа бір жамбастап қисая отырысынан, ат желігенде қопаң-қопаң етіп, бір орыннан екінші орынға ұшып-қонған сауысқандай шоқаң-шоқаң етісінен, мұның қой фермасының меңгерушісі Сәруар екенін бірден танып, қозы көш жерден алдынан шығып қарсы алған.
Амандықтан соң: «Біздің үйдегі ағаң төсек тартып жатқанына жарты айдың жүзі болды.
Колхоз бастығына өзім арнайы барып жолықтым. «Көлік жіберемін. Аудан орталығына апарып дәрігерге көрсетіңіз»,- деп еді. Оған да бірнеше күн өтті. Сізге ештеңе деген жоқ па?»- деп сұраған .Ол мұның сәлемін салғырт алып, манадан үнсіз келе жатқан ферма меңгерушісінің сол сәт талағы тарс айрылды.
-Әй, алжыған қақбас, сенің зәредей болсын партияның саясатынан хабарың бар ма, жоқ па? Жоқ, әлде партияға қарсысың ба? (бұл сөз оның бісмілләсі еді). Сол сәт ол Қаттыбалаға қаһарын тігіп, кәрлене қарады.
-О, несі ей?!- деді сөзін одан әрі сабақтап,- партия үшін сенің шалың ыз-ыз етіп ұшып, қоқыстан-қоқысқа қонып жүрген қара маса! Ұқтың ба? Қаттыбала басын изеді. -Ол бүгін өле ме, ертең өле ме партияға бәрібір.
Осы сәт өзіне-өзі риза болған кейіпте партия үшін сенің шалыңдай шалдардың оны өлсе түк емес, ал бір тоқты өле қалса... Коммунист Сәруар Шалдуарұлы, қайда қарадыңыз?- деп сұраудың астына алады. .....
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар –бұл сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек қнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудырта отырып , тауар формасынқабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы обьективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтынушы өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,онда оны дайындауға кеткен уақытың рәсуа болғаны,мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құныналу құраоы бола отырып ,өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Ақша қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында , айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.(1балта- 5құмыра,1қой 1-қап бидай және т.б. ). ....
Ақшаның адам өміріндегі орны қандай? Ақша деген не? Ақша – ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметін атқаратын және жалпыға бірдей балама, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны. Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысында үнемі ақша бірлігімен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнім. Ол натуралдық шаруашылықтың тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болады. Осы ауысу кезеңінесебеп болған адамдардың шығарылған өнімдерінің артық болып, «айырбастау» процесінің шығуы. Айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды. Сөйтіп натуралдық-өндірістік орнына тауарлы өндіріс келді. Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделікті айырбастауда эквивалент болып келді: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды. Осы монеталардың пайда болуы –ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Металдар мыс, күміс, алтын түрінде болды. Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі, айналыс құралы, қор және жинау құралы, дүниежүзілік ақша.....