Курстық жұмыс: Химия | Көлік құрылыс саласының қалдықтарын пайдаға асыру

Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндежылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолыбойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-біртеавтомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зейнетақы жүйесі туралы заңы | Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің алдындағы тұрған қиындықтары және оларды шешу жолдары

Кіріспе
Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады. 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесі

Кіріспе
Сақтандыру мен қайта сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты - аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру мен қайта сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүйесін құру міндетті, бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды мәселе бола түсуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Қырым конференциясы

Кеңес халқының неміс-фашистік агрессорларына қарсы Ұлы Отан Соғыстың аяқталғанына 60 жыл өтті. Бірақта осы соғыстың батырлық жағдайлары қазіргі күнде де миллиондаған адамдарды толғандырады. Кеңең әскерінің жеңісі соғыстан кейінгі кезеңдегі жағдайдағы әлемдік дамуын анықтады.
Кеңес әскерлері 1945 жылы мамырда герман рейхстагыне жеңіс туын артып қойды. Бірақ соғысты бастаған олар емес. Екінші дүниежүзілік соғыс (бірінші дүниежүзілік сияқты) имперализмнен туылды. Ол 1939 жылы күзде екі импералистік держава тобының қарулы күресінен басталды. Оның бастамалары Герман, Италия және Жапония үш импералистік милитаристік фашистік державалар болды. Германия және оның Европалық одақтастары 1941 жылы кеңес жеріне басып кіргеннен кейін соғысқа кеңес үкіметі тартылып қалды. Кеңес үкіметінің Ұлы Отан Соғысы басталды - әділдік, азаттық соғыс. Соғыс майданның бір жағында фашистік агрессорлық блокқа қарсы КСРО-мен бірге Ұлыбритания, АҚШ және бірнеше басқа мемлекеттер болды. Олардың жеңіске деген аманаты бірдей болмады. Фашистік Германияны талқылауда басты рольді кеңес үкіметі ойнады. Екінші дүниежүзілік соғыстың ірі және қатыгез күресінің аяқталу шешімі Кеңе-Герман майданында болды. Дәл осы жерде Германның ірі әскери группироваклары талқандалды. Дәл осы жерде агрессор тірі күшпен техниканың басты жоғалтуларын сезінді. әлемдегі бірінші социалистік мемлекет Герман импералистіу тарихтағы агрессивті әскери машинаны тоқтата алатын күшке ие болды. Оны артқа шегінуге мәжбүрлей алатын мемлекет болды.
Үш жыл өткен соң 1944 жылы маусымда АҚШ және Ұлыбритания Батыс Европада әрең дегенде екінші майданды ашты. Олар Герман әскерлерімен күресте белсенді қатыса бастады. Бірақта басты болып Кеңес-Герман майданы қала берді. Әскерлердің тағдыры сонда шешілді.
Кеңес әскерлері соғыста түбегейлі өзгерістер жасады, КСРО Герман фашизмінің талқандалуына аманат енгізді, оның Европадағы соғыстан кейінгі әлемдік реттеу мәселесіндегі шешімін қабылдауда Кеңес үкіметі оның ролін анықтады, соның бірі 1945 жылы ақпанда болған КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының Қырымдағы – Ялтадағы конференциясы.
«Үлкен үштіктің» Қырымдағы конференциядан басқа Тегеранда 1943 жылдың аяғында және Берлинде (Потсдам) 1945 жылы жазда үш одақтық держава басшыларының кездесуі өтті.
Тегеран конференциясындағы АҚШ және Ұлыбританияның Европадағы екінші фронт ашу, соғысты тез арада аяқтау басты мәселелер болды. Сонымен қоса соғыстан кейінгі әлемді реттеу мәселесі де қарастырылды. Тегеран конференциясының басты шешімінің бірі Ағылшын, Американ әскерлерін 1944 жылы көктемде Франциядан шығару туралы шешім болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | ҚЫЛМЫСҚА БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМНІҢ БОЛАШАҚ ӨМІРІНІҢ БЕЙНЕСІ

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.
Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған.
Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).
Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады.
Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу пәні: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.
Зерттеу объектісі: Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы.
Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.
Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр.Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ұлттық банк жүйесі

Кіріспе.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Сәкен Майғазиаев Қордабайұлы (1975 жылы 1 қаңтар)

Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.

2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әзиз Бейшеналиев Болотұлы (1971 жылы 15 наурыз)

Бейшеналиев Әзиз Болотұлы - актер.
1971 жылы 15-наурызда Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек, Қырғыстан) дүниеге келген.
1989-1992 ж.ж. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетінде, қытай филологиясы кафедрасында оқыған.
1996 жылы М. Горький атындағы Ташкент мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанынан құрылған Островский атындағы Ташкент көркем-театр институтының Мектеп-студиясын тәмамдаған (В. Вержбицкий мен В. Шапиро дәрісі бойынша).
В 1994–1997 ж.ж. «Лик» Ташкент заманауи хореографиясы театрында (Лилия Севастьянова жетекшілігімен) қызмет атқарған.
Шетелдік кинодағы рөлдері:
2015 Ищейка (Ресей,аяқталмаған) - Ким
2014 Ерлер демалысы / Мужские каникулы (кіші хикая, Ресей) - Рашид
2014 Бывших не бывает (кіші хикая, Ресей) - Улутбек Гафуров (Бек)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Алдияр Жұмажанов

Мобильді ойындар продюсері. «Ұлы Сұлтан», «Түс шеберлері» секілді ойындарды ойлап тапқан. Қазіргі уақытта ежелгі қазақ елі туралы «Ұлы хан» атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын әзірлеу үстінде.

Қытай, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қытайдың Xiamen қаласында тұрады, Mechanist Games компаниясында еңбек етеді. Жасы 26-да.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0