Курстық жұмыс: Саясаттану | Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны

Әйел-Ана. Осы бір құлаққа жағымды естілер сөздердің аясына дүние ғаламдағы ең жақсы, ең әдемі ұғым сипап тұрғандай. Себебі - әйел тішілікің тұтқасы, айнасы, ана өмірді өз қолымен жасап, өзі қорғап, қоршап отыр. Кез – келген қоғамда әйел-ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Соның бір болмыс -нышанын өз алдына іргелі мемлекет болып отырған біздің елімізден де көруге, байқауға болады.
Әйелдің қоғамдағы орнына келер болсақ, ол өз алды әңгіме. Жасыратыны жоқ, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орыны туралы әңгіме қозғалса біз әлі де алдымен олардың жұмысбастылығы, білімі, оларға қатысты басқа да деректерді тілге тиек етіп жатамыз.
Қазақ әйелдерінің қоғамдық -саяси ортадан аз көрінуі қазақтың ежелден сақталып келе жатқан патриархаттық менталитетіне байланысты болуы мүмкін. Жекелеген тұлғалар болмаса, қазақ халқы қоғамдағы әйел рөлін негізінен отбасының ұйтқысы алыптар мен данышпандарды дүниеге әкеліп, тәрбие беру үшін ана ретінде елестетеді. Бұрынғы мәселені найзаның ұшымен шешетін заман үшін бұл кешірімді.
Берідегі әйелдер “теңдік” алған кездің өзінде шектен тыс саясаттандырылған қоғамда “әйелдің тең құқылығын” көрсету үшін аса бір жауапкершілік жүктелмейтін, мемлекеттік “қайраткерлікпен” ғана шектелетін ұсақ –түйек билік беріп, көз алдаушылық жасалғаны белгілі, Қазақ әйелдері, өздерін үлкен қоғамдық-саяси күш ретінде сезініп, мемлекеттік билікке ұмтылатындай саяси қондырғы да, ахуал да болған жоқ. Міне, сондықтанда қазақ әйелдері арасында Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін елге билеуге лайық тұлғалар болғанымен жеме –жемге келгенде “байтал шауып бәйге алмастың” деңгейінде қалып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН АҚША КРЕДИТ САЯСАТЫ

Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украин, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловежск келісімі) Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресүрстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін Іпығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында Кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады. Оны енгізу жылдам әрі бар болғаны бес күн ішінде жүрді. Сөйтіп Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге"
Ұлттық ақша бірлігі болып, сод жылдың 13-желтоқсанда қабылданған
"Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді од, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. Ал ұлттық валютамыз енгізілген күн қаржыгерлер мерекесі ретінде аталып жүр.
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңғелер жасалды: алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңғе (күмістен жасалған) қүндарына сөикес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
Теңге алғаінында Үлыбританиялық «Харрисон және оның үлдары» атты банкноттар шығаратын фабрикада басылып шықты.
Ендігі кезекте ұлттық валютаның құнын үстап түру, қүнсызданудың алдын аду, оны нығайту мәселелері күн тәртібінде ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Жасыл жағалау)

Жағалау. Жұлдыз сезім туды ойымда.
Үн қатпай маужырайды гүл, мойыл да.
Үп еткен самал соқпай, жапырақтар
Тып-тыныш ұйықтап жатыр су бойында.
Шығамын жағалауға салқын демей,
Әр түрлі әсер етер әр түндегі ой.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Тінтудің түсінігі

КІРІСПЕ
Қазақстан елінің ілгері дамуы заңдылықтың түбегейлі бекітілуімен, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толық деңгейде қамтамасыз етілуімен құқық қорғау органдарының тиімді қызмет етуін және соттың демократияға бағытталған арнайы шараларды жүзеге асыруымен тығыз байланысты болып келеді.
Оған Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған "Қазақстан Республикасының Конституциясы" және сот прокуратура алдын ала тергеу, анықтама органдарының әділдігін реттейтін заң актілері мысал бола алады.
Әр құқық саласының заңдары Конституцияға сәйкес келіп және біріншіден адам және азамат құқықтарын бұзбайтын негізде қүрылуға тиісті.
Бұл қағиданы криминалистика құқық саласы да сақтауда. Әр тергеу әрекетін, жүргізбес бұрын тергеуші өзінің жасайтын ісінің заңға және Конституциясымен көзделген жоғарыда айтылған қағидаға сәйкес келетіндігіне көз жеткізуі ретті. Бұл тергеу әрекеттерінің ішінде, тінту де маңызды орын алады. Кейбір қылмыстық істер категориялары, нағыз осы тергеу әрекетін қажет етіп ашылуы жасалған тінтудің нәтижесіне байланысты болуы мәлім.
Тінту Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 230-234 баптарында көзделген жөне тергеушінің жүргізетін бірінші тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады. Мақсаты болып қылмысқа маңызы бар дәлелдемелерді, ұрланған қүнды заттарды, құжаттарды, бұрын іздеуде жүрген қылмыскерлерді және мәйітті табу болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Қорлық, жәбір, жапа

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.

Жатқан жапа көреді,
Жүрген опа көреді.

Әуелі жапа көрмей, опа болмас.

Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.

Өтпес жарлық — бойға қорлық.

Жабағы тайды қорлама
Жазға шықса, ат болар,
Жас жігітті қорлама
Жұртына ертең бас болар.

Отың жанбаса — қорлық,
Құсың алмаса — қорлық.
Мақал-мәтелдер
Толық
1 0

Курсовая работа: Экзема

Введение
Собаководство – отрасль животноводства, которая предусматривает разведение собак культурных пород для использования в различных отраслях народного хозяйства, спорте, армии. Ни одно домашнее животное не используется так всесторонне, как собака. Замечательные чутье и слух, выносливость, быстрота, своеобразный «ум», преданность, самоотверженное служение человеку – качества, присущие собаке. Поэтому неудивительно, что все больше людей, решая кого из животных из животных завести, останавливают свой выбор именно на собаке. Естественно, что перед владельцем сразу возникают проблемы правильного кормления, ухода и оказания необходимой лечебной помощи.
Среди распространенных заболеваний у собак особые хлопоты доставляют кожные. Вследствие того, что кожа анатомически и рефлекторно связана с внутренними органами, ее функциональное состояние и внешний вид являются как бы зеркальным отражением состояния внутренних органов и систем. Кожа, нередко первая, сигнализирует о возникшей патологии в них.
Здоровая и больная кожа может существенно влиять на общее состояние организма, функции нервной системы, эндокринных желез и внутренних органов. Хронические заболевания, снижающие антитоксическую функцию печени, гастриты, энтериты, болезни почек, способствуют ослаблению защитных свойств кожи. Что может сопровождаться появлением дерматитов, развитием стойких экзем.
2.0 Обзор литературы.
2.1.Экзема.
Экзема – заболевание поверхностных слоев кожи воспалительного характера, сопровождающееся полиморфизмом первичных и вторичных сыпей и склонностью к рецидивам. Экзема происходит от греческого слова, означающего “вскипать”, что подчеркивает появление на коже пузырьков, как на поверхности закипающей воды. Ею наиболее часто болеют собаки, затем лошади, кошки и рогатый скот.
Различают острую, под острую и хроническую экземы, та и другая может быть ограниченной и диффузной. Каждая из них может протекать в виде мокнущей экземы. Хроническая экзема чаще всего бывает сухой. Различают рефлекторную, невропатическую, околораневую, или паратравматическую, экземы.
2.2 Этиология и патогенез......
Сборник курсовых работ [бесплатно]
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Унтер Пришибеев


— Унтер офицер Пришибеев! Сіз осы қыркүйектің үші күні урядник Жигин, болыс старшыны Аляпов, сотский Ефримов, куәлар Иванов пен Гаврилов және тағы да алты шаруаға тіл тигізіп, қол жұмсағандығыңыз үшін айыпталып отырсыз, сонымен бірге әуелгі үшеуін қызмет бабымен жүрген кездерінде жәбірлепсіз. Айыбыңызды мойындайсыз ба?

Тікірейген бет бітімі тыжырына қалған унтер Пришибеев, екі қолын санына сыптай ғып алды да, тап бір команда беріп тұрғандай, әрбір сөзін тәптіштей сөйлеп, қарлығып, қырылдаған дауыспен жауап қайырды:

— Асыл текті, бітімші судья мырзам! Олай болса, күллі заң тармағы бойынша әр жағдайды ортақтастыра отырып сыннан өткізу себебі кеп туады. Айыпты мен емес, өзгелер өңкей. Осы істің бәрі әлгі, иманды болғыр, өлі мәйіттің қырсығынан белең алып отыр. Қыркүйектің үші күні әйелім Анфисамен бірге жақсы ниетпен, жай ғана аяңдап келе жатып, қарасам - жағада қырық ру жұрт топырласып тұр екен. Бұл араға жұрттың топырлап жиналуға қандай қақысы бар деп сұрадым. Себеп? Жұрт сонша бір үйір-үйірімен жүрсін деп қай заңда айтылған екен? Тарқаңдар деп ақырдым. Үйді-үйіне тарқасын дедім де, жұртты итермелеп, желкелеп тұрып қуала деп сотскийге бұйрық бердім...

— Мұрсат етіңіз, сіз өзіңіз урядник те, староста да емессіз ғой, — олай болса, жұртты қуалау сіздің жұмысыңыз ба еді? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Өрт


(Әңгіме)

Бұлардың жазғы демалысқа шыққандарына біршама уақыт өтті. Жаз бойы шаруашылықтың біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстарының бірі қой қырқу да аяқталды. Аман қой жықты, бұл қой қырықты. Енді бірер күннен соң, шөп шабу басталмақ. Бұлар соны күтіп жүр.

– Биыл қар кеткеннен кейін тамшы тамбай қойды емес пе? шөптің шығымы нашар көрінеді, – деді Аман, – әйтпегенде ендігі... Оның сөзін қастарына келіп тоқтай қалған жүк машинасынан әлдекімнің: «Кәне, мініңдер машинаға! Өрт жанып жатса, бұлар көшеде сандалып жүр», – деген үні бөлген. Бұлар қорапқа мінген сәтте-ақ машина жүйтки жөнелді. Көп ұзамай өрт жанып жатқан жерге де келіп жетті. Тұтаса жанған өрт бірталай адырларды, жазық алқапты, шоқ-шоқ болып өскен терек-талдарды отты тілімен жалап, жалмап жіберген екен. Енді Қопалыға қарай ырғып, ыршып беттеп барады. Ал Қопалы бір кезде «Көпшілік» атанған колхоздың қазірде бұлар тұратын бөлімшенің шабындық алқабы.Ол өртенсе... Қырдың селеуі мен қылтанағын қырудан басқа амал жоғын бұлар бала болса да жақсы біледі.

– Ал, кәне, түсіп, ана өртті сөндіріңдер! Бұлар өздеріне әмір беріп тұрған адамға аңтарыла қараған.

– Немен өшіреміз? – деп сұрады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақшаның ролі

Кіріспе
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi“ деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрiнедi:
Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.
Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0