Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Батыс еліндеріндегі әлуметтік жұмыстың формалары

Кіріспе
Жұмыстың мақсатымен міндеті: Батыс еліндеріндегі әлуметтік жұмыстың формаларының әртүрлілігі мен әдістерін қарастыру, осы аумақ бойынша әлеуметтік практикалық және теориялық аспектілерді шығарып алу, әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесімен танысу. Жоғары дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, Белоруссиядағы жұмысының мүмкінәдістерін талдау.
Біз әлеуметтік жұмысты халықтың әлеуметтік саналылығына қызмет ететін мамандықпен байланыстырамыз, әлеуметтік жұмыс сферасының жылдан жылға кеңеюде, дегенмен, бүгіннің өзінде әлеуметтік жұмыскердің қызметі әр түрлі орындарды қамтыуда- үкіметтік денсаулықтау ұйымдары, мектепттері, денсаулық сақтау орталықтары, отбасын және баланы қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес және өндіріс түзету орталықтары. Әлеуметтік қызметкер нәсіліне, этникалық тобына, әлеуметтік – экономикалық деңгейіне, дініне байланыссыз кішкентай баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға өз қызметін ұсынады.
Әлеуметтік қызмет көрсетілетін клиенттер тобына төмендегі топтарды жатқызуға болады:
• Бір ата-анасы бар от басы, мұндай отбасында болатын шиелініс
үлгере алмауы сияқты мәселелер тундайды.
● Балаға байланысты мәселелер жиі туындайтын отбасылар.
● Ата- ана арасындағы шиелініс.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚР-ғы ипотекалық несие саясаты

КІРІСПЕ.
Ипотекалық несиелеу - жылжымайтын мүлікке бейімделген ең маңызды механизм. Жылжымайтын мүліктің құнына және сатып алушылардың ағымдық табыстарының деңгейі арасындағы қайшылыққа келеді. Осы жағдайда сатып алушылардың ағымдық табысы арқылы сатып ала алмайды. Ипотекалық несиелеудің жүйесі неғұрлым дамыған болса, онда жылжымайтын мүліктің нарықтық айналымы табысты болады.
Ипотека - алдамшы жай құрал: несие беруші несие береді, жеке меншік мүлігі бар қарыз алушы. Ипотекалық нарық сол елдің экономикалық жағдайын көрсетеді. Мысалы; ипотека мына жағдайларды куәландырады:
1) валютаның тұрақтылығын, ол тек қана айырбастау құнын ғана емес, тары да валюталық құнын сақтайды.
2) жеке меншіктін құндылықтарының ағымдық ақша бірлігіне және болашақтағы сұраныс меншігіне болжау жасайды. Ипотека басқа несиелік формасында, ол қарыз алушының болашаққа көз қарасын білдіреді. Осы курстық жүмыста қазіргі уақыттағы Қазақстандық нарықтағы ипотекалық несиелеудің ағымдық құндылықтарын және оның болашақта алатын орны көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Большевиктер)

Большевиктер!
О, менің тарландарым!
Менің асқақ, айбынды армандарым,
Ақылымен қамалды алғандарым,
Адамзаттың ары үшін, теңдігі үшін
Ажалға да алапат барғандарым.
Оттығында паровоз жанғандарым, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері

Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз ілгері даму үстінде. Әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел көршілес Еуропа, Батыс елдерінен анағұрлым артта қалуда.
“Қазақстан банк жүйесі туралы”жазған курс жұмысымда негізгі төрт бөлімді қарастырдым.
Бірінші бөлімде Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері, яғни бұл жерде банк жүйесі деген не, оның құрылымы және ерекшеліктері туралы жазылған.
Екінші бөлімде 1930 – 32 ж. несие реформасы, бұл жерде несие реформасының жүргізілу себептері, мақсаты, алғы шарттары жазылған.
Үшінші бөлімде түбегейлі банк реформасы – мүнда банктік реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде банктердің құрылуы. Банк жүйесін қайта құрудан кейін әртүрлі маманданған банктер арасында туындаған әр түрлі қайшылықтар, кемшіліктері, сәтсіздіктер туралы жазылған.
Төртінші бөлімде қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі – бұл тарауда Қазақстанда құрылған екінші деңгейлі банктердің құрылуы туралы мәліметтер.
Курс жұмысын жазуды бастамас бұрын жалпы банк жүйесі деген не, оның құрылымы, ерекшеліктері туралы жазып өтейін.
Әр түрлі банктердің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылық пен банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктерімен сипатталады.
Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ “банк” деген мәртебесі жоқ элементтер кіреді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы қолма қолсыз ақша айналысы

Тауарлы-ақшалай қарым-қатынастар кезінде сату-сатып алу және қызмет көрсету барысында, сондай-ақ әртүрлі шағымдар мен міндеттемелерді қанағаттандыруда, әрі ақша құралдарын бөлуде және қайта бөлуде ақшалай есеп айырысу туындайды.
Мұндайда ақшалай есеп айырысудың (80-90%) негізгі бөлігін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құрайды. Ол қолма-қол ақшаны тікелей пайдаланбастан, яғни несие мекемелерінің есепшоттары бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың арасында тығыз және өзара байланыс бар: ақшалар қолма-қол ақша белгілерінің нысанынан банктегі депозитке және одан керісінше бір-біріне ұдайы ауысып отырады.
30-жылдардан бастап 1993 жылға дейін біздің еліміздегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі тек шығыс шығаруға арналған шаруашылық ету механизміне бейімделіп және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл тәсілдеріне сай келген еді. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі негізінен өнім жеткізушінің өзінің жоспарлы тапсырмаларын орындау мен өнімдерді жеткізуге ғана негізделген болатын.
Экономикада нарықтық қатынастардың дамуы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесінің негіздерін және олардың ұйымдастырылу қағидаларын түбегейлі түрде өзгертуді талап етті.
Менің курстық жұмысым Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қазіргі жүйесінің қызметіне арналған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Таныңдар)

Қара, бүгін далаға,
Қара бүгін жер қандай?
Кешегі күн тулақ па?
Жерлеріңді таныңдар.
Қара, бүгін далаға,
Қара, бүгін ел қандай?
Кешегі бай кулак па?
Ерлеріңді таныңдар.
Қара бүгін далаға,
Қара, бүгін ер қандай?
Кешегі құл тымақ па?
Ерлеріңді таныңдар. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұштасқан үш тілек)


Еркі желдің еркінде,
Ел емес едім, ебелек.
Өткен күнде белгі жоқ,
Айтып - айтпай не керек.
Ебелек болсаң күн қайда
Еркіңше көктеп, гүлдемек?
Арынды дауыл асқақтап,
Көтерілмек, гулемек.
Қарысар қайрат қайда бар,
Ебелек бірге шүу демек. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Төлем айналымы және ақша-несие саясаты

Кіріспе
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0