Курстық жұмыс: Информатика | Кадрларды іріктеу проблемасының тарихи аспектісі

Кез келген ұжымдағы кадрлар таңдау бөлімшесінің және сол ұжым басқарушыларының жұмысы – қызметкерлерді іздеумен, іріктеумен әрқашан байланысты болады. Кадрларды іріктеу – бұл басқару ісіндегі негізгі функцияларының бірі болып табылады. Себебі адамдар ұжымдағы бар ресурстарынын қомақты түрде пайдаланып қана қоймай, оның экономикалық көрсеткіштеріне және бәсекелестікке тікелей әсер етеді.
Қызметкерлер кез келен ұжымның негізгі қозғаушы күші болып табылады. Көп жағдайда басқарушы – қаржылық, өнім шығару, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету немесе дайын өнім сату мәселелеріне басты назар аударады, ал осы жұмыстарды жасайтын адамдарға көңіл бөлмейді.
Кадрларды іріктеу кезіндегі кеткен қателіктер, әсіресе басқарушы орынға кадрларды таңдағанда, бүкіл ұжымға ғана зиянын келтіріп қоймай, сонымен қатар жұмыс іздеуші мамандарға да кері әсерін тигізеді.
Бір жағынан, жаңа кадрларды іріктеген кездегі жұмысының дұрыс жүргізілмеуі нәтижесінде болатын – кәсіпорындағы апат, бұрыс шешімдер, ақаулар - шығының тек бір бөлігін ғана қамтыса, ал екінші жағынан іріктеу кезіндегі кадлар бөлімшесінің жұмыстарының дұрыс ұйымдастырмауы нәтижесінде – нағыз профессионалды мамандардың іріктеуден бір, екі, үш рет өтпей (қайта өзінің квалификациясы және басқа да көрсеткіштері таңдап алынған жұмыскердің көрсеткіштерінен асып жатса да), өз күшіне деген бар үмітін жоғалтып, содан барып олар өзінде бар профессионалдық іскерлігіне төмен баға беріп, төмен ақысы төленетін жұмысқа орналасады, сонымен қатар өзінде бар профессионалды қасиетін төмендетуге мәжбүр болып қалады.
Мұның бәрі біздің еліміздегі білім алу деңгейі мен кәсіби даярлауына және көптеген жұмысы жоқ мамандардың ахуалына кері әсерін тигізеді.
Барлық деңгейдегі басқарушылар кадрларды дұрыс іздеу мен іріктеудің маңыздылығын түсіне білу керек және бұл әрекетерде қолданатын технологияларын түсініп қана қоймай, оны дамытып, өрбітіп жаңартып отыру керек.
Адам ресурстарының сапалығы, олардың осы ұйымның мақсатқа жетуіндегі және өндірілетін өнімнің сапалы болуындағы немесе қызмет көрсетуіндегі үлесі - персоналды іріктеу жұмысының дұрыс, тиянақты жүргізілуіне тікелей байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Әзірбайжан Республикасы

Кіріспе
Әзербайжан - Кавказ сыртының Оңтүстік – Шығыс бөлігін алып жатқан тәуелсіз мемлекет. Ол Кавказ елдері арасында жерінің ауданы мен халқы саны жөнінен жетекші орында.Солтүстігінде Ресей Федеративімен батысында Грузия мен, оңтүстік – батысында Армениямен және Туркиямен, ал, оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Елдің әкімшілік шекаралары табиға шектерге (үлкен кавказ және кіші Кавказ таулары), сәйкес келеді. Әзербайжан жері шығысында Каспий теңізі суларымен шайылып жатыр, сол себепті Түркіменстан мен және Қазақстан мен теңіздік шекаралары бар. Осы аталғандар негізінде елдің географиялық орнын экономикалық және геосаяси тұрғыдан қолайлы болып бағалануда.
Мемлекеттің ресми аталуы - Әзірбайжан Республикасы. Территориясы – 86,6 мың км2. Тұрғындары – 8,14 млн. адам. Астанасы – Баку қаласы (1,8 млн. тұрғын).
Мемлекеттік құрылысы. Әзірбайжан – унитарлық демократиялық мемлекет, президенттік республика. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – парламент (мини мәжіліс – ұлттық шақырылым), ол палатадан тұрады, онда 125 тағайындалушы бес жылға депутаттыққа сайланады. Орындаушы билікті ел президенті сайлайтын және мини мәжіліспен бектілетін билікпен жүзеге асырылады «министрлер Кабинеті). Билік басшысы – премьер-министр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорының инвестициялық портфелін таладау

Қазiргi кезде инвестициялық стратегияны негiзiнде шет ел инвестициясын тарту бағытында дамыту керек. Оны экономикалық кризистiң алдын-алу мақсатында қолдану керек. Осыған байланысты халық шаруашылығының қажеттiлiктерiн: толығымен, салалар және аймақтар бойынша қаржыландыру көздерiн ескере отырып, инвестицияны тиiмдi пайдаланудың кiлтi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жолдауына сай – экономикаға экономикалық өсудi қамтамасыз ету бәрi осы инвестицияға байланысты.
Осы алда тұрған мәселенi қарастыру өте қажеттiлiктi тудырады, ең алдымен оның iшiндегi инвестиция тартудағы мемлекеттiң рөлi. Елiмiздiң Президентi қарастырғандай соңғы 3 жыл экономикадағы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, монетарлық және несиелiк саясатты жүргiзу және бюджет дефицитiн қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан соңғы жылдар нақты экономиканы сауықтыруына, әлеуметтiк саясатты қамтамасыз етуге жiберiлу керек.
Сонымен қатар, ең керектi мәселе болып шетел инвесторларын қорғау табылады. Қазiргi кезде келесiдей экономика секторлары бар: табиғи ресурстарды қарастыру, инфраструктура, ақпарат және коммуникация, бұлардың бәрi елiмiзде негiзгi рөлдi атқарады. Бұл салаларды дамыту экономикаға ғана әсер етiп қоймай, әлеуметтiк жағдайды қалыптастырады. Бұл капитал сыйымды салаларға шетел инвестициясын тартып қана қоймай және оған мемлекеттiк қадағалау керек.
Мiне сондықтан бiздiң экономикамыздың өсуiне көмегiн тигiзетiн қаржыландыру көзi – инвестиция болғандықтан, мен оны курстық жұмыс барысында, сол инвестиция жайлы мәлiметтердiң бәрiн, оның экономикадағы әсерi туралы жайды қарастыруға тырысамын.

Ол өз алдында әлемдік экономикаға аяқ басудың алғы шарты еді. ҚР-дың Президенті Қазақстан Республикасының халқына жолдауында қоғамды дамытудың негізгі бағыты экономикалық өсуді бөліп көрсеті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер

І. тарау. Жер ресурстары туралы түсінік
Табиғи ландшафттың компоненттерінің күрделі кешенін өз құрамына енгізетін жер ресурстары ауыл шаруашылық деп, ауыл шаруашылық егу, жабайы өсімдіктерді орып алу және мал шаруашылықта пайдаланатын климаттың, жер бедерінің және топырақтың ерекше үйлесімін түсініеміз. Оларға барлық жерде кездесетін маңызды табиғи байлықтар жатады.
Ф.Н.Реймерс бойынша «жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер ресурстары; б) барлық ауыл шаруашылыққа жарамды жерлер; в) аумақтық (территориялық ) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы тікелей және жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және айқын байқалады. Себебі жер бедері пішіндердің, климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын «топырақ–климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар бойынша дұрыс емес деп есептейді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі

Кіріспе
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдау-ларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, эконо¬миканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелес¬тіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Мемлекет басшысы бұрнағы жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.
....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы ақша нарығы

Адамзат тарихының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп нарықты тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қана қоймай, бүкіл тауарлар дүниесін ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды.
Ақша нарықтық экономикада ақша–несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесіне туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі, әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативиік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуге төлем қабілеті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамға ежелден таныс. Бірақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмірдегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұраққа қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметін, маңызын жан-жақты ашып жауап берді.
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0