Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция оның Қазақстандағы себебі мен салдары

Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол даадам тәрізді:қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады.Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі.Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады.Осы жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс,қашан пайда болған?.." деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда ьолды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты депсаналады.
"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің") қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лыққа толып кетуі,олардың құнсыздануы жане соның натижесі ретінде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Ұзақ уаұыт бойы инфляцмяны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының осуі тұрғысында түсіндіріліп келеді.Әлі де бірқатар шетелдік авторларинфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды.Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды.Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес,сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну,сұраным мен ұсыным,мемлекеттің кірістері мен шығыстары,айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Өлең дәні)

Хал қалай, ақын қауым?
Бірде араз, бірде балдай тату қауым?
Қыл көпір үстінде де қиянатты
Қиындау болатұғын мақұлдауың.
Шығармай келгенде де үнін шындық,
Шындық деп шырылдаумен ғұмыр сүрдік......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанды асырау)

Жаңармау деген ауру,
Жаңалау жанның тілегі.
Соңырқау қанның жүрегі,
Жапырақсыз ағаш қу емен.
Айбар қылып «арам» мен,
«Адал» менен алдалау,
Азаттық емес, жан қамау,
Адамдыққа несі тең.
Біреуді біреу сүю бар,
Ол - от, ол - күн, ол - көңіл......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері

КІРІСПЕ
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.
Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде ойыны

Сабақтың мақсаты: Балалардың доппен жаттығу жасау іскерлігін (домалату, лактыру, ұстау, баспен итеру, доппен массаж жасау) дамытып, ата-аналарға балалармен бірлесіп шынығудың, жұмыс жасауына ықпал ету және жұптық гимнастиканың тиімділігін арттырып, бір-біріне қамқорлықпен қарауына тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: Фитболгимнастика.
Қостілдік құрауыш: доп-мяч.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Экономиканы мемлекеттік реттеудегі субсидиялар

Кіріспе
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға озгертпей кошіріп алу емес. Бүл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:
1) республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық әлеуметтік-демографиялық этномәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;
2) қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік-жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ;
3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі озгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және "революциялық" көрініс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму "нәтижесі" болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжрибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы зандылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бул Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін "түйістіруге" мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мүндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып,реформаларды дүрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Активті қорғаныс

Теориялық мәліметтер
Активті қорғаныс компьютер құрамында және сырттай қолданылатын себепті ішкі және сыртқы болып екі топқа бөлінеді. Активті қорғаныс құралдары дегеніміз айрықша жағдайлардан қорғайтын құралдар: қате пароль енгізілген, программаны орындалуға жібергенде көрсетілген уақыт сәйкес келмесе, нмесе тағы басқа ұқсас себептер. Нақты мәліметті рұқсатсыз алуға талпынған жағдайлар қорғаныс ретінде қорғаныс кілттерінің іске қосылыуына өзі сепебкер болады.

АКТИВТІ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ІШКІ ҚҰРАЛДАРЫ
Ішкі құралдардың айырықшалыға олар хакерлерге беймәлім, және қажет болғанда программаға блокировка жасайды, немесе оны жояды. Қорғаныс кілттері кез-келген рұқсатсыз әрекетте программаға блокирвка қоятындай етіп құрастырылады. Олар негізінде уақыт сәйкестігіне, немесе рұқсат етілген ресурстар тізіміне сезіматал болады. Бұл әдіс көбінесе мерзімді пайдалану уақыты және ресурстары анықталып тұратын жалға алынған лицензиялық программалар үшін қолданылады. Авторлық пайдалану құқығын мерзімді тексеріп отрыу нақты ақпаратты пайдалануға шектеу салуға көмектеседі.
Бақылауды белгілеу терминалды пайдаланған кездерде программаның түпнұсқа екенін жүйелік тіркеу журналында тұжырымдап отырудан басталуы керек. Әрқашан программа құрамындағы қорғаныс құралдарының өзгеріссіз болғанын не жойылып кетпегенін тексеріп тұру керек.
Прграмманың бұрмалануының салдарынан функциясы өзгеріп, тіпті кейде жадырыны жойып жіберуі мүмкін. Вирустық программалар программаны біртіндеп күйретеді.

АКТИВТІ ҚОРҒАНЫСТЫҢ СЫРДҚЫ ҚҰРАЛДАРЫ
Әртүрлі жағдайларда іске қосылатын қауіптілік сигналдары қорғаныс құралдарын әрекетке келтіреді, олар хакерге кейде белгілі, кейде білгісіз болуы мүмкін. Бұл қорғаныс құралдары көп себептерге байланысты активтенеді. Сонымен қатар, бұндай қорғаныстар програманың атын не иемденушінің атын паспаға шығаратын сыртқы кілтті сөздерді пайдалануы мүмкін. Бұл әдіс аса қарақшылықтан қорғамайды, бірақ артық көшірмесін алуға жол бермей, программаны сатып алушылардың санын көбейтуі мүмкін. Әсіресе көшірмесін алған кезде тосқауыл болып, операцияның дұрыстығын тексеруге көмектеседі.
Этикетканы немесе басқа программа құрамындағы қорғалған учаскілерін баспаға жіберу тек қана кілтті сөздер бар болған жағдайда іске қосылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі векторлардың координаталары мен ұзындығы (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі векторлардың координаталары мен ұзындығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 0.4.12 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
Сабақ мақсаттары: Оқушыларда кеңістіктегі векторлардың коордианатасын және ұзындығын есептеу дағдысын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0