Дипломдық жұмыс: Экономика | Жергiлiктi бюджеттiң қазынашылық процестерiн жетiлдiру жолдары

КIРIСПЕ
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады . Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мажбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мүндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, түтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жагдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді.
Мемлекеттiк бюджет – ол өте күрделi механизм болып саналады. Бюджет деп- мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруға арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзгеде кiрiс көздерiнiң және түсiмдерiнiң есебiнен құрылатын орталықтандырылған қаржы бөлiгiн айтады. Қысқаша айтқанда мемлекеттiк бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша құрылған және мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры. Жалпы алғанда мемлекеттiк бюджет бұл ақша түрiнде қоғамдық өнiмнiң бөлiнуiн және оның экономика салаларымен халықты қамтамасыз ету үшiн қолданылатын ақша бөлiгi. Қоғамызда мемлекет бюджет республикалық және жергiлiктi бюджет болып бөлiнедi.
Жергiлiктi бюджет – облыстық, қалалық әкiмшiлiктен тұрады. Ал республикалық бюджет мұнда негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылады және Қазақстан Республика Үкiметiнен парламентiнiң актiлерiнен жүктелген мiндеттердi атқаруға бөлiнген және жалпы бағдарды, шараларды қамтамасыз ету үшiн арнайы орталықтандырылған түрде ақша қоырының бөлiнуi жатады. Бұл далпы iшкi өнiмнiң өзгеруiне байланысты өзгеретiндiгi. Яғни мемлекеттiмiз бойынша жалпы iшкi өнiм өскен сайын мемлекеттiк бюджеттiң де артатындығы.
Тақырыптың өзектiлiгi: қазiргi кезде мемлекеттiк бюджеттiң керектiгiн мынадан көруге болады. Өнiм өндiру үшiн орталықтандырылған ресурстарының құрылуы тиiс және сол арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс атқарулары керек. Мемлекетке орталықтандырылған түрде қаржының керектiгi және сол арқылы халыққа қызмет көрсету, әлеуметтiк мәдени жұмыстарды жүргiзу, қоғанысты күшейту бiлiм саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау мәдениет пен өнердi дамыту, ақпарат көздерiн және оның сапалылығын арттыру болып табылады. Яғни халықтың тұрмыстық әл-ауқатының артқы мемлекеттiк бюджетке тiкелей байланысты, яғни оның атқаратын рөлi өте жоғары.
Жұмыстың мақсаты бюджет туралы түсiнiкке тоқталып деректер менен сандар бойынша оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдеу болып табылады. Ол үшiн мынадай мiндеттемелер алға қойылып тұр:
• мемлекеттiк бюджет туралы түсiнiк
• мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық маңызын белгiлеу
• бюдет принциптерiне сипаттама беру
• бюджеттiң атқарылу тәртiбiн анықтау
• бюджеттiң қазынашылық ролiн сипаттау
• Қызылорда облысының бюджеттiк кiрiстер мен шығыстар материалдары бойынша талдау жүргiзу
• Бюджеттiң орындалу жөнiнде ұсыныстар мен дамыту жолдарын ұсыну
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

Кіріспе
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлеледі теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» -(1662 ж.), Д. Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А. Смит «Халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс «Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.) . «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде тек өз экономикасын құрып қана қоймай, жалпы экономикада өз мүмкіндіктерін кең ауқымды пайдаланып, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретін, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықты.
Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон.
Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы секторларымыз салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы керек ».
Сондықтан, диплом жұмысының мақсаты қаржы секторларын талдау және дамыту болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке адамның дамуы

1.1. Жеке адамның қалаыптасуында эмоция мен ерік байланысу әсері
Ғылыми камунизмнің негізін қалаушылыр адамның қоғамдық мәнін көрсетіп береді. « Индивид дегеніміз,- деп жазды,- К. Маркс қоғамдық «тіршілік иесі». Адам әлеументтік мәні оның материалдық және рухани өмірінен көрінеді. Басқа адамдардан оңаша жүрген болса ол, табиғаттың құлы болудан оның әміршісі болу дәрегесіне жете алмас еді. Тек қоғамдық қызмет қана адамдарды тіршілік құралымен қамтамасыз етті, олардың табиғатпен күресінде күшін еселей арттырды. Сонымен әлеументтік орта, еңбектегі өзара қарым- қатынас психиканың қалаырптасып, дамуының, адамға ғана тән қасиет – сананың пайда болуының шешуші факторына айналады.
Өмірдің және адамдардың өзара қарым- қатынасының тарихи жағдайлар адамдарды ұлт, мемлекет, тап, пратия және басқада қауымдықтарға бірігуге әкелді. Олар адамдардың қалаулары бойынша емес, обьективті заңдардың әсері нәтижесінде құрылды. Әрбір қауымдықтың белгілі бір психологиялық ерекшелігі бар. Марксизм ең алдымен әр түрлі таптар психологиясының өзіне ғана тән белгісі болатынын көрсетеді, оны В.И. Ленин «Адамдардың үлкен топтарын, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір системасында олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал- жабджықтарына олардың
(көбінесе заңмен бекітліп, қалыптасқан) қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың роліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарайды айырлатын топтарн атайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Съезге)

Уа, хұрметті ұлы съез!
Баянды болсын қадамың.
Басын қосып отырсың, —
Байтақ жатқан елімнің
Игі жақсы адамын.
Сөз сөйлейін термеден,
Еліммен бірге азат боп
Жерім шыққан көрмеден, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Халық қазынасы)

Елім менің жерге бай,
Айдынды шалқар көлге бай,
Төрт түлігі мыңғырған,
Егісі көз тұндырған,
Тауы тола кенге бай,
Москвадан барып ашылған,
Көрікті біздің көрме бай,
Ел байлығы тұтасқан
Жерді қаптай, ерді орай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Октябрь толғауы)

Добырамды қолға алсам,
Айналама көз салсам,
Ағыл-тегіл жыр келер,
Қартайған бұл шағымда
Қанат бітіп Жамбылға,
Халайықтың алдында,
Қасқа шекті, жыр етіп
Жыйырма екі жылды егер;
Ұлы — тойым — Октябрь.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің, оның құрылуының, орындалуы мен ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік процестің негізгі шарттарын талдау....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Өрік ерте гүлдейді)

Түрлі-түрлі сыбаға, сыйлық ғұрып...
Біреу жабы, біреулер жүйрік мініп
Жүрген өмір заңында шаруасы жоқ —
Көктем келді биіктен билік құрып.
Көктем өктем патшадай шешім құрып,
Көрсетеді жомарт сый, тосын қылық.
Ағаштардың кигізіп көк көйлегін,
Қыс киімін қыздардың шешіндіріп.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ая София)

Бұл сарай — сәулетімен бірге өзінің
Қоңырауы мезгілдің бір кезінің.
Түйсігі туа бөлек жүрек керек
Түсініп тыңдау үшін күмбез үнін.
Бар ма екен адамзатта бүтін бауыр,
Бір кезде жолықпайтын үкімге ауыр?
Киелі қабырғалар арасынан......
Өлеңдер
Толық
0 0