Мақал - мәтел: Аспан, көк, әуе, шарық

Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.

Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.

Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.

Жер – төсек,
Аспан – көрпе.

Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бір күніммен қоштастым)

Тағы, міне, қоштастым бір күніммен,
Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен.
Тоқтатып кер толассыз қозғалысты,
Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен.
Айлар, жылдар, ғасырлар алға аттаған,
Алға аттады күнім.......
Өлеңдер
Толық
5,5 -3,5

Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Менің драмам)

- Қош бол, - дедім құмдарға, -
Есен жүрсем, бір келермін, мұңданба.
Ат тағалап, атан қомдап ер жеткен
Ең соңғы ақын мына мен ем бұл маңда.

Мен кетем.
Мұнартады төңірек,
Жетім шиді сыңсытады жел үдеп.
Алматыға түйе мініп....
Өлеңдер
Толық
0 0