Кейбіреулер қазақты көре алмайды. Кей кезде қазақтар өзін өзі табалайды! Сондайлар жиылып ап, ай-шулайды: «Қазақтар мемлекет құра алмайды, Қазақтар жаңа астана сала алмайды, Білімі жоқ, бостан босқа айқайлайды».
Естіген соң осы сөзді, ұлты жайлы, Елбасы намыстанып ұрандады! Қасына ұландарын жиып алды. Қазақтың кең даласын....
Жетішатыр — жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен.....
Біз сайлаған депутат, Өжет жанды, өрт қайрат. Қызметкері халықтың, Болжайтұғын алдын ойлап. Біз сайлаған депутат, Кетсе - дағы тау құлап. Тартынбайды.....
Бірде арыстан түрмеге түсіп қалыпты. Камераға кіргізер алдында шашын тықырлап алып тастаса керек. Содан камераға кіргеннен онда отырғандар мұны "мышық" , "дәу мышық" деп мазақтаған......
30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
"Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқарып келді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - "Қазақстан - 2050" стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты - 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену", - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты.
"Бұл барша Қазақстанның халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндет жүктейді", - деді Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының жетекшілері «Оңтүстік» баспасөз клубында жергілікті зиялылармен кездесу өткізді. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» аталған кездесудің негізгі түйіні – қазақстандық біртұтастық идеясын талқылау және қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салу. Кездесуде Әбілда Аймақ, Бақытжан Алдияр, Нармахан Бегалыұлы, Сәбит Жолдасов, Сағынғали Әбубәкіров сынды өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері сүбелі әңгіме өрбітті.