Ғылыми жұмыс (жоба): Өзін өзі тану | Өзін өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту технологияларының тиімділігі
Жоспары:
I. Кіріспе
Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа технологиямен байланысы
II. Негізгі бөлім
«Өзін -өзі жетілдіру» әдісіне қойылатын басты талаптар
«Өзін-өзі жетілдіру» әдісін өз тәжірибемде қолдана білу ерекшеліктерім
III. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама
I. Кіріспе
Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа
технологиямен байланысы
- Зерттеудің көкейкестілігі: Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік,
экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген. .....
