Дипломдық жұмыс: Агpаpлық теxника | Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері

Кіріспе

Соңғы жылдары мемлекет басшылығы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Өткен жылдардың Ауыл жылдары деп жариялануы, осы шараның аясында 2009 жылы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу» заңының қабылданып, бұл маңызды құжаттардың қомақты қаржымен қамтамасыз етілуі соның айқын куәсі.
Осындай мемлекеттік қолдау мен ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформалар нәтижесінде ауыл экономикасы айтарлықтай алға басты. Соңғы төрт жылда аграрлық секторға 205 миллиард теңге бюджеттік қаржы және 805 миллиард теңге жеке инвестиция құйылды. Ауыл шаруашылығына салынған мемлекет қаржысының әр 1 теңгесі 4 теңгенің жеке инвестициясын тартып отыр. Осының негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім өндіру көлемі он жылдың ішінде үш есеге өсті. 2007 жылы ол 6,3 пайызға артып, 1050 миллиард теңгені құрады.
Соңғы бес жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақты өсу байқалады. Мысалы, 2012 жылы 20,1 млн. тонна астық, 459,4 мың тонна күнбағыс, 438,7 мың тонна шитті мақта, 2196,4 мың тонна көкөніс өндірілді.
Осыған байланысты мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру басты өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл өсу мал басының көбеюі мен өнімділігінің артуынан көрініс тапты. Былтыр ірі қара саны 2012 жылға қарағанда 39,7 пайызға, қой мен ешкі – 57,3 пайызға, шошқа – 25,6 пайызға, құс – 49,1 пайызға көбейді. Дегенмен, малдың жалпы өнімділігі әлі де төмен, ол мал тұқымын асылдандыру ісінің және азықтандыру деңгейінің жеткіліксіз дамуына байланысты. Тәуелсіздік жылдары республика ауылшаруашылығының материалдық – техникалық базасы айтарлықтай нығая түсті. Соңғы жеті жылда алыс және жақын шетелден ауылшаруашылық техникасының 26,5 мыңнан астам негізгі түрі сатып алынды. Бұл ауылшаруашылық өндірісін энергиямен қамтамасыз етуді 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Республикамыздың ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында бүгінгі таңда 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істеуде. Соңғы 5 жылда сүт және сүт өнімдерін өңдеу 1,6 есе, өсімдік майы – 3 есе, қант 1,9 есеге өсіп отыр.
Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде – бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл орайда қазір республикамызда жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі мал шаруашылығы саласында атқарылар істердің ауқымы зор. Ал бұл бағдарламаны ойдағыдай ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зуһра)

Зуһра деген қыз бала,
Беті - алма, жүзі - Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі - құралай.
Түн сайын көкке қарайды,
Ақырын үнсіз жылайды.
«Жарқырап жұлдыз болсам!»- деп,
Жалынып көктен....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қайрат Нұртастың Павлодардағы концерті тыңдармандарының көңілін қалдырды

Еліміздің ең танымал әншісі бірнеше қаланы аралап, концерт беруді жоспарлаған болатын. Тіпті Қостанай қаласында өткізілетін концертінің жарнамасы үшін ұятқа қалған-ды. Алайда бұл тыңдармандарының наразылығының жанын да түкке тұрмайтын қателік екен.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (П әрпі бойынша ат қою)

ПАНА - иран тілінен алынған панаһ — сая; қорғаныш, сая, таса.

ПАРАСАТ - араб тілінен — ақыл, сана.

ПАРЗАН - иран тілінен алынған фарзане — данышпан, ғұлама; ақылды.

ПЕРИЗАТ - иран тілінен алынған — пани ~ пері + зат әдемі, сұлу, асқан сұлу, көркем қыз.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Қобыз сарыны)

Жатқанда жер құпиясы құлпын ашпай,
Хақ тәңірі пендесімен сыр сырласпай,
Тылсымын көк пен жердің шешу үшін
Дүниеге келді біреуі Ықыластай.
Құдайдың ықыласын кетті аударып,
Аңырап шыққан бір үн көкті жарып,
Азынап жердің......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Назарбаев Зияткерлік мектебі - Болашақтың мектебі

Мектеп. «Мектеп» деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.

Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың — бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Балықтар)

Көксерке - Ақжайықтың әміршісі,
Оны да солай еткен тәңір күші.
Жолында ағып өткен сәуле қалып,
Балықтар басын иген үлкен-кіші.
Шынында ол - су астының найзағайы,
От болып жүрген жері, барған жайы.
Жүрегін жандырады сұлулардың,
Естіліп құмарлықтың......
Өлеңдер
Толық
0 0