Өмірдің білмейтұғын балын, тұзын, Талдырмаш орта бойлы, шашы ұзын, Бұралған талшыбықтай еркек-шора Мұсайттың сәби мінез бір жас қызын,- Сендім де айтысқан сөз, алған қолға, Бірлесіп сапар шектім......
Бітіру жұмысының өзектілігі – қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі [2,3,4].....
Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Ғаламторда студентті өлтірді деп күдікке ілінгендердің қылмысты атқару кезіндегі рөлдері анық көрсетілген тергеу сызбасы жарияланды.
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануарлар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі – зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама-шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір, тентектік, ұялшақтық, ырыс) аттарын да білдіре алады. Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер. Мұны аңғару үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің мына секілді топтарын ішінара санамалап атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмысымызда жиі аталып, жиі қолданылатын түрі бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, қасық, табақ, кереге) тағамдардың аттары (сорпа, қазы-қарта, жент, сүт) жануарлар атаулары (жылқы, түйе, ақбөкен, ит) өсімдік атаулары (қайың, тобылғы, баялыш) табиғи денелер мен құбылыстардың аттары (ай, жұлдыз, боран, аяз) адамның кәсібін, тегін, мамандығын, қабілетін, білдіретін сөздер (тілші, диқан, мұғалім, саудагер, керей, найман, қазақ, орыс) тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, байланысты айтылатын сөздер (айтыс, көкпар, шілдехана, жар-жар, қыз қуу). Мұндай біз зат есім арқылы көрінетін сөздердің лексикалық тобын тек шетпұшақтап қана атап өттік. Сөздердің мұндай тобының бәрін ине-жіпке тізіп санап шығу тіпті де мүмкін емес. Олар өте көп. Сырт пішімі, тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің біразы түбір тұлғалы сөздер болып келетін болса (бас, із, ым, су, жол) бірқатары әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер (тебінгі, малшы, бағбан, егін, ойық). Сол сияқты зат есімнің екі сөздің бірігуі арқылы жасалған түрлері (бірқазан, кәріқыз, өнеркәсіп, Қаратау) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (құрт-құмырсқа, шөп-шалам, бала-шаға) бар. Екі сөздің тіркесі нақтылы бір заттың атауышы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (ақ шағыр, сары шағыр, ақ тікен, темір-тікен, көкқұтан, аққұтан) зат есім қатарында танылады. Дербес заттар мен заттардың белгілі тобының атын білдіру ыңғайына қарай зат есімдер жалқы есім (Үсен, Гүлнар, Алматы, Ұлытау, Ай, Темірқазық) жалпы есім (адам, қыз, қала, дала, өзен, көл) болып бөлінеді. Бір-біріне ұқсас, бірыңғай нәрселер мен ұғымдардың атауышы болып келетін есімдер жиынтық мәнді зат есімдердің (тау-тас, жігіт-желен, қыз-келіншек, той-томалақ, кір-қоң, дәм-тұз) тобын құрайды. Зат есімдердің тағы бір тобын ғаламзат есімдері мен адамзат есімдері деп атауға болады. Адамға қатысты есімдерге кісінің аты-жөнінен бастап оның барлық әлеуметтік, қоғамдық жай-күйін, хал-ахуалын білдіретін (ағайын, жекжат, қарындас, дәрігер, қойшы-қолан, жарлы-жақыбай) атаулар жатады да, ал адамнан өзге өлі және тірі табиғат беткеннің бәріне қатысты атулар (жартас, төбе, шыбын-шіркей, үміт, тілек, қой-ешкі, қалам, кітап) ғаламзат есімдері делінеді. Зат есімдердің бұл екі тобының бір-бірінен түбегейлі айырмашылы – адамзатқа қатысты есімдер әлбетте кім? деген сұрақтың, ал ғаламзатқа қатысты есімдер не? деген сұрақтың жауабы ретінде айтылады. ....
Азамат көрдім, кеудесінде бар қос орден, Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің. Дедім мен, сірә, еңбекпен ерте есейген Баласы болды-ау осы елдің. Кездесе бермес құрметің мұндай тосыннан, Көргені көп-ау, кешкені.....
Әлемдік дағдарыс барлық жанұяға әсер етері хақ. Айналамызда қарыздан-қарызға батып, өз дағдарысынан шыға алмай жүрген жандар қаншама? Біріншіден, алдыңызға мақсат қоя біліңіз және өмірге оптимистік көзқараспен қараңыз! Ешқашан «Ақша жоқ!» деп айтпаңыз. Осы күнге тәубе деп, төмендегі қағидаларды ұстанып жүрсеңіз, дағдарыстың сізді айналып өтеріне сеніңіз!
♠ Шығынды алдын-ала жоспарлаңыз Шығындарыңызды күнделікті жоспарлау сізді жалықтырып жіберуі мүмкін, әйтсе де, бұл далаға шашылған артық ақшаны азайтудың ең тиімді жолы. Бұл тәсіл арқылы ойда-жоқта жасалған сауда мен мақсатсыз жұмсалған қаражаттың қатары сирейді. Әрі осы әдіспен ақшаның басым бөлігі қайда кететінін біліп отырасыз. ......