Балабақша сабақ жоспары: Автобус

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: көлік туралы жалпы білімдерін бекіту. Түрлі - түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып, автобустың суретін салуды үйрету, сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру ережелерін сақтап, абай болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: көліктердің, автобус, аялдамалар суреттері, бағдаршам макеті, картоннан ойылған автобустар трафареттері, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаштар.
Алдын ала жұмыс: машиналардың түрлерін сурет бойынша көрсетіп, әңгімелеу, жеңіл машина мен автобустың айырмашылықтарына назар аударту
Сөздік жұмыс: жеңіл машиналар, қоғамдық көлік түрлері
Билингвальді компонент: көлік - транспорт, бағдаршам - светофор
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қызығушылық - Балалар, келген қонақтармен амандасайық.

Н. Айтовтың «Жолың болсын» өлеңіне жылулық шеңберін құру.
Балалар, адамдар көлікпен алыс сапарға шыққанда бір - біріне «жолың болсын» деп жақсы тілек айтатынын естеріңде шығар, олай болса
Атам шықса сапарға,
- Жолың болсын!- дейді апам......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Балалық шаққа саяхат


ҮЗІК-ҮЗІК СУРЕТТЕР

Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер. Қанаттас бір ауылға апам мені жетелеп, қыдырыстап келген. Үш-төрт әйел үйде шай ішіп әңгімелесіп отыр да, мен сыртта асық ойнаған балалардың қасында қызықтап қарап тұрмын.

Ересектеу баланың бірі кенет иығымнан жұлқып қалды:

— Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр!

Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолмен түйеге мінгескен екі әйел соқтырып кетіп барады. Екеуі де кимешек киген. Артындағысы аумаған менің шешем. Мені бөтен ауылда қалдырып, жөнеп барады.

Мен шешемнен өлмей қалармын.

— Ала! Ала! — деп артынан қуып бердім. Құлындағы дауысым Құдайға жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған бұрылып қарағысы да келмейді.

— Aпa! Апа!

Бақырудан өңешім жыртыла жаздайды. Жол шетіндегі үйлердің адамдары бәрі маған қарап қалған. Тек шешем ғана қарамайды. Ұзын аяқтарымен тайраңдай желген жүрдек түйе оңайлықпен жеткізбейді.

Бір әйел көлденеңнен дауыстап:

— Әй, қатын, балаң жылап келеді! — деді.

Шешем енді ғана маған жалт бұрылып қарады.

Сөйтсем, шешем деп жылап келе жатқан адамым мүлдем бөтен... Алдындағысы да мен танымайтын басқа әйел.

Өз шешем сол әлгі шай ішкен үйде отыр.

Уақыттың көбін су бойында өткіземіз. Су бойында ойнаймыз. Міне, енді қалжырап үйге қайтып келем, қарнымда түк қалмаған, ашпын.

Шешем құр талқан берді. Дәмсіз қара талқан. Жейін десем, тамағымнан жүрмейді...

Біздің ауылдан жоғары бір шақырымдай жерде Киікбай ауылы. Сонда күйеуге тиген немере әпкем тұрады. Қалай келгенімді білмеймін, сол үйде қазанға қарып жапқан күйелештеу нан жеп отырмын.

Бір кезде есіктен шешем кіріп келді. Мені көріп, жылап бас салды. Неге жылайтынына түсінбеймін.

Сөйтсем, шешем мені аяқ астынан жоғалтып алған. Бүкіл ауылдан іздеп таппаған. Суға ағып кеткен деп ойлап, есі қалмаған.

Бұдан аз бұрын шешем мені осында ертіп келіп, нан жегізген екен......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Экономика | Электр энергиясын үнемдеудің қарайым жолдары

Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық - түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде. Ал XXI - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т. с. с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО - 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда. Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған азамат ретінде өз үлесімді қоспақшымын......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас психологиясы

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым -қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қарым-қатынас ұғымының мәнін ашып көрсету. Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын талдау болып табылады. Қарым-қатынас — адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Курстық жұмыстың міндеті: психология ғылымындағы қарым-қатынас проблемасының зерттелуі, зерттеу түрлерін анықтау. Адам аралық қарым-қатынас түрлерін талдап көрсету.
Зерттеудің теориялық мәні: соңғы жылдары ғылымда "қатынас" ұғымымен қатар "коммуникация" деген ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас — адамдар арасында ақпарат алмасу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы
Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0