Өмірбаян: Несіпбек Айтұлы (1950 жылы 22 қыркүйек)

Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.
Өмірбаяны
1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1974—1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984—1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995—1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 — 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып,....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Табиғат кереметі

Табиғат қандай әсем, керемет неткен!
Сұлулығын көрген жан елең еткен,
Көкжиектен күн шығады бір сәтте,
Сәулесі түсіп, жарқырап, күн де жеткен,

Айдын көлі жалтылдайды көзің шалса,
Аққу құсы көлден ұшса, сәнмен қонса,
Мөлдір су шеңберленер....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әйеліңізді бақытты ету үшін 35 кеңес

1. Ашушаң болмаңыз, әйеліңіз сіздің жаныңызда өзін қауіпсіз сезінсін.

2. Үйге келгеніңізде әйеліңізге «Ассалямуалейкум» деп амандасыңыз. Ондай үйге шайтан жоламайды.

3. Пайғамбарымыз (ﷺ) әйелді аялап ұстауды қажет...
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (БЕЙБІТ КҮН САҚШЫСЫ НҰРСҰЛТАН)

Таң атты , сәуле шашып нұр жарықтан ,
Айтатын алғысы көп бар халықтан .
Бейбіт күн сақшысы боп , тіл табысқан
Жасай бер ел басшысы ер – Нұрсұлтан .

Қазақтың азаматы аман болсын ,
Қабыл ал көңілдегі айтқан назын .
Өмірде тіршіліктің......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Жеңеше


Біздің колхоздың бойдақ малы Аяққұмды қыстайды. Бұл - ауыл орталығынан жүз елу километрдей қашықта жатқан құмды өңір. Бірақ құм дегенге тақырайған шағыл құмдар емес, сексеуіл, жүзген, еркек шөп өскен біркелкі құба жалдар. Жазға салым қоңыр бұйра мүк басқанда осы жалдар,- күншуақтап бұйыққан жас қозыларға ұқсайды. Ертелі-кеш үстінен сағым аққанда білдірмей, ақырын ғана нәзік дем шығарып, қозғалып жатқандай болады. Ал қысқа қарай жалдар үстін аттың шашасынан ғана келер жұқа қар жапқан кезде, биікке шығып, төңірекке көз жіберсең; қаздың жұмыртқасын сығылыстыра тізіп қойғандай көрінеді. Осы жалдардың арқасына біздің колхоздың бойдақ мал отарлары шашырай қоныстайды, қаһарлы қысты у-шусыз қалтарыста өткереді.

Құм арасында жолаушылар адасқақ келеді. Сондықтан әр қыстаудың іргесіндегі биігірек жалдың үстіне, ескі киім кигізілген ұзын сырықтан қарауыл қойылады. Жер жайын, жол жайын білетіндер алыстын-ақ әрбір қарауылды нұсқап тұрып: «Анау пәленше қыстау, анау түгенше қыстау...» деп шұбырта соғады. Әр қыстаудың белгілі бір аты бар. Мысалы, біздің қыстау Жылыбұлақ деп аталады.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Қазақ әдебиеті [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Қазақ әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Мазмұны

1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Өлең – сөздің патшасы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау

2-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Прозадағы көркем ой» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау

3-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау
Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі бойынша қалыптастырушы бағалау

4-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Парасат пайымы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

«Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді

2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат: 21:45-те және 23:00-де «Kazsport» телеарнасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауының жағылуы мен эстафетасын «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасында көрсетеді.
Жаңалықтар
Толық
0 0