Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Өмір мен өлім туралы


(Майдандағы қазақ жасының дәптерінен)

Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл — жаратылыс заңы. Біздің шығыс елдері: «Адам — дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануын керек», — деседі.

Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді: ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады.

Мен — ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын. Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді. Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші — үлкен бір қайғым да бар. Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.

Кек неге қысады дерсіздер, оны да айта кетейін. Жастық шақ маған бір-ақ рет берілмеп пе еді? Сол кезімді әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпекші. Ол жастықтан бір айрылсам, ол қайтып оралар ма? Оралмайтынын мен жақсы білем, аһ, тіпті жақсы білем! Біз, жаста.р, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыздың іші - тысы бірдей мағыналы болсын деуші едік қой, солай емес пе, құрбыларым? Міне, сол қымбат шағымызды фашистер тонап алғысы келеді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келеді. Мен осыған кектенем.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Су тіршілік нәрі

Зерттеудің мақсаты: Адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық, құрамымен, ағзада әсер ететін факторлардың болуы не болмауын сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Жер бетінде адамзат баласы өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, өзі аясында тіршілік ететін табиғатынан тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болмақ.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысы барысында газет, журнал, кітаптар, интернет арқылы материалдарын қолданылды, зерттеу жүйелеу қорыту әдістері қолданылды..
Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі: Судың құрамын, сапасын зерттей отырып, қолданылатын судың экологиялық жағынан қауіпсіз болуын көрсету.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі, демек оның тұрмыс жағдайының жақсартуының кепілі екенін көрсетеді......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео)

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 33-ші кездесуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Калифорния штатында кіші Вилли Монроны алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.

Бірінші раундтан бастап-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алған GGG америкалық боксшының адымын аштырмады. Ал екінші раундта екі рет қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ Вилли Монро кездесуді....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов (Комплекс жүйе ме, әдіс пе?)

Орыс білімпаздарының кейбірі комплекс – «әдіс», кейбірі – «жүйе» деп жүр (әдіс – метод, жүйе – система).

«Әдіс» деп алу керек деушілердің дәлелі, комплекспен оқытқанда, құбылыстар бір-біріне байланысқан, пайда болған, дамыған, еңбек шаруаға негізделген түрінде түйдек зерттеледі. Ғылымда мәселені бұлайша.....
Әңгімелер
Толық
0 0