Жанар Айжанова: Әншілерді миллионер деп ойлайтындармен келіспеймін

Санаулы күн бұрын Ақтөбеде өткен «Туған жер» республикалық форумына қатысқан танымал әнші, термеші, соңғы кезде актриса, тележүргізуші болып жүрген Жанар Айжанова «Тілші» сайтына берген сұхбатында ақтөбеліктерге не үшін өкпелегенін айтып берді деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Сүт шикізaтын пaйдaлaнып нaн өнімдерінің биотехнологиялық үрдісін aрттыру

Сүтті бaрыншa толық, жүйелі түрде өңдеуді, өндірісті тиімді ұйымдaстыру, қaлдықсыз технологиялaрды енгізу, кәсіпорындaрдың оңтaйлы енгізілуі бүгінгі тaңдa сүт қышқылды кәсіпорындaрдың бaсты міндеті бoлып тaбылaды. Зaрaрсыздaндыру технологиясын енгізу кәсіпорынның экономикaсының жетекші, жоғaры тaбысты сегменттерінің бірі бoлып тaбылaды.
Сүт сaрысуын өнеркәсіптік қaйтa өңдеудің және біздің мемлекетте, шет елдерде екіншілік сүт қорлaрын қолданудың жинaлғaн тәжірибесіне қaрaмaстaн, тaғaм өнеркәсіптерінде сaрысудың төрттен біp бөлігі ғaнa қолдaнылaды. Сaрысудың көптеген мөлшері тaғaмдық мaқсaттaрдa қолдaнылмaйды, мысaлы, олaр aғынды сулaрғa төгіліп, қoршaғaн ортa жaғдaйынa кері әсерін тигізеді. Бұл сүт сaрысуынaн тaғaмдық өнімдерді және жaртылaй фaбрикaттaрды, құрaмдaстырылғaн өнімдерді, сонымен қaтaр мaл шaруa – шылығынa aрнaлғaн aзықтық зaттaрды тереңірек қaйтa өңдеуге деген aртқaн қaжеттілікті түсіндіреді.
Сүт сaрысуы - ірімшік, сaры ірімшік, кaзеин, сүт aқуызын, дaйындaғaндa, сүттің бaстaпкы сaлмaғынaн 75-80% aлынaтын қосымша жaнaмa өнім. Сүттің құрғaқ зaтының 50% сүт сaрысуынaaуысқaндa, әрбір коректік зaттaрдың aуысу үлесі мынaдaй: мaй 10-22%, aқуыз 20-25, лaктозa 85-95, минерaлдық зaттaр 55-65%. Сaры су құрaмындa бaрлық судa еритін витaминдер бaр, кaлориясы 237 ккaл. Яғни сүт сaрысуының биологиялық құндылығы өте жoғaры, осы себептен де оны әр түрлі сүт тaғaмдaрын жaсaудa пaйдaлaнaды.
Соңғы жылдaры сүт сaрысуы кең түрде сұрaнысқa ие, соның ішінде нaн, кондитер бaсқa дa тaғaм өндірістерінде қолдaнылып жaтыр.
Қaзaқстaндa нaн негiзгi тaмaқтaну өнiмi болып тaбылaды, оны тұтыну есебiнен aдaм 30% aстaм тaғaмдық зaттapғa және энеpгияғa физиологиялық қaжеттiлiгiн қaнaғaттaндыpaды. Әсеp ету дәpежесi және денсaулыққa тигiзетiн ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер тұлғалардың гендерлік сипаттамаларын өзгертуде. Бұрын әдетті болған дәстүрлі еркектік қасиеттер мен әйелдік қасиеттердің өзгеріп, аралас типтегі андрогинді тұлғалардың қалыптасуы орын алуда. Бұл қазіргі заман талаптарына, адамның тіршілік әрекетінің өзгеруіне байланысты еркектерде феминдік қасиеттер мен әйелдерде маскулиндік қасиеттердің байқалуынан көрініс табады.
Ең алғаш гендер теориясы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның ең басты зерттеу мәселелерінің бірі - гендер және жыныс түсініктерінің айырмашылығы. Жыныс - адамның биологиялық, физиологиялық құрылысын білдіреді. Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рольдерінің арасындағы айырмашылықтарды және ортаның адамдардың биологиялық және жыныстарының негізінде қойған ұйғарымдарынан туған қылықтар мен эмоционалдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендер - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қытыеасты айқындайтын, олардың әлеуметтік психологиялық және мәдени нормалары мен рольдерінің жиынтығы. GENDER сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
Гендерлік айырмашылықтардың негіздемелерінде иерархия жағы, оның түсіндіруі бойынша, маскулиндік, яғни, еркектік басымдық, ал феминдік, яғни, әйелдік бағыныштылық деп берілген. Нәтижесінде, әйелдер де, еркектер де гендерлік таптаурындардың (стереотиптердің) және мөлшер жүйесінің «құрбаны» болып қалады. Гендерлік зерттеулер мемлекет, жанұя, білім беру жүйесі, еңбекті қоғамдық бөлу механизмі, бұқаралық ақпарат құралы сияқты «салттық» рольдер мен мәдениеттік мөлшерді псиологиялық көзқарасты қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі саясатты әзірлеу барысында гендерлік тәсілдемені пайдалану гендерлік теңдік принциптерін ескеретін бағдарламалар саясатты және психологиялық білім беру жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік психологтардың тәрбие жөніндегі әдебиет талдауы гендерді зерттеуде жас ерекшелік сипаттамаларды ескеру қажет екенін көрсетеді. Оқушылардың жас ерекшелік сипаттамаларының тұрғысында гендерлік білім беруді оқушылардың, студенттердің, ересектердің білім алуы ретінде қарастыруға болиды. Оқушылардың гендерлік сауаттандырылуы олардың әлеуметтену мәселелерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған. Баланың ұл бала немесе қыз бала ретінде өзін-өзі сәйкестендіруі, демек, осылайша нақты әлеуметтік рольді қабылдауы оның негізгі бөлігі болып табылады. Студенттерге гендерлік білім беру мәселесі жастардың ересектік өмірге аяқ басуда кездесетін гендерлік таптауырындарды түсіндіруде және сол таптауырындарды жеңудің құралдарын бірігіп іздестіруде. Ересек адамдар білім беру қорған әлемде жүріп жатқан өзгерістерге ыңғайлануға және туындап отырған қиыншылықтармен күресуге көмектесіп, адаптациялық сипатқа ие.
Көп елдерде гендерлік білім беру жүйесі гендерлік теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөледі, соның ықпалымен жыныстық белгілеріне және гендер жайында білім тарату мүмкіндіктеріне қарсы бағыттылған кемісітушулікті жою сияқты істерде үлкен нәтижеге жетті. Бұл тәсіл гендерлік принциптерін барлық білім беру жүйесі бағдарламалармен саясаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандарды зерделей келе, біздің ұсынып отырған зерттеу жұмысымыз дер кезінде оырындалып отырған көкейкесті мәселе екендігі күмән тудырмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Д әрпі бойынша ат қою)

ДАБЫЛ – ұран, даңқ

ДАБЫС – атақ, даңқ, дауыс, үн.

ДАДАБАЙ - иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай. Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.

ДАЙРАБАЙ - дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.

ДАЙЫН - әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Ахмет Жұбанов

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жүріп келем көшемен жайдақ, тайғақ...)

Жүріп келем көшемен жайдақ, тайғақ,
Секіртеді сезігім антұрғандай.
Қара қазан түбінде қайнап-қайнап,
Дүниенің қызығы сарқылғандай.

Жау іздеген жандарды түсінбедім,
Қата алмадым жолында қарыс-кектің.
Болғаннан соң....
Өлеңдер
Толық
0 0