Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы

Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор.
Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі стильдегі мәтіндерді салыстыра білуге үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономиканың амал - тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз – ел азаматтарының әл –ауқатын арттырып, әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек.
Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық алғы шарттыры бар. ҚР Президерті үстіміздегі жылдың 1 – ші наурызындағы халыққа жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап бнрді. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі «Индустриялық – инновациялық даму стратегиясы» әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін, отандық өнеркәсіп салалары дамуы қажет. Инвестициялық салымдарды өнеркәсіп салаларына тарту қажет.Сонымен қатар кәсіпорындарды қазіргі на- рық талап тарына сай бейімдеу керек. Кәсіпорындарға ірі қаражаттарды тарту, оларды тиімді пайдалану қажет. Ал, ол үшін мемлекетіміздегі кадр мә- селесін, білікті маман даярлау мәселесін шешу керек. Кәсіпорындарға жаңа техникамен технологияларды тарту қажет. Ел басымыз айтқан инновациялар- ды ірі кәсіпорындарға ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпорындарға да тарту керек. қазіргі таңда зауыт – фабрикалардың техникалық құрал жабдық–тар базасы ескірген. Ал ол өндіріс тиімділігін төмендетуде. Себебі ескі маши- наларда 2 -3 адам жұмыс істесе, жаңа технологиялар қолданылған құрал-жаб- дықтарда бір адам жұмыс істей алады және өндіріс тиімділігі кемімейді, ке– рісінше артады.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындағы өндірістиімділігін арттырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес,курстық жұмыста келесідей сұрақтарға жауап беруді қарастырып отырмыз:
- өндірістік тиімділігінің жалпы мәні мен маңызын түсіну;
- өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторларды анық- тау;
- өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын анықтау. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 1-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 1-сабақ
Сабақ мақсаты: Т /Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Би өнері

Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл - күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды. Ал шартты дағдыға (рефлекс) негізделген дене қимылы бидің алғышартын қалады.
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл - қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным - сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе - келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Ұлы дала заңдары

Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Трансформер

Кіріспе
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу – қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.
Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан керекті үлгідегі киімдермен танысу керек. Киім түр жиынтығы бірнеше топтамадан тұрады. Ол матаға, киетін адамның жас мөлшеріне және киім қандай орынға арналғанына байланысты. Негізгі киімдер күнделікті, үйге киетін және сән - салтанатқа киетін болып бөлінеді. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0