Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Қ әрпі бойынша ат қою)

ҚАБАЙ - көне түркі тілінен келген - бесік.

ҚАБИ - араб тілінен алынған хаби — күшті, мықты.

ҚАБИБ - араб тілінен алынған хабиб — дос, жолдас, ашына.

ҚАБЛЕТ - араб тілінен алынған қабиллят — ептілік, икемділік, бейімділік, қабілеттілік.

ҚАБЫЛ - араб тілінен — қабыл алушы, қарсы алушы; келешек, болашақ.

ҚАДЫР - араб тілінен алынған хадр — күшті, кұдіретті; қабілетті, икемді, бейімді; дәреже, құрмет.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Өмірбаян: Досқан Жолжақсынов Қалиұлы (1951 жылы 7 қазан)

Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылында туған) — кино және театр актері, кинорежиссер.
Қазақстанның халық әртісі (1995), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996,2016). Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996).
1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.
1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері.
1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Компас


Қанаттың папасы бір рет ауданға барғанда оған сыйлыққа компас әкеп берді. Үлкендігі қалта сағаттай жып - жылтыр қара құтылы, әдемі компас. Тілінің қара бояулы үшін қалай айналдырып жіберсең де, қалтырай теңселіп барып, солтүстікті нұсқап тұра қалады. Дегенінен жазбайтын бірбеткей бала тәрізді.

Қанат қуанып кетті. Рас па, өтірік пе дегендей әр жерін түртпектеп, айналдыра қарап тұр. Мұндай компас бұл ауылдағы балалардың ешқайсысында да жоқ ( тек мектепте ғана бар. Ал онда мұғалім сүйтіп қолыңа беріп қоя ма?

Қанат өзін өзгелерден асып кеткендей сезінді. Жүгіріп көшеге шықты. Ойнап жүрген балаларға келді.

— Бодан, қарашы, менің компасым бар!

Балалардың назары Қанатқа ауды. Бәрі ойындарын қойып оны қоршап алды. «Кәне, бере тұршы»,— деп қай-қайсысы да ұстап көруге құштар боп, қолдарын созды.

Бірақ, Қанат оларға компасын бірден бере қоймады. «Сен кеше бәкіңді беріп пе едің, — деп Теміржанның қолын қағып жіберді де, бетін басқаларға бұрды.— Міне, қараңдаршы. Қалай айналдырып жіберсеңдер де, солтүстікті көздеп тұра қалады. Ал жай уақытта мынасын бүйтіп басып қойсаң, тоқтап қалады».

Біреудің көрсеткені өзің ұстап кергендей қайдан болсын! Балалардың ынтызары қоза түсті.

— Бере тұршы!

— Бере тұршы!

Қанат компасты әуелі өзінің тәуір деген жолдасы Боданға берді. Бодан мұндай дәрежеге ие болғанға мәртебесі өсіп, әрі компасқа сұқтана қарап тұр. Тағы екі-үш балаға көрсеткеннен кейін:

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Тіршілік тіректері)

[page=2]А[/page]қынның өлең-жыры - өмірлесі,
Емес ол ойнай салар көңілдесі.
Отына ғашықтықтың күйеді олар
Сүйеді бірін-бірі қалмай есі.
Дүниеге нұр сәулесін жаяды олар,
Сырлары сонда әмбеге аян болар,
Жаны ашып бір-бірінің саулығына,
Мүсіркеп, бірін-бірі аяр болар.
Нақсүйер, өмір-серік жарыңды еске,
Түсірер, бақытыңмен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Асау құлын)

Жан әке, көктем келер, ақ қар еріп,
Жүрер деп сауыққан соң атқа желіп.
Өзіңнің «тұқымы асыл» деп мақтаған
Биеден бір құлынды сақтап едік.
Отырдың заулаймын деп сайдан ағып,
Бәйгеге қоспақшы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Дене шынықтыру (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мазмұны

1-тоқсан
1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту
2-бөлім. Өзгертілген командалық ойын

2-тоқсан
3-бөлім. Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту
4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары

3-тоқсан
5-бөлім. Шаңғы /кросс/коньки дайындығы
6-бөлім. Бірлескен іс-әрекеттегі ойын-сауық ойындары

4-тоқсан
7-бөлім. Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету
8-бөлім. Жеңіл атлетика дағдысын дамыту және шолу
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы №2 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6-бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3 Тыңдаған аудио-бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/ кесте толтыру/мазмұндау
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: «Мұхтар Әуезов» бейнематериалының мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен кесте толтырады.
Көпшілігі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кесте толтырады және мазмұндайды.
Кейбірі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кестені толық толтырады және мазмұндайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0