Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту

Зерттеудің өзектілігі. Студенттердің оқытушымен бірлескен, жұмысы теориялық білімдібекітуге тереңдетуге себін тигізеді, оқу-әдістемелік жзәне тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.
Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемесін оқиды.
Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техника негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамджас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әртүрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Хирургия


Земство ауруханасы. Дәрігер үйленбекші болып жолаушылап кеткен. Сондықтан ауруларды жасы қырықтардағы фельдшер Курятин қабылдап жатты. Үстінде көнетоз ақсары, жібек жеңді қамзолы, бұтында сілікпесі шыққан трико шалбары бар-ды. Жүзінде жауапкершілік сезімі мен сүйкімділіктің сипаты бар жуан денелі адам. Аңқыған иісі адамның қолқасын қабатын сигарды сол қолының сұқ саусағы мен қолының арасына қыстырып алыпты.

Қабылдау бөлмесіне кең жеңді, шұбалаң қызыл қоңыр желең киіп, беліне жап-жалпақ былғары белдік буынған, ұзын бойлы, еңгезердей шал Дьякон Бонмигласов кіріп келді. Ақ түскен оң көзі қысыңқы, танауына шыққан сүйелі шыбыннан аумай қалыпты. Дьякон бірер секундтай көз жүгіртіп иконаны іздестіріп еді, бірақ ондай ештеңені көре алмағасын, карбол ерітіндісі құюлы тұрған жуан бөтелкеге қарап шоқынып қойып, қызыл орамалынан тарту - таралғысын алды да, фельдшердің алдына әкеп қойды.

— А-а-а... сәлем бердік! — деді фельдшер есінеп. — Не шаруамен кеп қалдыңыз? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Жасыл балдырлардың биохимиялық құрамын анықтау

Қазіргі таңда, қоршаған ортаның антропогенді ластануына байланысты экологиялық жағдайлар күрт өзгеріске ұшырағаны баршамызға мәлім. Осының салдарынан экологиялық таза өнімдер алу үлкен қиыншылықтар тудыруда. Сол себептен табиғи жағдайда өскен өсімдіктерді - түсімділігі мен өнімділігі жоғары гендік модифицирленген трансгенді түрлерге ауыстыру кең таралып жатыр. Дегенмен де, ондай өнімдердің адам мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі толығымен анықталмаған.
Ауыл шаруашылық өсімдіктер мен жануарлардың төзімділігі мен өнімділігін арттыру мәселесінің шешімдерінің бірі - тағам ретінде, азықтық, жемдік қоспа, тыңайтқыш ретінде микробалдырларды кең көлемде тұтыну болып табылады. Микробалдырларды өсіру экологиялық таза, экономикалық тиімді болып табылады және арнайы жағдайларды талап етпейді. Аз уақыт ішінде олар көп биомасса жинақтайды, ал сол биомассасының биохимиялық құрамы өте бай және оларға түрлі биологиялық белсенді қоспалар кіреді. Сонымен қатар, өндірістік жағдайда микробалдырларды өсіру мерзімге тәуелді болмайды.
Дегенмен, микробалдырлардың өсу қарқындылығын арттыру және олардың биосинтез процестерін арнайы өнімдерге бағыттау, атап айтқанда ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Қазіргі уақытта елеміздің білім беру жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыруға бағытталған және нарықтық қоғам құру талаптарына толық сәйкес келетін өзгерітер болып жатыр. Қазақстандағы оңдаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру моделі елімізде және бүкіл әлемізіде және бүкіл әлемдегі болып жатқан қоғамдық-экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігікүн өткен сайын ерекше сезілуде. Бүгінгі күні қоғам білім беру жүйесінен жан-жақты дамыған, өздігенен жұмыс істей алатын, ерекше жағдайларда әрекет жасай алатын және үздіксіз білім алуға талабы бар жастарды дайындауды талап етуде.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта «психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп айтты.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әртүрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеу мен ғана ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Күз)

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.
Көрік жоқ ойда-қырда шығып жүрсең,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ
Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Василий Левитке Олимпиада алтыны табысталды

Бүгiн елордада «Халықтың сүйiктiсi-2016» ұлттық жүлдесiне ие болған азаматтар марапатталды. Биыл алтыншы рет өткiзiлiп отырған салтанатты шарада қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалiнiң көшiрмесi табысталды, деп хабарлайды baq.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Ақыл ой тәрбиесін ұйымдастыру

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. [1]
Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Ақыл –ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды құрамдас бір бөлігі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л.В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.
Қазіргі кездегі ойлау зерттеулерін ақыл әрекеті ретінде қарастырып, (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Брушлинский, А.М.Матюшкин, О.К.Тихомиров) оның ішінде ойлау процестерін (жоспарлау, проектілеу, алдын ала болжау, бағалау, түсіну, ой-қорытындылау) және ойлау операцияларын ( анализдеу, синтездеу, салыстыру, жалпылау) көрсетті.
Ақыл-ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау – сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0