КІРІСПЕ 1997 жылы қылмыстылықпен күрес барысында отандық заңнамаларда елеулі өзгерістер болды. 1 қаңтар 1998 жылдан бастап Қылмыстық кодекс күшіне енді де, ескі 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексіне қарағанда жаза және қылмыстық - құқықтық әсер етудің басқа шараларының жүйесі, оларды қолдану тәртібі және жауаптылық пен жазадан босату негіздері мен тәртібі елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл аталған ережелер өзінің жалғасын 13 желтоқсан 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінде жалғасын тапты. Жаңа Қылмыстық - атқару кодексі ескі кодекстің кемшіліктерін жойып қана қоймай, қылмыстық жазаларды атқаруды заңдық реттеудің шеңберін ұлғайтты. Мысалы, алғаш рет бірыңғай кодификацияланған заңда жазаның және басқа қылмыстық - атқару шараларының барлық түрлерін атқару және өтеу сұрақтары, қылмыстық - атқару заңнамасының қағидалары мен бастаулары, сотталғандардың құқықтық жағдайы арнайы баптар мен тарауларды қарастырылған. Яғни, құқықгық мемлекеттің жүйесін қалыптастыру қоғам дамуының объективті зандылықтарына ғана емес, осы тарихи кезеңде құқықтық нормалардың орындалуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті заң актілерін дұрыс қолдана білулеріне де байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу, атқару ерекшеліктері өзекті мәселелердің бірінің қатарына жатады. 1. ТАРАУ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫ – ЖАЗАНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ. 1.1. Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты. ....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш Құдайбердиев Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру ; 3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; Көптеген оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады, сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады; Кейбір оқушылар:өлең мазмұны бойынша шығармашылық сұрақтар қояды, жауап береді......
Өмірбаяны Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.
Өмірінің соңы Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.....
Жобаның мақсаты: егер де дымқыл дәнді сепсем, өскін неше күннен кейін шығады? Жоба қалыптастыратын біліктіліктер: өздігінен зерттеу жұмысын жүргізу, бақылау, ақпарат жинау. Жобаның міндеті: білімге құштар болу, табиғатты бақылау, қорытынды жасау, өздігінен тәжірибе жасау дағдыларын қалыптастыру. Жобаның мәселесі: дымқыл әлде құрғақ дәнді себу тиімді? Шығармашылық жұмыстың жоспары: дәнді суға салып қою (бір тәулікке), топыраққа себу, мезгілінде су құю, күнде бақылау жүргізу, күнделікті толтыру. Жобаның түрі: сарамандық – бағдарланған жоба. Пәндік мазмұны жағынан: дербес жоба (Дүниетану). Оқушылардың әрекеті бойынша: дербес жоба. Ұзақтылығы: апталық жоба. Жобаның қорытындысы: презентация.. Рефлексия: жұмыс барысында оқушының бойында пәнге қызығушылығы оянып, өздігінен тәжірибе жүргізу дағдылары қалыптасып, қосымша мәлімет жинастырылады, ой - өрісі дамиды......
Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы. Австралияның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солт.-шығ. жағалауын бойлап (ұз. 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания ар-нан Австралияны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Австралия шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Австралия құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан. Жер бедері Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. • Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр. • Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар. • Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Бұл тақырыпты алудағы басты себебіміз қазіргі таңда ең бір маңызды өзекті мәселелердің бірі.. ауыл шаруашылығының кенже қалуы. Сырт көзге сылбыр, жуас көрінетін сиыр малының да көп қасиеттерін көркем шығармалар, аңыз - әңгімелер арқылы біліп жүрген жоқпыз ба? Жалғыз өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғаудағы ерлігінің өзі неге тұрады? Ал, шынтуайттап келгенде кейінгі жастарымыз, үлкен қалаларды былай қойғанда, облыс, аудан орталықтарында тұратын жеткіншектердің өзі Зеңгі баба тұқымының қасиеттерін, оның басқа түліктерден қалай және қандай қасиеттері арқылы ерекшеленетінін ашып айта алмайды. Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз. «Зеңгі баба», «сиыр малы» дегенді былай қойып, осы түлікті «сүт бағытындағы мүйізді ірі қара» деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап келсек, басқа да жан - жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады......