Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Туған жер

О, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше көр.

Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай, тасып болсам мен егер.

Қасым

Пойыз жүрер алдындағы сәтті есіңе түсірші: қоңырау соңғы рет соғылған, жолаушылар мен шығарып салуға келген кісілер айрылысар алдындағы сөзін асыға-үсіге айтып, қоштасып, құшақтарын енді ғана жаза, ажыраса береді де, әлденені ұмытқандай қайта оралады, қайта құшақтасады, қызыл бояу жаққан ерін қайыс ерінге қайта жабысып, бас-аяғы жоқ бір-бір сөз, бір-бір ауыз тілектерін жолдап, абыр-жыбыр, ал кеш қалған жолаушылар дәл бір өрттен шыққандай, есі-түсі қалмай етек-жеңі далақтап жүгіріп келеді.

Жасыратыны жоқ, жылжып бара жатқан пойызға екі етегі далақтап жеткен жолаушының мен де бірімін. Қара терге түсіп, алқынып барам. Шығарып салған жолдастарым да ренішті. Қайсыбірі құрдастығын арқаланып боқтап жатыр. Олармен қалай қоштасқанымды да білмеймін. Құшағымдағы кішкентай баламнан бауырымды жазып, қасымда жүгіріп келе жатқан шешесіне ұстата салдым да, көк шолақ пойызға бір-ақ ырғыдым. «Ісі құрсын. Әр кездегісі осы», — деген ренішті біреудің дауысын құлағым шалды. Жиі-жиі есіте бергесін әсер етпейтін сөздер болады. Кісі ұрысқанға да үйренеді. Жолдастарымның әлгіндей ренішіне қысылу орнына күлімсіреппін. Купеге заттарымды кіргізе сала қайта шықтым. Кісі-қаралар үймелеп тұрған терезеге.ентелеп барып мен де үңілгенде, көк шолақ пойыз құниып тартып, сыпыртып ұзап та кетіпті.

— Жә, қайтесің,— деді сырт жағымнан салқын дауыс. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агрессивті мінез құлықтың алдын алу


Балалардың жоғары агрессивтілігі дәрігерлер, педагогтер мен психологтар үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі пробремалардың бірі болып отыр. Агрессивтілік (лат. «шабуылдау, қауіп тудыру») – агрессивті мінез-құлыққа апарар ниет, жағдай. Ал агрессиялық әрекеттің өзі – баланың өзгелерге залал келтіруге бағытталған мінез-құлқы. Агрессивті жағдай ашу, жаулық, жеккөрушілік, т.б. эмоциялар арқылы көрініс табады. Әрекет міндетті түрде өзге адамға залала келтіру: балағаттау, қорлау, төбелесі, ұрып-соғу, т.б. түрінде көрініс береді. Осындай мінез-құлықты балалар саны тез артып келе жатқандықтан, тақырып өзектігі күмән келтірмейді.

Бұл көптеген жағымсыз факторлар: балалардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашарлауынан; отбасылық тәрбие дағдарысынан; мектептің балалардың жүйке-психикалық жағдайына көңіл аудармауынан; баланың миына зақым келу түрінде салдары болатын патологиялық босану үлесінің артуынан орын алып отыр.

Зорлық–зомбылықты үздіксіз насихаттаумен айналысатын жалпы ақпарат құралдарды, кино және бейнеиндустрия да өз үлесін қосып отыр. Соңғы жылдары балалар агрессиясы проблемаларына ғылыми мүдделілік те артып отыр, бірақ, өкінішке орай, шынайы түзету мен емшара тәжірибесіне негізделген зерттеулер салыстырмалы түрде аз.

Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Болашақ спортшылардың кәсіби қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы

Тақырыптың өзектілігі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары адамның ақыл – ой, ерік және көңіл-күй аясын, оның эстетикалық ұғымдары мен қажеттіліктерін қалыптастыруға әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ақыл – ойға нысандық әсер ету жақтары, оның ақыл – ой және дене еңбегі бір-бірімен бірлікте және өзара байланыста болады.
Бізді қоршаған ортада және біздің ағзамызда болып жатқан көптеген құбылыстар тек қимыл әрекетінің нәтижесінде танылуы мүмкін. Бұл ең алдымен қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттарына қатысты болып табылады, яғни уақыт, кеңістік, қимыл ұзақтығы, жылдамдық, ырғақ, сол сияқты дененің беткі қабаты мен салмағы және оның өзіндік мүмкіндіктері туралы ұғымға қатысты болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

20% және 80%

Адамдарды екі топқа бөлуге болады. Тепе-тең екі топқа емес әрине. Мұның бәрі де 20 және 80 деген екі санмен байланысты.

Дүниеде 20% адам бай да, 80% адам кедей. 20% адам жер бетіндегі 80% байлықты, 80% адам жер бетіндегі 20% байлықты иемденген.

20% адам уақытты сатып алса, 80% адам уақытты сатады. 20% адам практикалық жұмыс жүргізуге мән береді. 80% адам теорияға жүгінеді.

20% адам қарапайым істерді істейді. 80% адам қарапайым істерді онша ұнатпайды.

20% адам ертеңгі істі бүгін орындайды. 80% адам бүгінгі жұмысты ертең істейді.

20% адам қалай ақша табамын деп ойлайды. 80% адам менде ақша болса, қалай жұмсаймын деп ойлайды.......
Кеңестер
Толық
0 0