Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері

Сұйық тыңайтқыштар минералдық және органикалық қоректік компоненттердің сулы ерітіндісі немесе суспензиясы. Ең кең тарағаны азотты минералдық және кешенді сұйық тыңайтқыштар. Бірінші топқа сусыз аммиак, аммиакты су ( NH 3 – 25%-к ерітіндісі ), аммиакаттар ( кальций және аммоний нитраттары, аммиакты сусындағы карбамид ерітінділері), көмірқышқылды аммиак ( аммиактың карбонат немесе гидрокарбонат сулы ерітіндісі және карбамид) . Бұл бос NH 3 құрамдас тыңайтқыштарды пайдалану оларды герметикалық, коррозияға тұрақты ыдыстарда тасымалдау мен сақтау қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштар макро-және микроэлементтердің әртүрлі үйлесіміндегі тыңайтқыштар. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды өндіру қатты тыңайтқыштарға қарағанда 20% арзан, сондай – ақ сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану сәйкес техникалардың болуымен арзан тұрады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды дайындаудың бастапқы компоненеттері – фасфор қышқылы, азотты тыңайтқыштар ерітіндісі (мочевина , аммиакты селитра немесе олардың суда жақсы еритін қоспасы) , аммиак, калий тұздары мен микроэлементтер. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды себу алдында, себу кезінде және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Теріні жасартатын 5 қағида

Бет терісінің түсін жақсарту, ұсақ әжімдерді тегістеу және теріні балғын ете түсу үшін тамақтану мәзіріңізді ретке келтіру керек. Теріні жасартатын 5 қағида ұсынамыз. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл қағидаларды қатаң сақтау қажет.

1. Қантқа жоқ деңіз.

Ағзадағы қант — әжімдердің негізгі көмекшісі. Қанттан бас тартсаңыз, нәтижені бірден байқамайсыз. Себебі, бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сондықтан шыдамды болып, күте білсеңіз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Қанттан бас тартқан әйелдердің жақсарып, терісі жасарғанын дәлелдеген зерттеулер көптеп кездеседі. ......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ы әрпі бойынша ат қою)

ЫРЫСАЛДЫ - ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.

ЫРЫСБАЛА - бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.

ЫРЫСТЫ - бақытты, құтты.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

30 күнде әдемі болу жолы

Сіз білмейтін 10 керемет
Бір айдан кейін жарқырап, жайнап көктем де келеді. Әрине, әйел затының көктеммен бірге құлпырып, әлдеқайда әдемілене түскісі келетіні анық. Ендеше, бір айдың ішінде қалай жақсаруға, жасаруға болады? Оның құпиясы төмендегі он кереметте жасырылған.

✅ 1. Ас мәзіріне мән беріңіз
Қызылша – өте пайдалы көкөніс. Ол ағзаны тазалап, асқазан мен бүйректің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ теріге тигізер пайдасы мол. Сондықтан оны күнделікті ас мәзіріне қосыңыз. Қарапайым салат жасаңыз. Бастысы, оны майонезбен емес, зәйтүн майымен араластырғаныңыз жөн.......
Кеңестер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Өсімдік өмір нәрі өмір сәні

Өсімдік - өмір нәрі, өмір сәні.
Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі. Өсімдіктер адам өмірімен және жануарлар әлемімен де тығыз байланысты. Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамзатқа тигізетін пайдасы зор. Олардың кейбіреуін тамаққа пайдаланса, енді бір тобын әртүрлі шаруашылықта пайдаланады. Өсімдіктер адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байытады. Өсімдіктер қалалар мен ауылдарды шаң - тозаңнан қорғайды. Яғни, өсімдіктер адам көңіл - күйіне ерекше әсер етеді. Бөлмеге жасыл өсімдік өсірсеңіз, өзіңізді бөлмеде емес, ерекше бір орында отырған сияқты сезінесіз. Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Қоғамдық орындарда, бөлмелерде өсімдік өсірілсе, олардың хош иісі мен сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл - күйін шаттандырады. Адам өсімдіктерді сәндік үшінде өсіріп эстетикалық ләззат алады. Өсімдіктер айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шудың адамның жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етіп, қан қысымын көтеретіні белгілі. Ағаштар жол жиегіне неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым дыбысты жақсы басады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы элементтері

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құра ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0