Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігін терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Бұл мақсаттың шешімін табуда оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі - өзіндік жұмыстардың алатын орны ерекше. Сондықтан олардың мазмұнын, формаларын жетілдіру өзекті мәселелер қатарынан орын алады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысыныз жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі.Осының нәтежиесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар

І.Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар.Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен бұл роман қалың ақырман қауымын өзіне баурап алды.Тілдік ерекшелігі, сөз саптауы, ойды ұшқыр жеткізе білуі жазушының шеберлігі.
Тіл білімі салаларының ішіндегі ең бір арнасы кең грамматиканың- синтаксис саласы екені сөзсіз.Синтаксистің күрделі категорияларының бірі- баяндауыш мәселесі айтарлықтай сөз болды.Бұл жұмыста баяндауышқа әр ғалымдардың берген бағасын, көзқарасы мен тұжырымдарын саралап,салыстыра отырып анықтама берілді.Сөзге баяндауыштық сипат беріп тұрған негізгі морфологиялық көрсеткіші негізге алынады. Осы орайда жіктік жалғауының предикаттық мәнін айқын аңғардым.Етістік баяндауыштардың мағыналық әрі грамматикалық ерекшелігі бар баяндауыштың ерекше семантикалық тобы болып саналатын есім баяндауыштардың қалыптасып,даму жолдары тарихи тұрғыдан зерделеніп, оның қалыптасуына әсер ететін тілдік экономия заңы, шақтық ұғым және стильдік талаптардың орны сөз болды.
Есім баяндауыштардың жасалуының синтетикалық және аналитикалық тәсілдері нақты фактілер арқылы яғни Ә.Нурпейісовтың «Қан мен тер» романынан алынған мысалдармен дәлелденді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты

1 – тарау Перифраза туралы жалпы түсінік
1. 1 Перифраза туралы түсінік
1. 2 Перифразаның зерттелуі
1. 3 Перифраза фразеологизмнің қомақты салаларының бірі
2 - тарау Перифразаның құрылымдық типтері
Есім перифразалар
2. 1 Ақын – жазушылар тіліндегі есім перифразалар
2. 2. Халық ауыз әдебиетіндегі есім перифразалар
Етістікті перифразалар
2. 3 Ақын – жазушылар тіліндегі етістікті перифразалар
2. 4 Халық ауыз әдебиетіндегі етістікті перифразалар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Анотация
Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Қазақ тіліндегі перифразалардың пайда болуы мен қалыптасуына барлау жасап оның құрамы мен басқа да тілдік құндылықтармен байланысын анықтау.

Гипотеза: Қазақ тілі ұлт болмысын танытатын бейнелі тіркестерге бай. Ұлттың ментальдық өрісінің ауқымы мен көркемдік ойлау қабаттарын және қазақ тілінің есепсіз тіл қуатының молдығын білу үшін ұлт тіліндегі көркем сөздерге жүгінген жөн. Халықпен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны жоғары образды тіркестердің өміршеңдігін оның қолданысынан байқауға болады. Осындай образды көркем сөздердің қатарына перифразаларды да енгізуімізге әбден болады. Бірақ перифразалар жазба әдеби тілдің қатталған беттерінде қалып бара жатыр, ал бүгінгі ұрпақтың ауызекі сөйлеу тілінен жиі ұшырату қиын. Қазіргі қазақ ұлтының ой терең болғанымен тілі жұтаң. Ал жастар тілі қасаң тартып, қысқа қайрылатын сөздер мен тіркестерге ауысуда. Осындай қоладаныстан шығып бара жатқан құндылықтарымыз келешек ұрпақтарымызға жетпей қалуы мүмкін......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қойшының әләуләйі)

Әләуләй,әләуләй, әләуләй!
Ылғи ет жеп жүреді елде болысың-ай.
Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім,
Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Мына қолдың саласынан май тамар,
Ішіп болмай қымыз деген жай қалар.
Болыс болсам, арманым не, уа, шіркін!
Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар?
Әләуләй, әләуләй.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Балабақшадағы психологиялық қызмет

Кіріспе
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІ

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қырқүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0