Өмірбаян: Асылхан Төлепов (21 мамыр 1992 жылы)

Асылхан Сайлауұлы Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) — Қазақстан актеры. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады.
Өмірбаяны
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің професссор Есім Сегізбаев класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын жазы)

Па, шіркін, құм Тосынның жазы қандай,
Ауру жан сырқатынан жазылғандай.
Көтерген көк орманы қарқарасын,
Жан сүйген жар секілді жазық маңдай.
Бұрқырап бұлақ ойнап құм төсінде,
Ұқсайды табиғаттың еркесіне.
Бұралған қыз беліндей қызыл жыңғыл,
Таласа біткен шоқы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Нәсіреддин Сералиев | Мен баламын ба

1

— Қойшыжан, кешігіп қалмайсың ба?

— Кешікпеймін. — Мен жастығымның астындағы «штамповкі» сағатымды алып қарайым. Әлі ерте. Сағат екі жарым. Кенсе ашылатын уақытқа әлі аттай біржарым сағат бар.

— Сенің со сырқылдағың тұрып қалған шығар, үйдің іші жап-жарық қой, — дейді апам.

Тайдың тұяғындай дөңгелек қалта сағатымды жалма-жан құлағыма тосамын. Жоқ, натидың ескі моторынша тарс-тарс ұрып тұр. Жазда апам арқалап қауын сатқан ақшасына тамағынан жырып, «сабақ бергенде уақытты біліп отырасың» деп, сатып алып беріп еді. «Отқа салсаң күймейтін, суға салсаң батпайтын, тасқа ұрсаң сынбайтын, өмір бойы тұрмайтын ғажайып сағат! Алып қал! Алып қал! Алмасаң да көріп қал!» деп жылмаңдатқан бір ақсақ саудагерден алғанбыз. Қу саудагер бізді алдап соққан екен, «ғажайып сағат» базардан шыға бере сыр берді... Өмірімде түңғыш сағат ұстаған менің екі езуім екі құлағымда. Кеудем де сағатпен қосыла дүрсілдейтіндей. Қуанғанда мұп-мұздай шойында ысып кете ме дедім, біресе он уысыма, біресе сол уысыма қысып келе жатқан сағатым жаңа туған тауықтың жұмыртқасы секілді жып-жылы. Бір мезетте соғысын байқайыншы деп құлағыма тосып едім... түк дыбыс жоқ. Сағат тіліне қарасам, ол да қаңтарылған аттай сілейіп қалған. Дереу апам екеуміз ізімізше базарға жүгіріп, әлгі саудагерді іздеп шарқ ұрдық. Ізім қайым жоқ, суға батып кеткен қара тастай. Біздей ашық ауызды алдап соққан алааяқ тұратын ба еді. Сан соғып қалғанымызды көргендер мүсіркеп жұбатып жатыр. Бір шалғы мұртты қазақ: «Шырағым, бұл штамповкі деген сағат болады, мезгілсіз шақыратын тауық секілді» деп сағатымды сілкіп-сілкіп қолыма берді. Сағат «кеудесі» зырқылдап қайта соқты. Амал қанша, өкініштен ішіме шоқ түскендей кете барғанмын.:. Мынау сағат, сол штамповкі. Тоқсан бір сом төлеп сағатшыға жөндетіп алғанмын. Сөйтсем де қара басып тұрын қала береді. Талай-талай ұятқа қалдырғаны бар.

— Тоқтамап па?—дейді апам шыдамсызданып тағы да.

— Тоқтамапты, апа.

Мен анамды апа дейім. Жұрттың бәрінің анасы солай ма, әлде жалғыз менің ғана анам ба, әйтеуір оның менен тек шығарға жаны бөлек. Бір минут көз алдынан таса қылғысы келмейді. Көзінен тайсам адасып кететін құттай баладай көреді де тұрады. Маған мұрт шыққанында шаруасы жоқ. Әкемнің айтуынша, әлдеқашан отау иесі, сабаудай жігіт болдым. Апамның емшектегі нәресте құсатып өбектегенінен ұялам... Кейде кісі көзінше-ақ жүз айналып, мың толғанатынын қайтерсің. Ондайда шыным, жердің жарығы болса соған кіріп кеткім келеді. Бірақ, қанша қысылғанмен ішім жек көрмейді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | АЛГОРИТМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

«Информатика мен есептеуіш техника негіздері» курсының бірінші бөліміндегі ең маңызды ұғым – тиімді алгоритм ұғымы, ал негізгі талап- есеп шешімін алгорм түрінде өрнектеп, алгоритмдік тілде жаза білуі. Осыған байланысты алгортмнің мәнін нақты, терең түсінуі, оның қасиеттерін, алгоритмдік тілдің негізгі құрылымының жазылу ережесін білуі, шамалардың типтерін жеке ажыратуы, сондай-ақ мәндер таблицасын пайдаланып, алгоритмнің атқарылуын бақылай білуі тиіс.
Тиімді алгоритмдерді құру және оның құрылымына талдау жасау кезінде алгоритм схемаларын қатты көңіл бөлінді, ал алгоритмнің атқарылу процесінде мәндер таблицасын пайдалануға баса назар аударылады.Сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді.
Тиімді алгоритмді белгілі бір дәрежеде жасампаздық, ойлап – тапқыштық процесс болып табылады. Сонымен бірге өнертапқыштық стандартты емес және дәстүрлі емес ыңғаймен есептерді шешуді талап етеді.Көптеген жағдайларда қанағаттанатын нәтижені тез ала алмаймыз, сондықтан, тиімді алгоритмді құруда жасау және қатені түзету әдісіне келтіріледі және нәтиженің соңғы вариантын алу үшін талдау және нақтылау бағытында бірнеше қадамдар жасау талап етіледі.
Мақсаты тиімді алгоритмдерді айтылған ережелерге келтіріп, ретімен, орналасу тәртібімен, берілген есептін мәніне қарай шарт қойып, есептін дұрыс жолын, шешімін, нәтижесін табу....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Жаракаттар, алгашкы медициналык комек

Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.
Алғашқы медициналық көмектің міндеті — жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп қиналудан асқыну мүмкіндігінен сақтандыру, жарақат немесе ауру зардаптарының жеңілдеуіне мүмкіндік жасау.
Жазым болған жерде алғашқы медициналық көмекті жарақаттанған адамның өзі (өзіне-өзі жәрдемдесу) немесе оның серігі (өзара жәрдем), жасақшы санитар қыз көрсетуіне болады. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мынадай шаралары бар: қанның ағуын уақытша тыю, жараға немесе дененің күйген жеріне стерильді таңғыш байлап, қолдан тыныс алдыру және жүрек тұсын ұқалау, антидоттар жіберіп, антибиотик ішкізу, ауруды басатын (шок кезінде) дәрі егу, жанып жатқан киімді сөндіру, тасымалдауға әзірлеп, иммобильдеу, дөңесін жылыту, ыстық пен суықтан сақтау, противогаз кигізу, жарақаттанған адамды зақымданған жерден, әкетіп, аз-аздап санитарлық тексеруден өткізу.
Алғашқы медициналық жәрдем неғұрлым тез көрсетілсе, зақымданудың бұдан былайғы барысы мен сауығу нәтижесіне, тіпті өмірді сақтап калуға шешуші әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұшақ үстіндегі ой)

Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нән ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге:
Біртегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар,
Байқалмайды әжім-әжім қыраттар,
Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Волхов)

Долы ағын иіріліп, шұбатылып,
Толқыны тоқсан тоғыз бұратылып.
Шашылған зеңбіректің оттарындай,
Ақ көбік айдынында тұр атылып.
Орыстың қарт өзені көпті көрген,
Қол беріп қоса аттанған кектілермен.
Майданда жапырағын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ

Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.Сондайақ, бір стақан сәл жылытылған.....
Кеңестер
Толық
0 0