Әңгіме: Мағзом Сүндетов | Адам деген қызық

Күннің ыстығынан көгілдір аспанның түсі оңып, шақытып тұр. Жасыл жотаның үстіндегі сұрғылт ауыл ертеңгісін етек-жеңін жимай, көсіліп жатқандай еді, қазір ол да жиыла қалыпты. Өзен беттегі ойпат қана түс бермейді; анау ақ жібек белбеудей соқпақ болмаса, төңірек — қалың мия, қоянқарта, ажырық өскен жап-жасыл; бетімен көлеңке жүгіріп, толқынданып жатыр. Көктемде өзен арнасынан шығып осы өңірді ен жайлайды да, шілдеде дегдіп, жайқалған қауға айналады. Сонан қара күзге дейін бұ жерге орақ та түспейді. Шідерті колхозы шөпті алыстан шабады; бұған тимейді, ауылдың ұсақ жандығына арналған несібе.

Жалғыз аяқ ешкі соқпақ ауылдан шығып, жыландай ирелендеп өзенге қарай жорғалап барады. Бұл соқпақты су да, қар да, шоп те жұта алмаған. Талай-талай керуен сүрлеуі жоғалса да, соқпақ үзілмейді; қатын-қалаш, бала-шағаның жалаң аяқ табанымен тапталып тақырға айналған, тек өзенге жете бере түс беріп, күреңітіп бойына ылғал тартатыны бар. Әне, иінағашқа екі шелек су іліп, қызыл ала көйлекті, қара шашты қыз ешкі соқпақпен ауылға таман дірдектеп келеді; қыр мұрынды, ақ құба жүзі алаулап, тарының түйіріндей ұп-ұсақ тер кең маңдайында жылт-жылт етеді. Әлсін-әлсін ұялы бота көзіне түсіп кете берген екі-үш тал бұйраланған ерке шашын астыңғы ернін шүйіре жоғары үрлеп қояды. Бі лектей қос бұрымның бірі оң иықтан құлай, жауырынында тербелсе, енді бірі кеудесінде, жұқа көйлек астынан білінер-білінбес анар үстінде аунап, ойнап келеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Сегіз жаста ұлы октябрь)

Жаудың қанын судай шашқан күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,
He заманғы бұғауларын шешкен күн.
Қызыл әскер тасты жүндей қопарып,
Жаңа дүние жайлауына......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Бастауыш мектеп математикасын оқыту

K I P I С П Е
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Жұмыстың көкейкестілігі. Қазіргі дене тәрбиесі жүйесінің әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайында жалпы орта білім беру мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты адамның жалпы мәдениетінің компоненті ретінде дене мәдениетін де қалыптастыру көзделіп отыр. Кез – келген мұғалімнің алдында сабақта оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін оқушылар дене жаттықтыру сабағына қызығушылық танытуы, денелік және психикалық сапаларды дамытуы және сабақтан ерекше әсер алуы қажет. Қызығушылықтан ерекше дүниені күту пайда болады. Оның деңгейіне оқушының сабақтағы зейіні, мінез – құлқы, белсенділігі, сынй ойлауы, шығармашылықпен жұмыстануы байланысты. Оқушылардың денсаулығы - білім беру саласы мен мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бір[1].
Дене тәрбиесі бойынша маманның кәсіби компоненттігі олардың өз қызметінде мектеп жасындағы балалардың дене құрылымының заманауи тұжырымдамасын іске асыруға дайындығында болып табылады – тәрбие білім процессінде денсаулығын нығайту, дене және психикалық даму, әр баланың эмоциональдық саулығына бағытталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Сыр)

Елді ойламас ағаңның
оқ тілінен не пайда,
тамшы тамбас далаңның
от күнінен не пайда?
Бірлігі жоқ ұлыстың
көптігінен не пайда,
ұстары жоқ қылыштың
өткірінен не пайда?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сенбеймін

Ия сенбеймін кейде сенбеймін,
Сенбегесін сені тағы тергеймін.
Кеше ғана қол ұстасып жүріп,
Бүгін сені түстерімнен іздеймін.

Ия жалғызсырап өзіңсіз көнбеймін,
Сені іздеп мына....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Фитопрепараттарды қолдану арқылы қозылардың диспепсиясын емдеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
Республикамызда қой шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады. Қойларда өнімділікті арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады.
«Диспепсия» деген атау тура мағынасында ас қорытудың бұзылуы (грек. Dyspepsia dys – бұзылу, жойылу; pepsis – қорыту) дегенді білдіреді. Бұл терминді 1875 жылы, жаңа туылған төл өлексесін сойып-зерттеу кезінде айқын білінетін макроскопиялық өзгерістерді белгілеу мүмкін болмаған кезде қолдану арқылы, алғашқы болып австриялық дәрігер Видерегофер енгізді. Ол аталған аурудың негізінде ас қорыту үрдістерінің бұзылуы жататындығын және таза функциональдық сипатын болжап берді. Дегенмен, бұл концепция кейін теріске шығарылса да, терминнің өзі жаңа туылған нәрестелер, төлдер және құстар аурулары бойынша мамандардың арасында кеңінен қолданысқа ие болды[1].
Қозылар диспепсиясы барлық жерлерде таралған және де ірілендірілген шаруашылықтарда көптеп кездеседі. Жалпы диспепсиямен үй малдарының барлық түрлерінің төлдері ауырады. Аурудың бұл түрінен келетін шығын мал басы санының кемуінен, төлдердің нашар болуынан, ауырып жазылған малдардың бордақылаудың қымбатқа түсуінен, ауру төлдерді емдеуге жұмсалған шығынның қайтымсыздығынан құралады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Сарғасқаев «Тәмпіш қара» 2-сабақ (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Балалар мен үлкендер
Сабақтың тақырыбы: С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар шығарманың өн бойына түрлі тұрғыдан талдау жасай алады және соның негізінде өзіндік ой қорытып, кейіпкерлерге гуманистік тұрғыдан талдау жасай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0