Мен қорықпаймын сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым, жанартаулардан лапылдап шашқан жалын. Көңіл-сұңқар емес пе - келеді ылғи асқарлардан да әрі асып аспандағым. Өршіп қайта жаныма от алмасам, мен, әйтеуір, құздардан жасқанбадым.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Қиял мен шындық Сабақтың тақырыбы:Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 3-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ Сабақ мақсаты: Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті Сабақ тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау Сабақ мақсаттары: Ш.Уәлихановтың қазақ ғылымындағы ролін зерттейді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақтың бұлбұл үнді саршыл ақыны Сағи Жиенбаев өлеңдері бізде көп сөз бөле бермейді. Ол туралы сирек жазылады. Бірақ Сағи секілді ірі ақынның сый – сияпатқа бөлінуге әбден қақысы бар. Сағи туралы жарық көрген еңбектер бар болжаммен , поэзиясы толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз. Сондықтан біз дипломдық жұмысымызда Сағи поэзиясы кең түрде ғылыми тұрғыда зерттеуді тақырыптың өзектілігі деп көрсетеміз. Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеті: Талантты ақын С. Жиенбаевтың лирикалық шығармашылығына бұрын айтылған сын – пікірлерге шолу жасай отырып, оларға баға беріп лирикасының жетістіктері мен кемшіліктері тұжырым жасау. Ғылыми болжамы: Келешек оқу үрдісінде ғылыми жобалармен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде , бақылау, курстық жұмыстарды және қазіргі дәуір әдебиеті пәнін өйткенде көмекші ретінде пайдалануға болады. Зерттеудің нысаны: Диплом жұмысы орындау барысында көрнекті ақын С. Жиенбаевтың поэзиясының көркемдік ерекшелігіне тоқтап,қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, әдеби мұрасына қатысты материалдар арқылы ғылыми тұрғыдан талдап теориялық маңызына назар аудардық. Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе және екі үлкен тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қазақтың бұлбұл үнді сыршыл ақыны Сағи Жиенбаев жайында ең алғаш ақын ұсынған жыр жинағы арқылы оқып білдім. Сағи -ағам-балалар ақыны емес. Бірақ балалық шақтың әсерін бойында сақтап қалған ақын. Қалам иесі үшін бұл үлкен бақыт. Бала шақ-Болашат аталатын үлкен университеттің алтын бастауы. Жыр - адам жаның тазартады. Қалғып бара жатқан рухыңды сілкіп оятады. Жақсылыққа өмірге құлшындырады.Сағи ақын жырлары бейне мөлдір бастау. Шөліркеп келіп бас қойсаң сусының қанады, мұңдатып жүрсең өзің менсырласып шеріңді тарқатады. Бейне бір сырыңды сыртқа шашпас жан досыңмен сырласып отырғандай боласың. С.Жиенбаев өлеңдері үстіне кір жұқтырмас кірпияз жандай мұнтаздай таза болып келеді артық жол, басы артық бір сөз болсайшы. Әсемдікті сезіндіріп, әдемілік дүниесіне шомылдырып тұрып та терең ойланып, дүние ғаламға көзіңді ашып, көңіліңді оятып жатады. Аңғар жақтан тұрады салқын жел есіп Күнгей бетің тебіндепті-ау көгі өсіп. Тағы да бір қимас жанды құндықтап, Тау басына қосылар бір төбешік. Осында табиғат суреті, тірлік мұраты, өлім бәрі де бар емес пе?! Және қалай жақсы, қалай ойлы айтылған.....
Жоба жұмысының мақсаты: Көкшетау поэмасындағы тау атауларының аңыздармен сабақтастығын анықтау Міндеті: - Ақын өлеңдеріндегі табиғатты суреттеулерін зерттеу, саралау; - Табиғат сұлулығын адам тіршілігімен байланыстыруын байқау, аялауға үйрену, табиғаттың көркем бейнелерін көре білуге үйрену.; - Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау Жобаның өзектілігі: С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерінің адам өмірімен байланыстылығы, бейнелі сөз сұлулығы. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: С. Сейфуллин лирикасындағы табиғат суреттерінің өміршеңдігі жоғары, өзінің оқырмандарын рухани байытуға өз үлесін әрқашанда қосады, болашақ ұрпақтың өлеңдерден алары көп екендігін болжадым. Зерттеу әдістері: • Ізденіс • Халық аңыздарын Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерімен байланыстыру • Жүйелі қорытындылау .....
КІРІСПЕ «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт - санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Қазақтардың таным - түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден - ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған......
Аспан айналып жерге түскендей. Шақырайған шарболат күн балқып барады. Бұйрат-бұйрат құмның іші қайнап түр. Құс ұшпайды, тышқан жүгірмейді — аптап! Тек шегірткелер жаппай жамырап, берекесіз шырылдайды. Трактор сүйреген бес шөп машинаның қайшылары жалаңдап, сыр-сыр етеді. Машинист балалар көздерін бір ашып, бір жұмып, қалғып-шұлғып отыр. Машина дөңгелегі томарға соғылса қопаң ете қалады да, дереу көтергіш тягіге жармасады. Трактор құлақ тұндырады, жанар майдың күлімсі иісі танау жарады. Көзге шыбын-шіркей тығылады, кейде орақ қиған қурай сынығы ұшып келіп, бетке сырт етіп тиетінін қайтерсің.
Балалар аздан соң бастары былғаңдап, қайтадан қалғи бастайды.
Агрегат қамысты жапыра шауып, қалың қауға кіре беріп еді, трактордың таңқиған танауының тақ астынан үш бірдей киік атып шығып, қырға қарай аңқыды. Трактор солқ етіп, қалт тоқтады. Қайсабай тракторист кабинадан бас қылтитып, саусағын шошайтып:
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ: Адамның өміріндегі зең саңырауқұлақтарының рөлін бағалап, олардың басым түсетін оң немесе теріс әрекеттерін анықтау. ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Бастауыш сынып оқушылары зең саңырауқұлақтарының тұрмыстағы пайдасы мен зиянын жақсы білу керек. ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: 1. Неліктен саңырауқұлақтар ерекше патшалық екендігін білу. 2. Адам өміріндегі зеңнің теріс рөлін анықтау. 3. Адам өміріндегі зеңнің оң рөлін анықтау. 4. «Екі жақты» салыстыру және басым түскен рөлді анықтау. 5. Зең саңырауқұлақтарының дамуы үшін қажетті жағдайларды тәжірибелік түрде анықтау. ЗЕРТТЕУДІҢ БОЛЖАМЫ: Егер біз зең саңырауқұлақтарының оң және теріс әрекетін бағаласақ, онда олардың биосферадағы заттардың айналымында үлкен рөлді атқаратындығы туралы қорытындыға келеміз......