Курстық жұмыс: Педагогика | Класс жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі басты қызметі

Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.
Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.

Курстық жұмыстың міндеті. Курстық жұмыс міндеті негізінен, сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін қамтиды. Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет.
Ұжымды ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші обеъектісі мен міндеті.
Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу.

Өзектілігі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға , азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі , мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр.Алайда сынып жетекшісінің оқу – тәрбие жұмыстарындағы рөлі ерекше екендігі даусыз.

Теориялық мәні. Сынып жетекшісінің басты назарында - оқушы – Адам, оқушы – тұлға , әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Роза Рымбаева Қуанышқызы (28 қазан 1957 ж)

Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан, 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Биология | Вирустардың морфологиялық сипаттамасы

Вирустардың морфологиялық сипаттамасы.
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Жасуша ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Ақуыз синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді. Вирус құрылысының компоненттері: капсомер-белокты бөлек бірлігі, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әжім кетіретін Сегіз түрлі нәр

1. Қызанақ (помидор). Құрамында дәрумен мол болады, оның ішінде С дәруменінің құрамы көкөніс түрі бойынша алдыңғы орында, ол теріні ұтымды түрде қорғай алады; Ондағы мол А дәрумені терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп мүйізгектенуінің алдын алады. Қызанақты ұсақтап турап, жаншып шырынын шығарып алып, оған азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді тіпті жақсы кетіреді.

2. Мандарин. Мандарин құрамындағы В дәруменінің теріні жию және жұмсарту рөлі болады. Мандаринді қабығымен жаншып, спиртке шылап, үйлесімді мөлшерде бал қосып, бір апта қойып, бетке жақса, теріні жұмсартуға және әжімды кетіруге өнімі болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Бөлме гүлін баптау

Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларды аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұру керек. Одан өзге гүлдерді өсіру, баптау тәсілі санқырлы. Назарларыңызға бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді ұсынамыз.

• Бөлме өсімдіктерін бойына қарай ретімен орналастырады. Сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.

• Жаз мезгілінде күн көзі гүлдерге тікелей түссе, қурап кетпес үшін көлегейлеу қажет.

• Гүл әдемі болып өсу үшін, оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып, бөлме ішіне беті ашық күйінде қояды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиет | Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны шығармашылық жұмыстары

Кіріспе.
Өзектілігі: қарастырып отырған курстық жұмысымның өзектілігі Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы курстық жұмыстың тақырыбы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келуі үшінде бұл тақырып өзекті..
Мақсаты: Менің курыстық жұмысымның мақсаты Е. Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болуы, мысалы, қазақ мектептері үшін түңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық кұрал жасауға ат салысқаны, ол еңбектері 1938—1939 жылдары "Халық мұғалімі" (қазіргі "Қазақстан мектебі") журналында жариялануын паш ету. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Алаштың тағдырлы тұлғасы Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев

Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді болашақ ұрпақ санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өлкенің оқыған азаматтарын еске алып, өмірі мен ерліктерін, еңбектерін қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған, тәуелсіздіктің бастауы болған ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып, бедерленіп келеді.. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т. б. еді. Ақ тумен көтерген тегеурінге бергісіз батыл, мемлекетшіл және отандық идеясы болатын. Алаш қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Эксперименттік есептер

Кіріспе
Физика – экспеименттік ғылым. Физиканың даму тарихына үңілсек, аса ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Эксперимент физика ғылымдарында негізгі таным әдістерінің бірі болып табылады. Ұлы ғалым М.В.Ломоносов табиғат туралы ғылымдарда эксперименттің маңызы жөнінде былай деген: «Мен тек қиялдан ғана туған мың пікірден гөрі бір тәжірибені жоғары қоямын».
Физиканы оқыту процесінде эксперимент-оқыту әдісі және білім көзі бола алады. Мектептегі жасалатын эксперименттерді физика ғылымындағы іргелі тәжірибелердің қарапайым және көрнекті түрде қайталануы ретінде қабылдау керек. Оқу эксперименттерінің төмендегідей артықшылықтары бар:
- физикалық құбылыстың жүру процесін көрнекі түрде оқушыға жеткіз;
- әртүрлі заңдарды және теорияларды тиімді түрде оқушыларға түсіндіру;
- оларға қоршаған орта жөнінде танымдық информация беру;
- оқушыларда терең және берік физикалық білім қалыптастыру;
- олардың шығармашылық қабілетін және физикалық ойлауын дамыту;
- физикалық шамаларды өлшеу білігі мен дағдысын қалыптастыру және т.б.
Дегенмен, оқу процесінде аталған дидактикалық мақсаттар толық орындалмай жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Қайым ағаның қазасын естігенде)

Мәңгілік сапарына бұрып бетті –
Дегенде Қайым ағаң жүріп кетті.
Қабынып жан-жүрегім қара бұлттай,
Жанардан сел-жаңбырын үріп төкті.

Қарадым жалтақ-жалтақ жан-жағыма,
Өкіндім қапы айрылып.....
Өлеңдер
Толық
0 0