Дипломдық жұмыс: Психология | Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған.
Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді.
Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді, тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыстарында сезіне түсуде.
Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен келеңсіз жәйт тудырған «өркениеттер қақтығысы» деп те аталып жүрген қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық диалог негізінде құрылған.
1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы дөңгелек үстел болып, онда «ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр», − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған.
2006 жылғы 25-маусымда бекітілген «Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекетіміздегі ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бүгін)

Күн бүгін күндегіден неге нұрлы,
Сөз бүгін неге әдемі, неге сырлы.
Сипаттап ел тұрмысын құйылды сөз,
Түйінді шешпек болып неше түрлі.
Бұл нұрлы сәулеленген баспа күні,
Әлемге ұран салып шыққан үні.
Баспасөз жұртшылықтың......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУЫ

КІРІСПЕ
Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс және бұларды
тілдің бөлекше бірсипаттыгы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болар еді. Тілдің байлығы,тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніміздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы. Ойды әсемдеп айтуды үйренудің мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дәлелді болсын десеңіз, халықтың хас туьндысы-айрықша сөздер тобының тамырын басыңыз. Сонда ғана сіз тілдің қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға нақты жауап бере аласыз (Ө.Айтбаев). Қай елдің, кай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай-қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім. Осының өзінен-ақ ғылымдағы фразсологизм проблемасының мейлінше кызық, мейлінше қиын проблема екенін байқау қиын емес. Осыларды ғылыми проблема ретінде қарастыратын әр алуан еңбектердің сөлін сүзсек, мұның не қилы мәселелері айқындала түседі екен. Біздің зерттеп отырған жұмысымыздың тақырыбы: "
ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУЫ" ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Кінәмшіл бойжеткен


Май айының іші. Гүбірнелік қаланың бақшасы мейрам күніне күндізден әзірленген. Күн батуға тақағаннан бері қарай, қаланың қызықты көксеген жастары әлденеше көңілді топ болып, күлісіп-әзілдесіп келіп, бақшаға кіріп жатқан. Бүгін күн ыстық болған. Сондықтан мынау бақшаның көлеңкесінен шыққан салқын леп майысып қана тербете соққанда, денені тез көтеріп, сергіткендей болушы еді.

Мейрам күннің түс мезгілінен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайраңдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр. Қала халқына көптен белгілі болған бақша оркестрі күндізден құтырып ойнап, дәмелі жастың көңіліне қозғау салып шақырып тұрған.

Құмы мен шаңы көп ыстық қалада майдың қоңыр салқын кеші кішкене сұлу бақшаның ішіне жанар оты сөнбеген жастарды еркін демалысқа, түстей сұлу сезімге шақырып, күтіп тұрғандай. Бақшаның сәнді шұбар тобы көрініске шыққан сахна сұлуларындай болып, неше алуан тілімен былдырлап, желікті күлкі, сезімді қалжыңмен оркестр күйінің ішінде толқынып, бұралып өтіп жатты. Күн батып, қас қараюға айналған кезде бақша мезгіл сайын жанданып, ыстық лепті тіршілік қызуымен ажарланып келе жатқан. Бақша, тіршілік күнінше, жылытатын ұяша талай меңіреу ойды да оятып сергіткендей.

Кейбір шеткі аллей ұзақ қоңыр, қараңғы болып келіп, қараңғы түн сырымен қосылып, ыстық демалыс, үзілген жүрек күйін ескерткендей болатын. Екі жақтағы қараңғы қалың тоғай ішінде тұңғиық қара көзді түн сыры оркестрдің сезімді күйіне тіл қосқандай. Қалқып тұрып иек қағып, жұмсақ жел сілкінткен жапырақтарын тілші қылып, сол күймен сыбырласып сырласқандай болушы еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Сырa өндірісінің биoтехнoлoгиялық үрдісін зерттеу

Сырa – құлмaқтың aрoмaты мен жaғымды aщы дәміне ие, aшу прoцесінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл гaзымен қaнықтырылғaн көпіргіштік қaсиеті бaр сaлқындaтқыш сусын. Oл шөлді қaндырып қaнa қoймaйды, aдaм aғзaсының жaлпы тoнусын көтереді, зaт aлмaсуды жaқсaртaды. Сырa қaйнaту өте ертеден келе жaтқaн өндіріс бoлып тaбылaды. Біздің эрaмызғa дейін 7 мың жыл бұрын Вaвилoндa сырaны aрпa уыты мен бидaйдaн дaйындaғaн деген бoлжaм бaр. Сoдaн кейін сырaны дaйындaу Ежелгі египетте, Пaрсыдa, Кaвкaз және oңтүстің Еврoпaдa кең тaрaй бaстaғaн. Бaрлық слaвян тілді елдерде сырa деген сөзді кездестіруге бoлaды. Aлғaшқыдa сырa деп сусынның бaрлық түрін aтaғaн екен. Слaвян тілінде «пивo – сырa» және «пить –ішу» деген сөздер үндес бoлып келеді. Слaвян елдері ең aлғaш сырa қaйнaтудa құлмaқты пaйдaлaнғaн деген де сөз бaр.
ХХ ғaсырдың 30-70 жылдaры сырa қaйнaту өнеркәсіптері тoлығымен техникaлық жaғынaн қaйтa жaбдықтaлды, көптеген жaңa ірі зaуыттaр сaлынды, технoлoгиялық прoцестер мехaникaлaндырылды және aвтoмaттaндырылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0