Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Михаил Сергеевич Горбачёв

Михаил Сергеевич Горбачёв — 20 ғасырдың соңғы опжылдықтарындағы Ресей саясаткерлерінің ішіндегі ең танымалы. Оны ұлы реформатор деп те, Кеңес Одағын өлтірген адам деп те атайды.
Михаил Сергеевич 1931 жылдың 2 наурыз күні Ставропольенің Привольное селосында крестьяндар отбасында дүниеге келді.
1948 ж ол әкесімен бірге комбайнда жұмыс жасап, «Трудовой Красного Знамени» деген орден алған. 1950 ж Горбачёв мектепті күміс медальға бітіріп, Мәскеу университетінің Заң факультетіне түсті.Кейінірек ол былай деп айтатын: «юриспруденция және құқықтың не екенін мен ол кезде дұрыс түсінбейтінмін, бірақ соттар мен прокуратура орны маған қатты ұнайтын ».
Ол кезде ол Мәскеуде алғаш рет болған. Көп жылдар өткеннен соң ол былай деп есіне алатын
«Салыстырыңызшы: Привольное селосы және ... Москва. Айырмашылығы өте үлкен... Бәрі де мен үшін ең алғаш рет болды: Красная площадь, Кремль, Үлкен театр — алғашқы опе¬ра, алғашқы балет, Третьяковка, сурет салу өнерінің музйі... Москва өзенімен ең алғаш рет катермен қыдырғаным, Подмосковьедағы экскурсия, алғашқы қазан демонстрациясы... Әрбір кезде ештеңемен салыстыруға келмейтін жаңа нәрсені білу сезімі туады». Жас про¬винциалдың білім мен мәдениетке деген құштарлығы мол болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Бас ауруын қойдыратын әдістер

Ми тамырларын тазарту остеохондроз, бас ауруы, атеросклерозды емдеп, көңіл-күйді көтереді. Назарларыңызға ми тамырларын тазартатын 5 әдіс ұсынамыз.
1-әдіс: бал мен грек жаңғағы
Бес шақты грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шымшым даршын мен жанжабіл қосып, араластырыңыз. Қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір ас қасықтан жеп тұру керек.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Т.Әлімқұловтың күйішлік өнер және көркемдік жинақтау

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 60-80-жылдардағы қазақ прозасы, оның көркемдік деңгейі, шеберлік аясы туралы сөз қозғағанда алдымен қаламгерлеріміздің үлкен бір шоғыры ойға оралады. Үлкені бар, кішісі бар, олардың қаламынан қазақ әдебиетіне тиесілі мол мұра қалды. Ендігі кезекте тарих еншісіне өткен осынау шығармалардың авторларына қайта оралып, олар туған әдебиетімізге айтарлықгай не қосты, не алды деп сұрау салсақ, кезінде еленбеген көп құндылықтарымыз кайта бағамдалып, кайтара бағасын алуға тиісті. Бұған дәл бүгін ешкім дау айта алмайды. Осынау қаламгерлердің бел ортасында Тәкен Әлімқұловтың есімі жеке-дара аталуға әбден лайықты.
Алдымен Тәкен Әлімкұлов өзімен замандас жазушылардың қатарында қалам тербеді. Бірақ оның басқалардан айырмашылығы жазған дүниелерінің ешқайсысы саясат жетегінде кетпеді, сондықтан бұл туындылар уақытынан озып, бүгінгі оқырманымен де табысып отыр. Яғни жиырмасыншы ғасырдан аттап, жиырма бірінші ғасырға асқан қайталанбас, аса қымбат ұлттық-рухани құндылықтарымыздың калың ортасында Тәкен туындылары да бар десек қателеспейміз.
Қайталап айтсақ, Тәкен Әлімқұлов шығармалары қазақ халқының өнер көшімен бірге ілесіп, шаршамай, шашасына шаң жұқпай, уақыт озған сайын қырлана түсіп, ұрпақтан-ұрпақ ауысқан сайын жарқырай түсетініне күмән жоқ. Оның әңгімелеріндегі, повестеріндегі, романдарындағы Абай, Махамбет, Ақан сері, Қорқыт, Ықылас, Тәттімбет, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Әбікен Хасенов, Төлеген Момбеков сияқты, тағы да басқа өнер иелерінің образдары қазақ әдебиетіндегі қадау-қадау көркем тұлғалар ретінде қала береді. Оның басты себебі — бұл тұлғалар көркемдік биігінен табылды, заман шындығымен, уақыт тынысымен үндес, сабақтас сомдалды. Саясатқа бой алдырмады, саяси ортаға бейімделмеді.
Жиырма-отызыншы жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты майталман қаламгерлердің жазған көркем дүниелері әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Бұл туындылар енді ұлтымыздың мәңгі рухани құндылықтары санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей жарқырап тұра беретіндігінде дау жоқ.
Ал енді осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр, яғни жоғарыда есімдері аталған классиктеріміз уығын қадап, шаңырағын биікке көтерген Алаш ұранды әдебиет қазақ прозасының 60-80-жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын арқау еткен прозалық шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті. Айтулы, талантты деген туындылар да, қарап отырсақ, осы тақырыптың еншісінде екен. Осы ат төбеліндей, аса дарынды, оза шапқан шоғырдың бел ортасында қаламгер Тәкен Әлімқұловтың да шығармашылығы оқшау көрінеді. Оның басты себебін қаламгердің көркемдік деңгейімен оқ бойы озық көрінген туындыларынан іздеу абзал. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары казіргі тұста әдебиет тарихының, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, тану өзегіне айналуы өте қажет. Бұл салада алғашқы қадамдар басталды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Айранның пайдасы

Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде зиянды сусындардың саны күн санап артып келеді. Алайда денсаулыққа кері әсерін тигізетін сол сусындарды тұтынатын адамдар саны аз емес. Олардың орнына өзіміздің ұлттық сусындарымызды неге ішпеске? Бүгін біз сіздердің назарларыңызға айранның құрамындағы пайдалы элементтерді ұсынғымыз келіп отыр.

1. Ас қорыту жүйесін реттейді.

2. Жара және күйіктерді емдейді.

3. Көзге пайдалы А витамині бар.

4. Жетілу үшін Е витамині бар.......
Кеңестер
Толық
0 0