Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Бекет ата Аңыз бен ақиқат

Жұмысымның негізгі мақсаты: Мектеп бағдарламасы бойынша оқулықта толық қамтылмаған тақырыптардың бірі - тарихи тұлға Бекет Мырзағұлұлының ғибратты ғұмыры, ол салған тарихи ескерткіштер болып саналатын мешіттерінің ғылыми негізге сүйеніп салыну үлгісі мен ағарту бағытындағы маңызын ашу.
Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы мен өзекті мәселелері: Тарихи ақтаңдақ беттерінің бірі болып келген Бекет ата мұраларын зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау арқылы тарихта алатын орнын зерделей отырып, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің еншімізде екеніне ықпал ету.
Жұмыстың практикалық маңызы: Тақырыптық тұрғыдан талданған деректерді өскелең ұрпақ сұранысын қанағаттандыру мақсатында таңдау курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде пайдалану......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Иммунитетті нығайтатын қоспа

✅ Сіздерге ұсынылатын қоспа жүрек жұмысын жақсартып, күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді. Мұнымен қатар, иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

✅ Бізге қажет азық-түліктер:

1) 300 г грек жаңғағы

2) 300 г кептірілген өрік

3) 300 г інжір

4) 300 г қара өрік

5) 300 г қара мейіз......
Кеңестер
Толық
0 0

Бет терісін ылғалдандыратын маскалар

Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Су ағзаның әрбір жасушасын қандырып, саулығы мен әдемілігіне ықпал етеді. Сол себепті ылғалдылықтың табиғи балансын сақтауға үйде жасалатын ылғалдандырғыш маскалар көмекке келеді.

✅ Құрғақ теріге арналған маскалар
Құрғақ теріге арналған, ылғалдандыратын, ең оңай жасалатын маска бір үлкен қасық бал, өсімдік майы мен бір жұмыртқаның сарысынан тұрады. Бұл маска сонымен қатар теріні қоректендіреді. Масканы бетте кемінде 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ана тілі)

Өнер дерті көтеріп ыстығымды,
Өлең жазып өткіздім қысқы түнді.
Барлық тілді білем мен, Муза келсе,
Адам түгіл түсінді құс тілімді.
Бұл сөзіме айтпассың дау, қарағым,
Бір құдірет барлығын баурағаным.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 4-сабақ
Сабақ мақсаты: Б/С2. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров
Оқу мақсаттары: 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Балалардағы пневмония ауруының алдын - алу

«Балалардағы пневмония ауруының алдын - алу» тақырыбындағы диплом жұмысы
Неге бұл тақырыпты таңдадым?
Осы тақырыпты таңдау себебім-қазіргі таңда балалар арасында өте кең тараған және жыл сайын осы аурумен ауыратын балалар саны өсуде.Неліктен пневмониямен балалар жиі ауыратындығын зерттеу мақсатында осы тақырып таңдалды.
• Тақырып өзектілігі.
Өлім көрсеткіштері патогенездің белгілеу критерийлерімен байланысты. Барлық балаларда аутопсия кезінде анықталған пневмония 9-23% өлімнің негізгі себебі ретінде анықталды, 23–33% ол басқа да ауыр патологиясы бар балалардың өлім себебіне бәсекелес болды; 50–60% пневмония патогенезде болмаған — ілеспе ауру. Дер кезінде емделген стационардан тыс пневмония іс жүзінде өлімге әкеп соқпайды. Стационар ішілік пневмониядан өлімдік 5–10% құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстанның ландшафт экологиялық аудандары және ландшафты қорғау

Оңтүстік Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық жағдайы облыс территориясындағы ландшафт түрлерінің өзгеруіне және жаңа антропогендік ландшафтардың пайда болуына әкеліп соқты. Соның әсерінен облыс территориясын ландшафтық-экологиялық аудандастыруда көптеген күрделі мәселелер туындап отыр.
Облыс жері негізінен жазық көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200 — 300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетбақ дала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара датасы. қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, онтүстік шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр.
Ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының батыс шетіндегі — Өтем жотасында облыстың ең биік нүктесі — Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өтем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау. Оның орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі — Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м).
Қаржантаудан солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.
Жоғарыда аталып отырған әртүрлі жер бедерінде шөл,шөлейт және таулы ландшафт түрлері тараған. Осы рефератта осы ландшафт түрлеріне сипаттама берілген және олардың экологиялық жағдайы қарастырылған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Абылай хан - XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті.
Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра оның өмірі мен қызметі неліктен кеңес тарихнамасында тиісті және әділ бағасын ала алмай келді деген сауалдың қойылуы заңды. Оған жауап беру үшін осы тақырыпқа байланысты құжаттарға, әдебиеттерге талдау жасаған жөн ғой деймін.
Абылай тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын құжаттар орыс архивтерінде. Олар — орыс патшаларының грамоталары мен Указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері, аталмыш органдардың хандармен, сұлтандармен жазысқан хаттары қазақ хандығында болып қайтқан орыс елшілерінің жазбалары. Міне, осындай документтерден тұратын» «Қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген жинақта 500-ден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы саясатынан мағлұмат беретін көптеген жәйттер кездеседі. Әрине, ол құжаттарды жасаған негізінен үкімет мекемелері, патша чиновниктері, ал, олар отарлау әкімшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен жаңағы құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келгенін ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дінтану | Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы, бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ, оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын!
Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. «Таһа сүресінің «Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл», - деген аяты түсірілген уақытта Омар: «Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?», - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны істе деп бұйырыңдар!», - деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари, Муслим) риуаят етті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0