Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу

Кіріспе
Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.
Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің- қарым- қатынас стилінің әсері

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі психологияда барлық аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселсі сөз болып жатқанда, мектептегі келешек ұрпақтың тәрбиеленуі мен білім алу деңгейіне деген жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті қолға алу мақсатында үлгермеушілікті басты мәселелердің бірі деп санауға болады.
Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар психологтардың да өзекті мәселесі болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыз мектептегі оқушылардың үлгермеуіне мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсер етуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазіргі кезде үлгермейтін оқушылардың көбеюіне байланысты педагогтар мен психологтар арнайы зерттеу жүргізуде. Осы үлгермеушілік мәселесінің туындауына түрлі жағдайлар әсер етеді. Көбінесе үлгермейтін оқушылардың сабақта үлгермеу себебі олардың әлеуметтік жағдайларына да байланысты, яғни отбасылық кейбір мәселелердің болуынанда көрінді. Сонымен қатар, жасөсіпірімдік жастағы оқушылардың сабаққа үлгермеу себебі, олардың кіші мектеп жасындағы оқу материалдарын толығымен меңгермеуінің әсерінен пайда болатыны бәріңізге мәлім. Сондай-ақ үлгермеушілік мәселесін зерттеген отандық психологтар ретінде З.И. Калмыкова, Н.А. Менчинский, Н.Т. Талызина, И.Ю.Кулагина және т.б айтуға болады.
Қазақстандық зерттеушілер К.А. Бегалиева, А.Д. Жұмабаева, Л.В. Лысенко, Э.И. Шыныбекова, В.В. Трифонова, А.М. Қарабаева және т.с.с педагог-психологтар осы үлгермеушілік мәселесінің жасөспірімдерде болуын ерекше зерттеген. Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық жетілуге байланысты оқушының мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсерінен сабаққа үлгермеуі маңызды педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп жағдайларындағы бұл мәселелердің шешілуі алдыңғы қатарлы тәжірбиелердің кең насихатын мектеп тәжірбиесінде педагогикалық және психологиялық зерттеудің нәтижесін енгізуді болжайды.
Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік рөл үлкен әсер етеді. Осы үлгермеушіліктің алдын-алу тәжірбие жүзінде түрлі әлеуметтік – психологиялық тренингтер өткізу керек. Тренингтерді өткізу арқылы оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын арттыруға болады. Кейбір ашылмай жүрген оқушылар тренинг барысында топқа үйренеді. Тренингтерді ұйымдастыруда В.А. Сухомлинский, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.П. Панюшкин. А.А. Бодалев және т.б өз үлестерін қосты. Дегенмен, жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда, үлгермеушілік мәселесі толығымен зерттелген жоқ, әлі де болса зерттелу үстінде. Бұл мәселені зерттеу себебім –үлгермейтін оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынас стилінің жағымсыз әсерін болашақта болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің өзектілігі: Мектептегі үлгермеушілік мәселесі қазіргі таңда барлық білім беретін аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселесі жайында сөз болғанда, мектептегі болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алу деңгейінде жоғарғы жауапкершілікпен қарайды. Дамып жетілуі жағынан кешкен балаларға іс жүзінде көмек көрсетудің қажеттілігі айқын көріне түсуде. Үлгермейтін оқушыларды педагогикалық-психологиялық коррекциядан өткізу арқылы арнайы сыныптарды ұйымдастырып, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты дамыту барысында сабақтан тыс әлеуметтік-психологиялық тренингтерді өткізу керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ахмет Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп санады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: А.Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп санады? 1-сабақ
Оқу мақсаты:XX ғ. Басындағы Ресей империясының отарлық саясатының салдарларын анықтайды;
Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну Отарлық саясаттың салдарын анықтайтын 4 тірек сөздерді қолданып, отарлық саясаттың салдарын сипаттайды (мыс: 45 млн десятина, соғыс салығы, бұратана, шовинизм)
Сыни ойлау А.Байтұрсыновтың «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» цитатасына талдау жасап, отарлық саясаттың 4 салдарына аргументтер негіздейді, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени аспектіге ажыратады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Химия [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Химия» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Мазмұны

1-тоқсан
10.1А Атом құрылысы бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау

2 тоқсан
10.2A Химиялық реакциялар заңдылығы бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.2В Кинетика бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау

3 тоқсан
10.3A Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.3B Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.3 C Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау

4 тоқсан
10.4А Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.4B Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Өлең кімдікі

Қазiрде әдебиет оқулықтарының олқы соғып жатқан тұстары хақында сөз етушiлер, қалам тербеушiлер аз емес. Солардың көпшiлiгiнiң оқулық авторларының кемшiлiгiн көре тұрып, көрсете отырып, ой өрбiткендегi көздеген мақсаты – жас ұрпақты шынайы әдебиет мәйегiмен ауыздандырып, әз халқымыздың асыл мұрасын сүйiп, бiлiп өсуiне азды-көптi қол ұшын беру ғой.

«Жүйрiкте де жүйрiк бар, әлiне қарай жүгiрер» демекшi, ортаға ой салушылардың бәрiнiң айтқаны айнақатесiз деудiң де жөнi келе қоймас. Осыны түсiне, түйсiне отырып, тәуекелге бел буған жайым бар. Сонау 1950 жылдары «Ананың сүюi» атты осы өлеңдi төменгi сыныпта оқып жүргенде, таңдайымыз тақылдап жатқа айтатын едiк:

Кiм сендердi, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөлiп, кiрпiк қақпай,
Шешең байғұс, дамылсыз жүретұғын.
Кiм сендердi, балалар, тербететiн, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ұялы телефон және оның құпиялары

Ұялы телефон біз білгендей қарапайым дүние емес болып шықты.Өзіміз ұстап жүрген ұялы телефонымызды бүге шегесіне дейін білеміз десек,қателесеміз.Себебі олардың біз білмейтін ішкі құпиялары баршылық.Бүгін мен сіздерге ұялы телефонының сіз білмейтін құпиялары туралы кеңес жазамын.
ұялы телефонның құпиялары
1)112 нөмірін терсеңіз,ол дүние жүзі бойынша тарайды.Бұл шұғыл жағдайда көмекке шақыру нөмірі.Ол нөмір сіз байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да телефоныңыз жабық режимде тұрса да істей береді.Телефоныңыздан 112 нөмірін теріп,байланысқан жағдайда тиісті орган сіздің тұрған жеріңізді сол мезетте ақ анықтап шұғыл шара көрсетеді.
2)Кілтіңізді автакөліктің ішінде ұмытып есігі жабылып қалды делік.Егер үйіңізде қосымша кілт болса барып әуре болмайсыз.Үйіңіздегі адамға телефон соғасыз.Ол кілтті қолына алады да телефонның жаңында ұстап басқышын басады.Сол кезде сіздің көлігіңіздің есігі ашылады.Ара қашықтығы қандай болса да бәрібір.Мың шақырым жерде болса да осылай ашып аласыз,тек телефон қоңырауы жетсе блғаны.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға баулу

КІРІСПЕ
Ерте заманнан-ақ адам өзiн қоршаған дүниенiң заңдылықтарын және өзiн-өзi, өзiнiң табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, бiлуге тырысты. Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiпті қоршаған ортаның, табиғаттың сұлу да, әсем көрiнiсi жас нәрестенi де ерiксiз өзiне баулап тандандыра, қызықтыра бiлген. Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектi туған елiнің табиғат әлемiне ендiріп, оның сан - алуан сырларын ұғындыру, таныстыру мәселесi ерте заманның өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер назарында болған. Оған дәлел сонау ертеден-ақ табиғаттың бала жанына тигiзетін әсерiн атақты ойшылдар, философ ғалымдар, әдiскерлер көрiп, байқап, оны iске асыру жолдарын ұсынған.
Оның мөлдiр бастауы ежелгi Греция философиясының биiк шындарының бiрi - ұлы ғұлама Аристотель. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

КІРІСПЕ
1. Белоктардың жалпы сыпаттамасы және физикалық
- химиялық қасиеттері
Академик В.И. Вериадскийдің есебі бойынша жер жүзіндегі тірі организмдердің салмағы 10 т. тең екен. Ал осы барлық тірі организмдердің негізгі құрамда бөлігі белок. Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклеин қышқылдарының белоктардың жаңаруы, күрделілігі, шексіз әр-түрлілігі, маңыздылығының ерекше кеңдігін көрсетті. Ф.Энгельс өзінің "Табиғат диалектикасы" еңбегінде өмір дегеніміз – белокты денелердің өмір суру тәсілі, яғни организмдегі зат алмасудың қоршаған ортамен тығыз байланысы деп жазды. Басқаша айтқанда белок - барлық тірінің материалдық негізі болса, ал олардың тіршілік ету тәсілі - өмір болып табылады.
Белоктардың "белок" деп аталуы олардың тауық жұмыртқасы белогының қайнап денатурацияланған кезде - ақ тығыз массаға айналуынан шыққан. Оның басқаша аты протеин - бірінші; маңызды
Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:
1. Белок – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады, Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән. Міне, белоктардың бір осы қасиетті ғана, олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

Қылмыстың субъектвтік жағы бұл негізінен адамның психологиялық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.(Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады.
Қылмыстың субъектвтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелей береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағанын осы белгілерінің, заңдылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі брлып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұньің өзі кінәсіз жағдайда қылмыстақ жау аптылық туралы сөз болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының факультативті белгісі ғана болып саналады.
Ілестелмекші болған қылмыс жөніңдегі абыру, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психологаялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.....
Рефераттар
Толық
0 0