КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Халќымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық режим кезінде орасан зор күйзеліске түсіп, тоқырап қалғаны қазір екінің біріне мәлім бола бастады. Бұл жағдай өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінен ажырап қалуына, мәңгүрттер қатарының көбейе түсіуне мықтап әсер етті. Жас өспірімнің ата-баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы – елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі дауссыз. Осы айтылғанға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе оның тәлім-тәрбие, ұлттық педагогика мен психологияға байланысты асыл қазыналарын, ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Психология ғылымының тарихын зерттеуде бұрынғы Одақ көлемінде біраз іс тындырылғанын айта кеткен абзал. Мұндай ғалымдардың қатарына: А. Н. Ждан, А. А. Никольская, А. В. Петровский, А. А. Смирнов, В. М. Теплов, М. Г. Ярошевский /Ресей/ ; Г. С. Костюк, Д. Ф. Николенко, М. А. Мацейкив /Украна/; Р. Г. Натадзе, А. С. Прангишливи /Грузия/; Р. Е. Устоев /Тәжікстан/; А. Абдусаттаров, М. Вахидов /Өбекстан/; Ш. С. Агаев, А. С. байрамов, А. Т. Баќшалиев /Әзірбайжан/; М. А. Мазманян, Л. А. Саакян /Армения/; А. С. Гучас /Литва/ ; Я. М. Анспак, И. Э. Плотниек /Латвия/; К. А. Рамуль /Эстония/, т.б. еңбектерінде бұрынғы ССРО еліндегі психология ғылымдарының тарихы, оларда көтерілген іргелі де келелі теориялыќ проблемалар мен әдіснамалық арналар жайлы кесек зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалды, ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақстан жағдайында да ұлттыќ тәлім-тәрбие саласының єр түрлі проблемалары, әсіресе қазақ психологиясының сан ғасырлық тарихы зерттеу объектілеріне айналып келеді. Тек соңғы жылдары ғана осы салада бірнеше диссертациялар қорғалып, жекелеген еңбектер жарық көрді. Бұлардың ішінде А. Ақажанованың, Н. Жєнділдиннің, К. Жөкештің, Н. Елікбаевтің, Қ. Жарықбаевтың, Т. Тәжібаевтің, В. Чистортын т.б. еңбектерін аймар едік. Сондай-ақ, қазаќ халқының психологиялық мұрасының қазіргі кезде жекелеген мєселелеріне арналған зерттеулер /Ә. Алдамұратов, С. Жақыпов, Ж. Намазбаев, К. Өмірбекова, Р. Сүлейменова, Қ. Рахымбеков, Ж. Түрікпенұлы т.б. / бар. Халқымыздық он төрт ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің тарихындағы аса көрнекті ғұлама тұлғалар көптен бері зерттеу объектісіне айнала бастады. Ғалымдарымыз Әбу Насыр әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидің, Махм±діњгек Ќашќаридіњ, Ыбырай Алтынсаринніњ, Абай Ќ±нанбаевтыњ, Шєкєрім Ќ±дайберді±лыныњ, М±хтар Єуезовтыњ , Маѓжан Ж±мабай±лыныњ м±раларын педагогикалыќ жєне психологиялыќ т±рѓыдан талдауѓа, диссертациялар ќорѓалды. Сондай-аќ, «ќазаќ халќыныњ тєлімдік ой-пікірлер антологиясы» /Алматы. – Рауан. – 1995/, «Ќазаќ тєлім-тєрбиесі» /Алматы. – Санат. – 1995/, «Ќазаќ психологиясыныњ тарихы» Алматы. – Ќазаќстан. – 1996/ т.б. осы секілді ірг елі ењбектер жарыќ кµрді. Тоталитарлыќ режим т±сында ќуѓын-с‰ргінге ±шыраѓан халќымыздыњ аса кµрнекті ѓалымдары, ќоѓамдыќ ќайраткерлер – А. Байт±рсын±лыныњ, Х. Досм±хамед±лыныњ, М. Дулатовтыњ, Нєзипа Ќ±лжанованыњ, М±нара±стафа Шоќайдыњ тєлім-тєрбие саласындаѓы ѓылыми м±ралары зерттеле бастады.....
Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішінде орын алған (1803-1892) бүкілхалықтық толқын – Жайық сыртындағы кең байтақ даланы қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып, қосылуды көздеген халық талпынысынан туған еді. Сырт жақтағы өздерінің туған- туыстарынан ажырап, әрі жан-жағынан, берісі Жайық өзені мен Каспий теңізінен бастап Еділ бойына дейінгі аралықта орыстың елдімекенімен, әскери бекініспен қоршалып қалған осынау қарапайым халықтың бұл талпынысының шыққан басты себебі Жайық сыртындағы қазақтар толықтай бостандықта өмір сүрді де, оларға орыс үкіметі мен Ордадағы басшылар тарапынан басыбайлы құл етіп ұстаудың қауіпі төнген жоқ . Жайық сыртына өтуге деген бұл талпыныс, әсіресе, малдары жаппай жұртқа ұшырап қырыла бастаған және басқа да көлденең қарсылықтардан халықты қайыршылыққа душар еткен шаруашылық дағдарысы тұсында ерекше қаулай түсті . 1818 жылы үкімет қазақтардың Нарыннан Кіші ордаға , яғни Жайық сыртына өздігінен өтіп кетуін тыю жөнінде жарлық шығарған соң олар өздерінің аса бытыраңқылық дәрежесіне қарамастан , линиядан “қарулы қолмен “ өтіп шығамыз деген ниетте болды. Орданың ішкі рулық құрлысына қатер төндірген Жәңгір ханның барлық шарасы – 1827-28 жылдардағы қоғамдық ауыртпалық және Қайыпқали сұлтан мен тағы басқалардың ”кешікпей қазақтар басыбайлы шаруаға айналып,Еділдің оң жақ жағалауына қоныстандырылады да сол жақта орыс казактарымен бірдей әскери борышын өтеуге жіберіледі “ деген лақап үгіті – бүкіл Орданы дерлік көтеріліске аяғынан тік тұрғызды. Алайда, арғы жаққа өтуге ұмтылған қараусыз халық бұқарасының барлық әрекеті Орал казактарына қарама- қайшы келді де, олар мұны көбінесе тыйып тастап отырды. Өздерінің әрбір сәтсіз әрекетінен соң шұбырған халық ескі қоныстарына қайтып оралып, уақытшатыныштала тұрса да, кезекті сыртқы дүмпу ықпал еткен кезде қайтадан көтеріліп, линияға қарай қайталап ....
Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады. Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Жайдары нұрлы жүзі жылы ғана, Асығып ешуақытта саспас және. Бойында жасырынған жігер-қайрат, Барлығы белгілі тұр білім-сана. Денесі толық, түрі орташаның, Еріксіз мінез-құлқын сүйед жаның. Арыстандай айбатты....
Гурьев облысындағы Эмба мұнайлы ауданы революциядан бұрын Баку, Грозныйлармен қатар ашылып, көп жылдар бойы жас совет халық шаруашылығының отын көзі болып келгені мәлім. Бұған осыдан сәл кейінірек Башкириядағы Ишимбай мұнай кен орны қосылды. Отан соғысына дейін және соғыс уақыттарында да елімізді жанар-жағар майлармен қамтамасыз етіп келгендер де осы кендер болатын. Бірақ, бұлардың өндіріс көлемі қазіргілермен салыстыруға мүлде келмейді. Ол жылдары жылына 20 миллион тоннаның маңайында мұнай өндіріліп жүрді. Партиямыздың XXIII съезінде мұнай өндірісіне ерекше маңыз берілген болатын. Онда елімізде мұнай өнімін жылына 30 миллион тоннаға жеткізуді нысана еткен еді. Совет мұнайшылары туысқан партияның бұл тапсырмасын абыроймен орындап шықты. Геологиялық барлау жұмыстарын, оның ішінде де, әсіресе, терең бұрғылауды өрістете отырып, Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан уақытының өзінде-ақ Волга бойынан мұнай көздерін аша бастады, ал 1944 жылы еліміздегі сол уақыттағы екі ірі кен орындарының бірі - Тоймаза кәсіпшілігі ашылып, іске қосылды.
Бұл бұған дейінгі мұнай қоры жөніндегі кейбір көзқарастарды түбірінен өзгертті. «Жер шарында мұнай көздері тек үш-ақ жерде. Олар: Каспий теңізі, Парсы шығанағы және Америкада - Мексика шығанағы жағалауларында. Басқа жерлерде мұнай болуы мүмкін емес» деген қате пікірді жоққа шығарды. .....
Кіріспе XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. ....
Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай, әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз жөн . Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда негізінен үш қабаттан тұрады деп қарастырамыз. Абай тілінде кездесетін араб-парсы қабытының үлкен тобы –тек ақын шығармашылығында кездесетін, бірақ қазіргі қазақ тіліне енбеген сөздер. Абай шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінің тарихына еніп, лексикалық тұрғыдан зерттелініп те жатқан араб- парсы сөздерінің де маңыздылығын атап өткен жөн.....
✅ Біздің денсаулығымыздың мықтылығы - ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, өзімізге өзіміз күтім жасауымыз керек. Назарларыңызға ішек тазалаудың әдістерін ұсынамыз.
✅ Айран мен қарақұмық ұны. Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үдерісі мен ұйқы безінің қызметін қалыпқа келтіруге айран мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа көмектеседі.
✅ Сұлы киселі. Сұлу киселі көптеген сырқаудың бетін қайтарады. Жасұнықтың (клетчатка) көп мөлшерлі болуының арқасында ішекті тазарту, асқазан ауруларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар. ......