Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Құрдымға кеткен елдер

Азия құрлығында түркі тектес тайпалар ішінде Ресейдің отарлауына қатты қарсылық көрсеткен қазақ халқы болса, Африка жерінде отарлаушы Еуропамен алғаш қақтығысқа түскен елдердің бірі осы Бенин. Португалдар Үндістанға барар жолда ең алдымен Африка жері арқылы жүріп өтті дедік. Бұл 1500 жылдардың шамасында еуропалықтар мың жерден отты қаруы болса да қара құрлыққа ішкерілей ене алмайтын. Олар бар болғаны жағалауда орналасқан қалаларды ғана қорқытып, сонда билік құрды. Мұндай территориялар Африканың 10 пайызына да жетпейтін. Ал еркіндік сүйгіш африкалық жауынгер тайпалар құрлықты ойқастап тіршілік ете берді. Америка жерінде плантациялар құрылып, ірі монополист компанияларға арзан еңбек күші керек болды. Физикалық тұрғыда әлдеқайда қуатты, сом тұлғалы африкандықтар таптырмас құлдың жұмысын жасай алатын. Бірақ есіңізде болсын ол кезде қазіргідей қара нәсілділер құл болады деген түсінік атымен жоқ болатын. Себебі солтүстік Африканың құл базарларында өзі сары, көзі көк еуропалықтар, орыстар, грузиндер мен черкестер, болгарлар мен румындар сатылатын. Енді Еуропа үлкен шығынға бармай - ақ бас білдірілмеген осынау қара нәсілді еркектерді сатып алу үшін айлаға көшті. Бұл үшін оларға делдалдар қажет е.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Нарынқұм зауалы)

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,
Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.
Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,
Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,
Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда
Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.
Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,
Бостандыққа шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың ем,
Едім әрі өлшемін......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Тіл мүкістігі бар балалар

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйесін ғылыми түрде қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шоқан Уәлихановтың өмірімен ағартушылық қызметі

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақ топырағында ағартушылвіқ идеяның туын алған көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты быімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхаттшы, талмас географ, білгір әдебиетші шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеудің маңсаты:
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сарбасова Азиза | Менің атам ардагер ұстаз


Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы – соғыс ардагері. Ол Жылыой ауданы Қияқ ауыл кеңесінде 1921 жылы туған. 1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара арна орталық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылдың қаңтарында Совет Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 648-ші атқыштар полкі 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі және сержант болған. Бұл полк 200-ші дивизия солтүстік Батыс майданы «Старый Русь» қаласының бағытында соғысқан. Соғыстағы ерлігі үшін «За отвагу» және «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен наградталған. 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралған.1943 – 1946 жылдары Куйбышев атындағы 7 жылдық мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып жасаған. 1951-1952 жылдары «Бірліктаң» 7 жылдық мектебінде, 1952-1959 жылдары «Қараша» 7 жылдық мектебінде, 1959-1962 жылдары «Орджоникидзе» атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Ақпараттық ресурстар MS DOS

Программалық қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік.
Операциялық жүйе кез-келген машинаның негізгі программалық компаненті болып табылады, сондықтан да операциялық жүйе (ОЖ) дамуы мен қауіпсіздігі жалпы ақпараттық жүйенің қауіпсіздігіне байланысты.
MS DOS операциялық жүйесінде барлық резидентті программа мен негізгі программамен ОЗУ-ды пайдаланады. Файлдарды қорғау қарастырылмаған, ал жүйелік қауіпсіздік туралы анықтама беру қиын.
Windows 95, 98, Millenium операциялық жүйелері үй ЭВМ-ге арналған ОЖ-лер.ОЖ-де қорғау режимі жақсы дамыған, бірақ ешқандай қосымша тексеру жүргізілмейді. Дескрипторлық қауіпсіздік жүйесі қалыптаспаған. Нәтижесінде кез-келген қосымша оперативті жадыға енуге рұқсат алады (оқуға да жазуға да) Желілік қауіпсіздік қарастырылған, бірақ олардың дамуы жоғары денгейде емес.
Windows 2000,NT операциялық жүйері Microsoft фирмасының сенімді қорғалған ОЖ-рі. Олар көп қолданушы жүйелер, файлдар өте жақсы қорғалған. (мәліметтерді шифрлеу және файлдарды онай оқуға болады, басқа операциялық жүйеден немесе қатты дисктен)
ОЖ мәліметтері Intel процессорының қорғау режимдерін белсенді қолданады және мәліметтерді сенімді қорғауға, процессорлар кодын басқа программалардан сенімді қорғауға болады. Ұзақ уақыт бойы әртүрлі жүйелік шабуыл мен қауіпсіздік жүйесінде қателер есепке алынды. Қатені түзету өңдеу блогы ретінде шықты.(service pack). Қазірде Windows NT 4.0 версиясына соңғы жаңарту «service pack 6 » қолданылды.
Программаның қамсыздандыру қателіктер зиянкестердің сервер мен жұмыс станциясына еркін енуінежол ашады. Оның объективтік себебі-әр түрлі группадағы өңдеушілер арқылы әр түрлі жолмен программалық қамтамасыз ету. Программалық ОЖ дегі кең таралған қателіктерді «хакерлер» тобы белсенді іздестіреді, бірақта қазірде әр қолданушыда орналасқан іздеуші программалар көп таралған. Мысалы: Microsoft Internet Explorer-ның сонғы версиясында буферді толтырумен байланысты қателіктер табылды. Нәтижесінде URL адресінің бөлігі «орындауға» жоғалып кетті және процессордың командасы ретінеде тактіленді. Осы аймақтың ұзындығы ЭВМ-де желіден трояндық программаны жүктеумен оны басқаруға жіберуге жетті. Ал осы пакеттер соңғы версиясында түзетілді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

АНАНЫҢ РИЗАЛЫҒЫ

Баязит Бистами «Ғылымда бұндай биік дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрағандарға:
– Анамның дұғасымен, – деп, басынан өткен мына оқиғаны айтушы еді.
«Бір күні анам қатты ауырды. Мен қасынан бір елі ажырамадым. Түнде анамның аяқ жағында отырған едім. Әлден уақытта: «Ботам, су берші?» – деді. Тұра жүгірдім, бірақ үйде су бітіп қалған екен, екі өкпемді қолыма алып ауыл сыртындағы бұлаққа бардым. Суды алып келсем, анамның көзі ілініп кетіпті. Қолыма мұздай суды ұстап, шешемнің оянуын күтіп отырдым.......
Кеңестер
Толық
0 0

Күйеуі әйелінен мына нәрселерді күтеді

1. Әйелінің себепсіз бөтен ер адамдармен сөйлеспегенін. Олармен қарым-қатынаста сабырлы, байсалды болғанын.
2. Әрдайым таза әрі ұқыпты киінгенін. Тек күйеуі үшін сәнденіп, әдеміленгенін.
3. Жылы сөздер айтып, ризашылығын білдіріп тұрғанын.
4. Өзін сыйлағанын, қолдау көрсеткенін.
5. Екеуінің араларындағы сырды ешкімге айтпағанын, кемшілігін бетіне баспағанын.
6. Өзгелердің күйеуімен салыстырып, кемсітпегенін.
7. Жұмыстан күліп қарсы алғанын, үйдің әрдайым таза, тамағын уақытылы әрі дәмді дайындағанын.
8. Ата-анасын әрдайым сыйлап, қонақтар, достары келсе жылы жүзбен қарсы алып, шығарып салғанын.
9. Балаларының, өзгелердің көзінше намысына тиетін сөздер айтып, оны төмендетпегенін.
10. Орынды-орынсыз қызғанып, болмашы нәрселерге жанжал шығармағанын. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шашыңызға ерте ақ түссе

✅ Қазіргі таңда ағарған шаштың алдын алуға бола ма деген сауал көп адамның көкейінде жүрген мәселе.

✅ Ертеректе ақ шаш даналықтың, ақылдылықтың белгісі деп саналып, адамдарға ақ шаш қартайған шағында пайда болатын. Ал бүгінгі таңда ақ шаш қартайған адамдарда ғана емес, жас адамдарда да пайда бола бастады. Әрине, ағарған шаштың алдын алуға болады. Ол үшін адам шашында ақ шаштың пайда болу себептерін анықтау керек. Ең алғашқы жиі кездесетін себеп, адамдар 40 жастан асқан соң шашына ақ түсе бастайды, әр адамның қартаю жасы әрқалай. Ақ шаштың пайда болуының басқа себептері: дәрумендердің жетіспеуі (әсіресе В12), күйзеліс, уайым, депрессия, қалқанша бездің ауруы, үйлесімсіздік, шылым шегу, тұқым қуалаушылық т.б. ......
Кеңестер
Толық
0 0