Сарымсақтың пайдасы

✅ Сарымсақты әлемнің кез - келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады.

✅ Медицинада табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды рөлге ие өсімдіктің
бірі осы сарымсақ.

✅ Ертедегі Гректер мен Римдіктер: “Сарымсақ сарбаздарға батылдық, өжеттік береді” деп сенген. Қытайдағы халық медицинасында ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарына қатысты ауруларды емдеуге және оба мен тырысқақ індеттерінен қорғану үшін сарымсақ пайдаланылды. Орыс халқы сарымсақты уды кетіру үшін, жылан шаққанда шипа болу үшін, жұқпалы індеттерден сақтану үшін пайдаланған. Тіпті, Қытайда тері ауруларын емдеу кезінде, ревматизм ауруына қарсы және
авитаминозға қарсы пайдаланған екен.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық, экономикалық және саяси мән жайлары

Дипломдық жұмыс өзекті және қызықты тақырыптардың біріне арналған. Жалпы мазмұны Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі мен салықтық құқығының процестері, мән-жайлары, принциптері мен құрылымдары, салық әкімшілігін жүргізу аясында экономикалық-қаржылық мүдделер балансы және т.б. өзекті тұстары мүлдем жаңа , яғни әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика мен құқықтық –демократиялық мемлекет тұрғысынан қарастылып, негізгі мәселері мен проблемалары ашылып көрсетілген, сондай-ақ әрбір институттар бойынша ғылыми тұжырымдамалар берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет. Қолданыстағы Салық Кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170–тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар » деп айта кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық жүйесіндегі акциздік салықтың жетілдіру жолдары

Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады.
Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сочинение: Государственные символы Республики Казахстан – основа государственной идеологии

Долг каждого из нас — ценить и уважать Флаг, Герб и Гимн нашей республики.
С ними мы преисполняемся чувством гордости за нашу страну.
Н.А.Назарбаев
Существует справедливое мнение о том, что государство подобно огромному механизму со сложной структурой. Я считаю, что человечество допустимо уподобить с механизмом, который имеет свою историю, начало, свою структуру, деление.....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Түпкі ой)

Мен сені жақсы көрем, қызым, өрен,
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең,
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.
Нәзіксің, бар салмағың гүлдей-ақ қой,
Тағы да мені жеті түнде оятты ой.
Уыздай аппақ жүзің қандай тыныш,
Ұйықтай ғой, мен оянсам, білмей-ақ қой.
Ойлаймын біздер және сен туралы,
Белгісіз алда қандай жол тұрғаны.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Халел Досмұхамедов

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.

Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сисекенов Нұрболат | Амонашвилидің Рука водящая еңбегіне оқырманнан пікір

Ш.А. Амонашвилидің «Рука водяшая» еңбегіне оқырманнан

Пікір

Бұл шығармада автор өмірден өз орнын таба алмай жүрген, өмір сүру керек пе, оның маңызы қандай деген сұраққа жауап таба алмай жүрген кейіпкер Алексей Александрович туралы баяндайды. Шығарма басталғанда, өзі жетім, ата – анасынан ерте айрылған, өзінің жазғы демалысын, өмірлік естеліктерін екі жүз беттік қалың дәптерген түсіріп отырған тіл мен әдебиет факультетінің 4 - курс студенті жайында өрбиді. Осыдан үш жыл бұрын қала сыртындағы мектепке қызметке орналасады. Ол мектепке ұстаздық қызмет үшін емес, жай күнкөріс, күзетші болу үшін барады. Оны қарсы алған, білімінен поэзияға жақын екенін түсінген мектеп директоры оны бірінші сыныптың мұғалімі етіп бекітеді. Алғашында келіспеген Алексей мұғалім мамандығын қаламай тұрса да, өзінің оқушыларын жақсы көреді. Міне, қазір өзі төртінші курс студенті болса, оқушылары бастауыш сыныпты аяқтағалы жатыр. Алексей Александрович өзі интернатта, мектепте көрген қиыншылықтарын, мұғалімдердің кемсітуін барлығын есіне ала отырып, жүрегіне оқушыларына деген жылы сезім ұялап, оларды жақсы көріп бар көңілін оқушыларына арнайды. Өзі көрген қиыншылықтарды оқушылары көрмес үшін аянбай еңбек етеді. Осылайша, мектептегі басқа бірінші сыныптардан алға озып барлық оқу бағдарламаларын өтіп шығады. Оқушылардың көңілін аулап, оларды жақсы көрген Алексей оқушыларға енді не істейміз деп сұрақ қойып отырады. Оқушыларын Достаевскийдің еңбегімен таныстырады. Оқушылар оны тез түсініп алып, ұстазына университеттің төртінші курс студенттері оқитын курсты беруін өтінеді. Оқушылардың қалауымен оқу жылының соңғы үш аптасында оқушыларға үйретеді. Соңғы, бастауыш сыныппен қоштасар сәтте оқушылар өз қалауларымен университет курсынан сынақты сүрінбей тапсырып, барлық мектепті таңқалдырады. Бірақ, Алексей Александрович болса, бұл өзінің мамандығы еместігін, мұғалім болғысы келмейтінін айтып мектептен кетуге арыз жазады. Бірақ, оған директор келіспей, қол қоймайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Агробизнес қызметінің теориялық негіздері

Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдары Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық бабын табуға бағыттала бастады.
Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына "Агробизнесті ұйымдастыру" деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ.
"Агробизнесті ұйымдастыру" деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0