Кенжебек Шәкенов (1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. Қазақ. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. .....
КІРІСПЕ Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның өзіндік сана белсенділігін дамыту елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Жасөспірім шақтағы дүниетанымның қалыптасуы және қоғамдық белсенділіктің маңызы философия, әлеуметтану және психологиядағы ең бір өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірімдік кезең – адамның денелік дамуының, оның өзіндік сапасының жедел өсуінің, дүниетанымының қалыптасуының, кәсіптік таңдаудың аяқталу кездері және ересектер өміріне аяқ басуының басталуы. Адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана – сезімі өседі, жан дүниесі шыңдала түседі. Бұл кезеңде дамудың барлық жақтары сапалы өзгерістерге жақындайды, саналы іс-әрекеттер қаланып, психологиялық жаңа құрылымдар, әлеуметтік құрылымдар қалыптаса бастайды. Бұл үрдіс жасөспірімдік шақтағы баланың негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Л.С. Выготский, А.Г. Ковалев, В.Г. Маралов, Г.К. Селевко, Я.Л. Коломенский, және т.б. педагог-психологтардың еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты қарастырылады. Дәл осы шақта оқушының психикалық дамуында, әсіресе өзіндік сана қалыптасуында қарым-қатынас ерекше мәнге ие болады. Сынып ішіндегі оқушылардың арасындағы және оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты көптеген психологтар зерттеген. Олар И.Я. Лемберг, Г.А. Цукерман, У.В. Дубровина, В.А. Крутецкий, Х.Т.Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсанбаева, А.М. Прихожин. Жоғары сынып оқушысы өзін қоршаған ортаны тануда ішкі әлеміне дүниетанымдық сұрақтарын қояды: «Мен бұл әлемде қандай маңызға иемін», «Онда мен қандай орынды аламын», «Менің қандай мүмкіндігім бар», «Мен қандаймын», «Болашақта кім боламын?» және т.б. Осы кезеңде жасөспірім мектептегі қызығушылықтарынан шығып өзін үлкендерше сезініп әр түрлі тәсілдермен үлкендер өміріне араласқысы келеді: қысқа мерзім күйінде өмірлік бағдарламаны жасап шығару, «кім боламын» сұрақтарына жауап табу, мамандық таңдауын белгілеу, тұлғалық және моральдық, яғни рухани өзін-өзі билеу сияқты сұрақтар мазалайды.. Жасөспірімдік шақта өз ерекшеліктерін білгісі келуі, өз-өзіне ден қойып, кемшіліктерге назар аударуы ерекше орын алады. Аталмыш мәселелер төңірегінде көптеген психолог–ғалымдар жұмыс жүргізді. Мәселен: Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Н.А.Логинова, З.Фрейд, Ж.Пиаже, А.А.Бодалев, А.Г.Ковалев, А.Г.Асмолов, ал қазақ психологиясында: А.Жұмағұлов, Т.Тәжібаев, С.Ұзақбаева, М.Мұқанов және т.б. болды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін қалыптастырудағы даму мәселелерінің жүйелілік сипатымен негізделеді. Осы орайда зерттеу тақырыбын «Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу» деп алдық. Зерттеудің мақсаты ─ жасөспірімдерде қарым-қатынастың психологиялық маңызын анықтау. Зерттеу нысаны – қарым-қатынас дамуын зерттеу үрдісі. Зерттеу пәні – жасөспірімдерде қарым-қатынасты дамыту тәсілдері. Зерттеу болжамы – егер сабақ және сабақтан тыс уақытта жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылса, онда олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына, өз-өзіне деген қатынасының жас ерекшелікке сай қалыптасуына қол жеткізуге болады, өйткені, тұлғақарым-қатынасының құзіреттілігі қазіргі заман талабы.....
Адам баласы туылған сәтке дейін, таза ақ парақтай періште болып келеді. Өмірге келгенен кейін өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адамды құлазуға жалғыздыққа итермелейді.Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап жанын азаптап аздыруға және соңы түрлі қиындықтарға соқтырады. Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін, психологтың көмегіне құлақ салыңыз:
Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз. Таңды әдемі күлкіден бастаңыз. Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз. Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз. Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз. Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз. Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз. ......
Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық деп әр алуан ылғалдыктағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібінің ең басты өндіріс процесі - қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп аталады. Жақсылап дайындалған сапалы шикізаттардан технологиялық нақтылы режимде жасалынып күйдірілген материалдар мәңгілік жетерліктей басым және де түсі, фактурасы бойынша сырты ешбір қосымша өңдеуді қажет етпейтіндей болып шығады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары арналулары бойынша былайша топталынады: қабырғалық материалдар – кәдімгі құрылыс кірпіші, қуыс денелі кірпіш және тас, кеуекті және жеңіл кірпіш; керамикалық кірпіштен және тастан жасалынған қабырғалық блоктар мен панельдер; үй фасадын (үй қас маңдайын) қаптаушы материалдар мен бұйымдар-беттік кірпіш және тастар, плиткалар; іштей қаптаушы керамика материалдары -қабырғалар және едендер үшін плиталар мен плиткалар; санитарлық-техникалық бұйымдар; жол және жерасты коммуникациясы үшін -жол кірпіштері, құбырлар; жылу айырушы материалдары - жеңіл кірпіш және фасонды бұйымдар; қышқылға төзімді керамика -кірпіш, плитка, құбыр және т.б.; отка төзімді керамикалық материалдар және толтырушылар - түрлі керамикалық бұйымдар, керамзит, алгопорит, перлит, вермикулит және т.б. Керамикалық материалдар мен бұйымдардын сапаларының оңдылығы және едәуір арзандығы, жасауға қажет шикізат корының жан-жақты таралуы және технологиясының карапайымдылығы көне заманнан бастап олардың құрылыста көлемі жағынан көрнекті орын алуына себепкер болды. Мысалы, өнеркәсіптерде жасалынатын жалпы кабырға материалдар көлемінің жартысы керамикалық материалдар мен бұйымдар үлесіне келеді. Соның ішінде толық денелі кәдімгі керамикалық кірпіш, қуыс денелі кәдімгі керамикалық кірпіш, кеуекті жеңіл кірпіш, қуыс денелі блоктар, толық немесе қуыс денелі кірпіштерден зауыттық жагдайда шығарылатын панельдер мен блоктар және т.б. бұйымдар тұрғын, әкімшілік-қоғамдық және өндірістік үйлер үшін кең қолданады. ....
Жалпы білім ісін қайта құру сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі - жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан-жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді». Қазіргі жағдайда қайта құру процесінің басты міндеттерінің бірі - білім сапасын арттыру алдындағы орынға қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпалы күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық-саяси, арнаулы және психологиялық-педагогикалық терең жан-жақты білімі болуымен анықталады. Бүгін де білікті педагог мамандарын даярлау заман талабына айналып отыр. Елбасымыз өзінің жуықтағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа сатыдағы мұғалім өмірге келуін білім беру жүйесін реформалау нәтижелерінің бірі ретінде атап өткен. ....
Отандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова мінезі туралы бар шындықты айтты. Әнші көңіл күйі қалыпты емес болғандықтан қасында жүрген адамдарға ауыр тиетінін жасырмады. Өнер иесі өзінің ел білмейтін қырларын тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше ашылып, өз мінезінің жаман жақтарын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы құбылмалы көңіл күйі жолдасы екеуінің арақатынасына қалай әсер ететінін де айтты.
"Мадина Садуақасова туралы бәрін білетін сияқтысыз, бірақ сонда да өзім жайлы, өмірім жайлы қысқаша айтып берейін. Мен Алматыда дүниеге келгенмін, атымды әжем Мекке-Мәдине болсын деген, бірақ мамам қысқартып Мәдина деп жаздыртқан. Мектепте ән айтқанмен бірге дзюдо секциясына екі жарым жылдай қатыстым бапкерім Ишанбек аға, мықты болатын. .....
Елордалық 28 жастағы азамат, жұбайына 7 жерден пышақ сұққан. Мұны марқұмның көршілер айтты. Қансыраған келіншекті көпқабатты үйдің кіреберісінен бірінші болып тауып алған да осы көршілері болатын. Полицияның дерегінше қанды оқиғаға - арадағы қызғаныш себеп болған. Асылбек Даниярдың репортажы.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Үш жыл бойы отасқан ерлі-зайыптылар Тәуелсіздік даңғылы бойындағы дәл осы үйдің 4 қабатында өмір сүрген. Көршілерінің сөзінше, бұл жанұяда үнемі ұрыс-жанжал болып тұрады екен. Кеше 28 сәуір күні тағы да әйелі мен күйеуінің ортасында кикілжің пайда болып соңы өлім жағдайымен аяқталыпты.