Ac артынан,алдыға шұбат келді, Біреу татып,біреулер сынап көрді. «Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні, Шұбат емес, бір шара шуақ берді. Ақбоз үйдің есігі айқара ашық, Гулесуде жігіттер тайғаласып, .....
Сайран салам сағынышпен келем де, Қарлығаштар айналады төбемде. Қырымнан да, Римнен де артықсың, Сенен ыстық жер жоқ маған әлемде. Баладай пәк бауырың да, досың да, Бауырыңа бас, шұрқырасып қосыл да.......
Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Индустриалды-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы республикамыздың индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасады. Экономика салаларының әр тараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолымен елдің тұрақты дамуына бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық даму стратегиясы» постиндустриалды экономикаға алғашқы қадам болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі берілген саясаттың басты бағыты. Индустриялы-инновациялық бағытты нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық - экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын зандық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.....
Жастық жылдардың аумалы-төкпелі, бейжай күндері — елеусіз бір дүние. Менің көзіме жастық шақтың тек қана жылы шуақты, тамаша кезеңдері елестейді. Бейкүнә балалық, шақтың ебедейсіз, сәтсіз һәм беймаза күндерінің өзін мен дайын тұрған бақытқа ешқашанда айырбастамаған болар едім...
Мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың ауыр айлары ілбіп өтіп жатты. Соғыс жылдарының қытымыр, көңілсіз күндері өкпеге түскен құрттай тіршіліктің ажарын алған. Әншейінде будақтап тұратын ауыл оттары бұл күндері жалқау көлеңдейді, сөніп бара жатқанға ұқсайды. Арбалардың доңғалағы қиралаңдап жолдың ыстық шаңын аспанға көтереді. Оған жегілген арық аттар аяқтарын сылбыр басып, жүре ұйықтайды. Майданға кеткен ересектердің ауыр кетпені жас өспірімдердің иығына батты. Бірі тары суырып, бірі мақта баптап, әркім өз ісімен әбігер. Есік-терезесі аңғал-саңғал иесіз мектепті көлеңкелеп сиырлар тұр.
Көше бойлап жүре қалсаңыз, көңілсіз жәйттерге тап боласыз: қыр-қыр еткен қол диірменнің мылқау үні, келі-келсаптың тақ-тұқ еткен қатқыл даусы қазан басының, жомарт дастарқанның сәнін кетіріп, қалың ауыл-аймақты құлазытып жіберген. Жұрттың қорегі шай мен жүгері талқан, қара тентек, қала берді быламық...
Зерттеудің өзектілігі: 2005 жылды Моңғолияда «Туризмді қолдау жылы» деп атауы экономика саласында қызмет көрсету мен туризмді дамытуға жол ашатыны сөзсіз. Кез келген табиғи байлыққоры мен тарихи - мәдени құндылықтары бар территория саяхатшылардың, ғалым зерттеушілердің, іскер адамдардың және тіпті жай демалушылардың да қызығушылығын тудырары хақ. Туризмді басқару жүйесін орталықтандыру мен түрлі субъектлердің құрылымының пайда болуы туристік саясатты аймақтық деңгейде деңгейде жүргізу мәселесін туынтатты. Бүгінгі таңда дәл осы жерге территория дамуының әлеуметтік-рекреациялық потенциалы сияқты туризмді дамыту стратегиясы орайласуы тиіс. Әр территория ландшафты, табиғаты, мәдениеті, климаты тарихы жағынан аймақ туризмінің даму мүмкіәндіктерін анықтайды. Туризм географиясы жағынан Моңғолияның табиғи ресурсы мен тарихи-мәдени ресурсы кешенді орын болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм мен оның болашағыан баға беру үшін рекреация мен демалыс жағдайын, шетелдік туристерді қабылдау деңгейін, табиғи рекреациялық байлықты, тарихи-мәдени ресурсты жан-жақты әрі терең зерттеу керек. Елдегі бүгінгі күндегі туризм дамуына жасалған талдау оның жоғары әлемдік деңгейде пайдаланылып, экономика саласындағы негізгі кіріс көзі болып отырғанын көрсетіп берді. Сонымен бірге оған кедергі келтіріп отырған себептер де аз емес. Ол мемлекеттің жоғары деңгейде қорғауғаала алмауыжәне жеткілікті деңгейде зерттеулер жүргізілмеуі. ....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақсатан» атты Қазақсатан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үздіксіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. ....