Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Мұрт


Мен мұрт қойғалы қашан! Е-е, несін айтасыз, мұрт мәселесі өз алдына үлкен бір проблема! Олай дейтін себебім, көресіні жұрттан емес, мұрттан көрдім. Мәдениетті, әдепті таныс кісілер «Мұртты жігіт»,— дейді. Ал, кейбір мысқылшыл дырдубайлар «Ей мұрт»,— деп тәмам жұрттың алдында айқай салып, аптарихаңды айрандай төгеді. Жеке өзің келе жатсаң мейлі ғой. Кейде қызбен дегендейін...

Мұрт дегеніміз — үстіңгі ерін мен қос танаудың аралығына біткен, не сүт қоректілер тегіне, не өсімдіктер тобына жатпайтын өз ырқына жіберсең шырмауықтай қаулап өсетін тәртіпсіз бір дүние! Сағаттың қос тіліндей тылтиған бұл көпірдің пайдасынан зияны көп-ау деймін.

Әлі есімде, автобусқа мініп, бір күні қызметке бара жатыр едім, екі көзі тұздай егделеу бір кісі маған шүйліге кетті.

— Әп, пәлем, түстін бе қолға?! Мұртыңды біртіндеп тұрып жұлайын ба, осы?!

Мен аң-таңмын. Автобус ішіндегі жұрт елең ете қалды. Әлгі үйрек тұмсық бейтаныс адам қайта төнді.

Есіңде ме, мені кроватқа арқанмен матап тастап, аузыма шүберек тығып, колхоздың қыруар алмасын машинаға тиеп, тапа-талтүсте ұрлап кеткенің? Қайда әлгі сыбайлас чечен жігітің?.. Жаңылмасам аты Махмұт болар. Сен солай деп дауыстағансың... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қорғансыз жан


Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның реңінде қажыған, қиналған кісінің сыңайы бар еді, демін зорға алып, әрең-әрең сөйлеп отырды.

Көне салоп киген, сырт бейнесі сасық қоңызға ұқсас бір арызшы әйелге:

— Не керек еді сізге? - деді. Арызшы әйел судырай жөнелді:

— Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден -себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! "Не үшін?" деймін. "Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған", дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша ала алатын ба еді? Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырза. Мұның өзі неліктен? Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қана жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін... — деді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Вирустар және оған қарсы Антивирустық бағдарламалар

Вирустар – жансыз стихия, ол еш аяуды білмейді, барлық жерден өте береді. Компьютерді жаңадан пайдаланушыға бір қарағанда компьютер кез-келген жерден,тіпті желдің соғуымен де кіргендей сезіледі. Оның жұмысының қаншалықты зиян тигізетін салдары туралы барлық жерде айтылып жүр. Сондықтан болса керек компьютерді енді ғана пайдалана бастаушылардың вирустың шабуыл алдындағы қорқынышы еш дәлелсіз жоғары.
Алайда бұл қорқыныш, біздің байқағанымыздай, компьютер менгергендердің тең жартысының болып тұратын фаталистиналық босаңдықтың жағдайына пәлендей кедергі келтіре қоймайды. Бәрібір қалай дегенде құтқарыла алмайсың - жазмыш, тағдыр, түсінесіндер ме ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның ақша айналымын басқару

Тақырып өзектілігі. Компаниялардың қаржыны басқаруда маңызды объектісі ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КР инвестициялык саясаты

КІРІСПЕ
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
• сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді.
Инвестицияны акционерлік және сақтандыру ұйымдары, сауда банктері, инвестициялық трестер және жеке кәсіпкерлер бере алады№ Негізгі капиталды (қорды) кеңейтуге не орнын толтыруға, мүлік-заттық - өндірістік қорды молайтуға жұмсалған ішкі инвестиция нақтылы деп аталса, ал құнды қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.) сатып алуға жұмсалған ішкі инвестиция қаржылы деп аталады.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ
Бүгіндері дүние осыдан жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда, танымастай өзгерген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты......
Кеңестер
Толық
0 0

Тамақты шаюға арналған кеңес

Күздің алғашқы айымен бірге суық тигізіп алу қаупі де ере келеді. Түшкіру мен жөтелді түрлі ерітінділермен тамақты шаю арқылы кетіре аласыз.

Kөп жағдайда инфекция адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түседі. Бастапқыда ауыз қуысы мен тамақтың ішінде болатын инфекцияны шайып шығаруға болады. Тек ауыз бен тамағыңызды немен шаятындығын таңдау керек.

Фурацилин

Танымал фурацилин дәрісінің 1-2 данасын бір стақан жылы суға ерітіңіз. Фурацилин ауыз бен тамақтағы бактериялардың көбеюін тоқтата алады. Оның микробтарға және қабынуға қарсы қасиеті аурудың асқынуына жол бермейді екен. Тұмау кезінде, суық тигенде тамақты күніне 3 рет шайыңыз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
• Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
• «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
• Курстық жұмысымың құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни несие жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)

Қалайша қырда өскен боп түс көрмейін,
Қалайша оянғанда тістенбейін.
Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон,
Күннің нұры түседі түстен кейін.
Далада жайқалуға жаралмаған
Жаныма таңның нұры таралмаған.
Шығыстан соққан самал,
сұранамын,
Түн ішінде оңаша орал маған!......
Өлеңдер
Толық
0 0