Курстық жұмыс: Экономика | Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту

Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы эконмикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфлияция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі мақсаты – адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлігінің бірі еңбек нарығы болып табылады. Қазіргі уақытқа сай екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу және табысты, еңбекақы мөлшерлерінде еңбегін ынталандыру бағалау арқылы бөлу.Осы мақсаттарға жету мемлекеттің қатысуымен реттелуі қажет.
Мемлекеттік реттеу - әлеуметтік еңбек қатынастарындағаы ең қиын пунк. Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет пен кәсіподақ. Әсіресе еңбек нарығында мемлекеттің басқа нарықтарға қарағанда белсендігі өте жоғары. Бұл түсінікті, себебі жұмысшы күшінің көзқарастарын қорғауы мемлекеттің негізгі міндеті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жеке меншіктің түрлері, мәні, маңызы

Кіріспе
Кейінгі жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықтық жарлықпен немесе декреттен енгізуге болмайды, нарыққа көшу үшін , ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлерімен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болады.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау мемлекеттік қауіпсіздігін және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Көз жіберсем өткенге)

[quote]Құлағым елеңдейді ән дегенде,
Кежегем кейіп тартар мал дегенде.
Қалмайды қойға барсам ала мысық,
Ақ күшік арт жағымда дәндегендей.
Маған жолдас ақ күшік, ала мысық,
Ақ лақ үшеуі жүр бірге ілесіп,
Ақтиін, қоян қуса қоймаушы еді,
Мысығым мәулеп тұрар көзін қысып.
Үш достың біреуі еді ақ лағым,
Жарысып, озып алған нақ лағым.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Шың басындағы оқиға)


Бір-бірінен көз айырмай үздігіп
Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.
Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған,
Қанатыңа алғаныңа шаттанам.
Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа,
Енді өзің біл,
Сенсіз өмір жоқ маған! –
Деді сұлу жасаурап от жанары. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қырым конференциясы

Кіріспе
Кеңес халқының неміс-фашистік агрессорларына қарсы Ұлы Отан Соғыстың аяқталғанына 60 жыл өтті. Бірақта осы соғыстың батырлық жағдайлары қазіргі күнде де миллиондаған адамдарды толғандырады. Кеңең әскерінің жеңісі соғыстан кейінгі кезеңдегі жағдайдағы әлемдік дамуын анықтады. Кеңес әскерлері 1945 жылы мамырда герман рейхстагыне жеңіс туын артып қойды. Бірақ соғысты бастаған олар емес. Екінші дүниежүзілік соғыс (бірінші дүниежүзілік сияқты) имперализмнен туылды. Ол 1939 жылы күзде екі импералистік держава тобының қарулы күресінен басталды. Оның бастамалары Герман, Италия және Жапония үш импералистік милитаристік фашистік державалар болды. Германия және оның Европалық одақтастары 1941 жылы кеңес жеріне басып кіргеннен кейін соғысқа кеңес үкіметі тартылып қалды. Кеңес үкіметінің Ұлы Отан Соғысы басталды - әділдік, азаттық соғыс. Соғыс майданның бір жағында фашистік агрессорлық блокқа қарсы КСРО-мен бірге Ұлыбритания, АҚШ және бірнеше басқа мемлекеттер болды. Олардың жеңіске деген аманаты бірдей болмады. Фашистік Германияны талқылауда басты рольді кеңес үкіметі ойнады. Екінші дүниежүзілік соғыстың ірі және қатыгез күресінің аяқталу шешімі Кеңе-Герман майданында болды. Дәл осы жерде Германның ірі әскери группироваклары талқандалды. Дәл осы жерде агрессор тірі күшпен техниканың басты жоғалтуларын сезінді. әлемдегі бірінші социалистік мемлекет Герман импералистіу тарихтағы агрессивті әскери машинаны тоқтата алатын күшке ие болды. Оны артқа шегінуге мәжбүрлей алатын мемлекет болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М. Шаханов поэзиясының әлемі

М. Шаханов поэзиясының әлемі
Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан.
“Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.
Тiлiмiздi қорғауда iсiмiз бiрiкпей,
Санамыз сандалып, күшiмiз кiрiкпей
Тоталитарлық жүйеде жүргендей тосылудамыз.
Жерiмiздi қорғап жат қолдан,....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Өнер» Роза Әбілқадырова (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Өнер» Роза Әбілқадырова
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттерді қолдану.
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ат қояды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Ернар (Әміре) Садырбаев

Ернар Садырбаев (Әміре) Қостанай қаласында дүниеге келген. Ернардың бойындағы талантын мектебіндегі музыка пәнінің мұғалімі байқап, оны қалалық жарыстарға қатыстырған. Сондай-ақ, кішкентай өнерпаз 7 жыл бойы музыка мектебінде оқып, ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннен тәлім алған. Содан ба екен, Ернар өзінің болашақта кім болатынын мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шешіп қойыпты. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдады.
Ернар R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрларында ән салады. Ол қатысқан байқауларды санағанда тіпті есептен жаңылысуға болады. Әміре бұрынырақта «Алтын микрофон», «Бозторғай», «Дельфи ойындары» байқауларының лауреаты атанған. Сонымен қатар, 2015 жылы Италияның Милан қаласында өткен «EXPO-2015» халықаралық көрмесінде ән шырқау құрметіне ие болды. Продюсер Брендон Стоунмен бірге жұмыс істеген шағында халықаралық «Новая волна» байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Германияда өткен «Berliner Perle» байқауында да үздіктер қатарынан көрінді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Биология | Витаминдер олардың құрамы және маңызы

Витаминдер (vita- ґмір,amin- ќажетті) – бўл организмніѕ тіршілігіне ќажетті заттар. Витаминдер организмге ќоректік заттармен бірге жеткізіледі. Олар организмде ґтетін барлыќ процестерге ќатысады: организмніѕ ќалыпты жаєдайын ќамтамасыз етеді, ґсіп дамуы, ќоршаєан орта факторларыныѕ ыќпалына тўраќтылыєын ќамтамасыз етеді.
Кейбір организмніѕ тіршілігіне ќажетті вмтаминдердіѕ тїрлерін ќарастырайыќ.
А витамині - ґсу витамині деп аталады, ол кґзге пайдалы, теріге де јсері бар. Ол жетіспеген жаєдайда адамныѕ кґру ќабілеті нашарлайды, адам жўќпалы ауруларєа жиі ўшырайды. А витамині сїт таєамдарында, жўмыртќа, бауыр, сјбіз, бўрыш, итмўрын, шие, асќабаќ, сары ґрік, жасыл жапыраќты кґкґністерде болады.
С витамині (аскорбин ќышќылы) – организмніѕ жўќпалы ауруларєа ќарсы тўруын ќамтамасыз етеді, жараќаттардыѕ, кїйгенніѕ жазылуын жеделдетеді. С витамині жас жемістер, кґкґністер, аскґк (укроп), јшкґк, цитрустардыѕ ќўрамында болады. Јсіресе итмўрын, ўшќат, лимон, ќара бїлдірген, аскґк, кґк пияз С витаминіне ґте бай.
В витамині. Витамин жїйке жїйесініѕ ќызметін реттеуге ќатысады, тері, шаш, тырнаќтыѕ сау болуына, адамныѕ еске саќтау ќабілетіне де јсер етеді. Организмге В витамині жетіспеген жаєдайда ќозєалу ќызметі нашарлайды, бўлшыќ еттердіѕ сіреспесі байќалады, жїйке жїйесініѕ аурулары ќозады, ќан аздыќ байќалады. В тобындаєы витаминдер бауыр, ќара ќўмыќ (гречка) жјне сўлы жармалары, ўрпаќ ўн, кебек, балыќ, жўмыртќа, ірімшік, теѕіз ґнімдерініѕ ќўрамында кґп болады.
Д витамині сїйектердіѕ дамуына жјне ќаѕќаныѕ ќалыптасуы їшін ќажет. Екі жасќа дейінгі балалар Д витамині жетіспеген жаєдайда «рахит» ауруына шалдыєады. Бўл ауру кезінде тірек- ќимыл аппаратыныѕ дамуы бўзылады жјне ортаѕєы жїйке жїйесі заќымданады. Д витамині адамныѕ терісіне кїн сјулесініѕ немесе жасанды ультракїлгін сјулелері јсерінен тїзіледі. Ол балыќ майында жјне сїт ґнімдерінде кґп болады.
Е витамині – организмде оттегін тасымалдауєа ќатысады, улы заттарды залалсыздандырады, кґбею процесіне ќатысады. Ол ґсімдік майы, соя, ќара ќўмыќ (гречка) жармасы, жўмыртќа, жаѕєаќтыѕ ќўрамында кездеседі.
Таєамдыќ талшыќтар- таєамныѕ негізгі бґліктерініѕ бірі болып табылады, олар асќазан мен ішекте ќоректік заттардыѕ ќозєалысын белсендіру їшін ќажет. Олар улы заттарды байланыстырып сыртќа шыєаруєа ќатысады. Таєамдыќ талшыќтар тек ґсімдік таєамдарында єана....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті

Тынышбаев Мұхаммеджан ( 12.5. 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезінде Мақаншы Садыр болысы – 1938 , Ташкент ) –– Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері , тарихшы ғалым , қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. 1900 ж Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерей тойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты « тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі » екендігін мәлімдеп жоғарғы оқу орнында білім алуына арнайы степендия бөлуді сұрады . 1900 жылы жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық сынайтын мақалалар жазып , патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді. Патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып , ендігі уақытта ұлттық езгідегі халақтарға автономия берілуін талап етті. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол құрлысына жіберіледі. 1907 жылы Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады және онда агрокомиссия құрамында қызмет етеді . Дума таратылған соң Орта Азия темір жол құрлысына айрықша өкіметті нұсқайшы инженер болып тағайындалып , Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады.1922 жылдан Түркістан АКСР –сі су шаруашылығы басқармасында , Ташкентте жер суландыру бөлімінде , Қызылорда қаласының құрылыс- жөндеу жұмыстарында , Жетісу губерния атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп , өзін білікті инженер маман ретінде таныта білді . 1927 жылдан Түркістан – Сібір темір жол құрлысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрлысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түркісібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3- інде тұтқынға алынады. Оған « тап жауы » « буржуазияшыл ұлтшыл » деген айып тағылды. Кейінгі жылдары үнемі бақылауда болған ол , ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және комуникация академиясына, көшеге Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді. ....
Рефераттар
Толық
0 0