Жасқаншақтық – сенімнің кемшілігі. Жалпақ тілмен жаутаңкөз дейміз. «Жасқаншақтық баланың жан-жақтылы өсіп-жетілуіне тиімсіз факторлардың бірі» дейді ғылыми тұжырымдар. Жеті жасқа дейінгі балаларда көп кездесетін қорқудың бірнеше түрі: 1-Бөтен ортадан қорқу (адам жатырқау); 2-Алаңдау; 3-Бөтен заттардан қорқу; 4-Жалғыз қалудан қорқу; 5-Ата-анасының немесе өзгенің ұрып-ұрсуынан қорқу;
Енді себептері:
1. Ата-ананың орынсыз әлпеші. Тым әлпештеп өсірген бала өзін өте әлжуаз санайды екен. Оған біреу келіп көмектеспесе немесе істеп бермесе өздігінен бір нәрсені “дұрыс істей алам” деп ойламайды. Сондықтан өз киімін киюден де жасқанады екен. ......
1. Жезқазған Кеңестер Одағының мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және мыс қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың 1-дегі есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дертяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша 3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс – 1330 мың тонна. Жезқазғанның бұл толық зерттелген запасы 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы метрдей жер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85-90 процент шамасы руда шығарады. Бұл мәліметтер Жезқазғанда мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерььеу жөнінен де басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын, толық зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді. Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк, висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады. Жезқазған рудасы оншама терең де емес, ең терең жері 150 метрге жетеді, руда жер астында қабат-қабат жатады, мұның арқасында бір шахтадан бірнеше қабат руда шығаруға болады.....
Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу Қазақстан аймағының эпидемиологиялық жағдайы. Қазақстанның кең-байтақ территориясында әр түрлі климатты географиялық сипаттамасында обаның, туляремияның табиғи ошақтарының болуына, көптеген елді мекендерде тазалық жағдайларының жетілмеуіне байланысты эпидемия (аурулар індеті) түріндегі өте қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болуының барлық алғышарттары бар. Одан бөтенде олардың туындауына халықаралық байланыстардың кеңеюі, қанағаттанғысыз санитарлық-тазалық жағдайлар мен тұрғындардын қалаға шоғырлануы себеп болуда. Халықтың көшіп-қонуы медициналық дәрі-дәрмекті, құрал-жабдықтарды уақытылы жеткізуге мүмкіндік бермейтін көршілес елдер арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы да себеп болады. Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия секілді іш аурулары, грипп басқа да жұқпалы инфекциялар, дифтерия, қызылша, көкжөтел, полиомелит, эпидемиялық паротит, туберкулез, құтырыну," бруцеллез, кене энцефалиті, безгек, оба, жұқпалы сары ауру, тырыспай, түйнеме (сибирь язвасы) тіркелген.....
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшіл-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі-кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасына қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді. Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады. Берілген жұмыстың тікелей мақсатына оралатын болсақ, біздің басты мақсатымыз бағалы қағаздар есебін жүргізуде ақпараттық жүйені тиімді пайдалану және автоматтандыру болып табылады.Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автоматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. ....
К е н е н: Мен едім Кенен аңын Қордайдағы, Төгейін өлеңімді таңдайдағы. Ләтипа, дабысыңды естіп келдім, Жатсаң да Төмен Балқаш шалғайдағы. Өзіңдей өнерпазды көргенімде, Қайнайды зығырданым қай-қайдағы. Топардың тоғайында сен бір бұлбұл, Әніңді құбылжытып салғай-дағы, Ақиық Алатаудың қыранымын, Қондырып бұтағыңа алғай-дағы. Л ә т и п а: Сен бе едің Қордайдағы Кенен деген, Құлағым келеді деп елеңдеген. Сыртыңнан естуші едім атағыңды, Ойда жоқ түлеп түртіп келер деген. Ашадан Сауытбек пен Жидебай кеп, Айтысып менен көңлі төмендеген.......
Жабырқап жүргеннен бе жүдеп кей күн – елпіл жоқ, меңіреу бір түнектеймін. «Аспаннан құлап қапты – анау жерде Күн жатыр!» – десе біреу, дір етпеймін. «Бас қосып сауысқанның мыңы бүгін, ел бопты, - десе, - содан ғылым ұғын», - міз бақпай мелшиемін, түбі солай боларын білгендей-ақ күнібұрын. Жасымнан ел таныдым, жыр таныдым, басылды неге бұлай күрт арыным?....
Кіріспе Туризмнің негізгі анықтамасы 1963 жылы Рим конференциясында қабылданған.Турист барған елінде 24 сағаттан астам уақыт болатын уақытша саяхатшы.Егер уақытша саяхатшы барған елінде 24 сағаттан кем болса онда оны экскурсант деп атайды.Туризм – француз тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді,яғни бос уақытты тыс жерде өткізу. Туризмнің көптеген түрлері болады. Ішкі туризм деп – бір елдің териториясында өздерінің туристерінің қатысуын жүзеге асыратын қызмет. Халықаралық туризм деп – бір елдің туристерінің басқа елдің териториясында қатысуын жүзеге асыратын қызмет.Туристік қызметтерді басқа басқа елдің териториясында ұсыну шығу туризімен байланысты, ал басқа елден келген туристерге елдің белгілі бір териториясында туристік қызметтерді көрсету немесе ұсыну келу туризімімен байланысты. Жоспарлы туризм ұйымдастырылған тур-агенттіктер мен тур-операторлардың көмегімен жүзеге асырылатын кез-келген туризмнің түрі.Жоспарлы туризм арнайы заңдардың, нормативті актілердің негізінде мемлекет деңгейінде реттеледі және жаппай туризімнің әлеуметтік индустрияның негізін құрайды. Кез-келген туризмнің негізін қалаушы, брондау, тасымалдау, тамақтандыру, орналастыру, көңіл-көтерусияқты шаралар алдын-ала туристке белгілі болады.....
Кіріспе Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық тауар айырбасының объективті негізі; мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, қоғамдық құрылымына қарамастан, саудада, ғылыми-техникалық салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде, өндірісік дамуда т.б. көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға жұмылдырады. Халықаралық шаруашылық байланыстарының типі XIV-XV ғысырда пайда бола бостады (орта ғасырда). Әрине, ондағы тауар айырбасы қарапайым түрде еді. Дүниежүзілік шаруашылық көптеген жылдар бойы екі қарама-қарсы системаның бір-біріне қайшылықтары салдарынан (саяси құрылымы жағынан) ұзақ уақыт бойы бір жүйеге түсе алмай жүрді. Социалистік лагерь өз бетінше, ал экономикалық байланыста капиталистік елдер өзінше дамыды. Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісі – мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі- ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі-оны бөлшектеу және қайта жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы және де аймақтық-өндірістік кешен болуға ықпал етеді. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты -өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды. Халықаралық еңбек бөлінісі- өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негізгі құралы.....
На сегодняшний день такое понятие как биллинг все время на слуху, так как использование биллинга становится все более популярным с каждым днем . Говоря биллинг, подразумевается целый комплекс процессов, направленных на сбор данных касающихся использования энергосбытовых услуг, их тарификации, а также выставление счетов абонентам, обработку платежей. Без биллинга просто не обойтись, ведь именно биллинг является одним из наиболее важных компонентов их деятельности. В любой компании биллинговая система является жизненно необходимым элементом ИТ-инфраструктуры. От того насколько хорошо работает биллинг, насколько он соответствует потребностям оператора, и насколько он способен адаптироваться к изменяющимся условиям, зависит развитие бизнеса в условиях жесткой конкуренции и постоянно совершенствующихся технологий. Использование биллинга существенно ускоряет и упрощает процесс составления счетов для клиентов - биллинг помогает наиболее эффективно организовать экономическую составляющую деятельности любой компании энергосбыта. Можно выделить основные функции биллинга,которые заключаются в проведении расчетных операций, организации информационного и финансового обслуживания. Кроме этого биллинг дает возможность контролировать доходы компании, организовывать эффективное управление прибыльностью, а также отслеживать возможные попытки мошенничества среди абонентов. Биллинг - это чрезвычайно удобно, выгодно и практично. Традиционно при построении биллинга база данных (БД) используется в качестве хранилища исходных, а иногда и агрегированных данных. При таком подходе главным требованием к используемой системе управления базами данных (СУБД) является минимальное время выполнения операций изменения, удаления и вставки строк в таблицы базы данных. Все остальные свойства и возможности СУБД, включая используемую модель организации данных, приобретают второстепенное значение. Собственно сам биллинг представляет из себя некий программный модуль, написанный на самых различных языках программирования – от скриптовых до высокоуровневых. Целью выполнения дипломного проекта ставится задача разработать программный модуль, которой обеспечит учет потребления электроэнергии. Были поставлены следующие задачи: изучение и анализ информации, относящейся к теме дипломного проекта; проанализировать и спроектировать логическую и физическую модели пользовательского приложения;....