Қайрат Нұртастың анасы арбаға таңылған бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Гүлзира Айдарбекова 4 жастағы арбаға таңылған Даяна есімді бүлдіршіннің алғаш рет қадам басқанына куә болды. Ол емхананың бас дәрігері мен ата-анасының өтініші бойынша Даянаның тұсауын кесті.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Олар - бейбіт күннің батырлары. Олар күнделікті адам өмірін ажалдан арашалап, ешкімге жар салмай-ақ, ерлік жасайды. Ортамызда жүрген хирург мамандардың өмірі - мүлде бөлек әлем. Әсіресе, адамның ана құрсағына біткен сәттен бастап соғатын жүрегін тоқтатып қойып, оған ота жасайтын кардиохирург мамандардың ісі - нағыз ерлікке пара-пар екеніне дауласу қиын.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Келбет алдамшы ма?

Үлкен орманда бір жылан өмір сүрді.Жыланның түрі суық әрі сұсты болатын.Сондықтан да жануарлар «шағып алар,жалмап өтер» - деп,бойын одан аулақ ұстайтын.Жалғыздық жаман зат екен,ол өзінің жылан болғанына......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Оноре де Бальзак | Жергілікті дәрігер

I таpay

ӨЛКЕ МЕН АДАМ

1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жоқ дәрігер)

Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек

Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.

Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды......
Эсселер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Дәрігер Айболит бізде қонақта

Ұйымдастырылған оқу - қызметі
Тақырыбы: Дәрігер Айболит бізде қонақта
Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеуге, сюжетті - рөлді ойынды өз ұйымдастыру, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білу іскерліктерін дамыту.

Шаттық шеңбер:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын,
Достарымыз коп болсын.

Тәрбиеші: Балалар денсаулық тазалық кепілі, біздің тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуміз керек?
Балалар: Жаттығу жасаумыз керек, жуынып жүруміз керек, тісімізді тазалап, тамақ ішер алдында қол жууымыз керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, денсаулықты сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіңдер. Мен сендерге бүгін тері тазалығы туралы айтайың мына суретте 5 ереже мына суретте. Біреу есік қағып тұр бұл кім кірқожалақ бала келеді.
Сәлеметсіңдер ме неге бәрі тап - таза әдемі.
Тәрбиеші: Сен кімсің? Балақай сен неге кірсін жоқ тазамын, сен құлап қалдың ба жоқ таңертең жуындың ба ия қалай көрсетші. Мұрат қолына түкіріп бетін сүрте салады. Ой деп тәрбиеші......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №2 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2 Сөздердің және тіркестерінің мағынасын түсіну
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау
1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды
Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және қолданады.Қарапайым айтылымдарды сөйлесуде қолданады.
Кейбірі: Күнделікті өмірде қолданылатын жаңа сөздердің мағынасын түсінеді........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0