«Белбеу тастау» — ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.....
Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін. Мағжан Жұмабаев Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты, міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында болмақ деп ойлаймын. Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен бүгінін сараптай білуі шарт.......
Адамдардың басын улаған әлеуметтік желі. Қазіргі таңда көптің мәселесіне айналған әлеуметтік желі туралы нүктесін қойып, шешімін тапқан ешкім жоқ. Әлеуметтік желіні зиян дейміз-ау. Бірақ, бізде соның құлына айналып барамыз.......
Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі. Топырақ бөлшектерінің құрылымы . 1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ. 2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм. 3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм. 4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм. 5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді. Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. ....
Кіріспе Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес. Түлектік жұмыстың өзектілігі –информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық әдістемелік негіздерін қолданып, информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі жағдайын, оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары мен мазмұнын және есептер шығару арқылы информатиканы оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.....
Тақырып өзектілігі: Балалар жер шары халқының санының басым көпшілігін құрайды. Бала дамуы болашақ ересек адамның рухани және практикалық іс - әрекет аймағының, оның бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің дамуының өзекті алғышарттары болып табылады. Біздің елімізде балаларға мектеп жасына дейін қоғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Балабақшалар ағарту ісіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу - тәрбие мекемелерімен қатар біздің қоғамымызға сай келетін баланың тұлғалық, әлеуметтік бағдарларын дамыту жауапкершілігі жүктелген. Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психологиялық еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер және т. б. еңбектерін жатқызуға болады......