Әңгіме: Джек Лондон | Ойын


Бірінші тарау

Алдарында қызылды-жасылды көркем кілемдер жаюлы жатыр. Coның ішінен бұлар екі Брюссель кілемін бірден ұнатқанымен, өзгелерінің де бояуы мен өрнегі ерекше еліктірді. Қызықтырмай, сірә, қояр емес, әттең бағасы тым қымбат. Бөлім бастығы бұларға ерекше сый көрсеткісі келгендей басы-қасында өзі болды; әйтсе де қыз осыншама құрмет өзіне емес, Джоға бола көрсетіліп жатқанын біліп тұр, жаңа ғана екеуі жоғары көтерілген кезде лифтер бала Джодан көзін ала алмай аңырайып қарап қалған жоқ па. Тіпті қаланың батыс жағындағы өздері тұратын кварталдың бойымен екеуі өте қалса, көшедегі бала-шаға, жастар тап осылай таңырқаушы еді ғой.

Бөлім бастығын телефонға шақырып әкеткен кезде қыз көңілін де бағанадан арпалысқан екі ой — әдемі кілем алсам деген арман мен көп ақшам кетіп қалады-ау деген қызғаныш сәл серпілгендей болды да, оның орнына жүрегіне тікенше қадалған бір түйткіл тағы оралды.

— Мен түсіне алмадым, Джо, соншама сен қызығатын не бар еді онда,— деді қыз ақырын ғана, бірақ өжет үнменен бұл тегі екеуінің осының алдында ғана келісе алмаған бір талас сөзінің жалғасы болу керек.

Жас балуанның бала сықылды сүп-сүйкімді жүзінен болар-болмас реніш колеңкесі жылжып өткендей болды да қас қаққанша қабағы жадырап сала берді. Жаңа салған ұясына жасау іздеп, өмірдің табалдырығынан енді ғана аттағалы тұрған бұл екі жан өндірдей жас еді, жігіт әлі жас бала тәрізді науша болса, қызды сары ауыз балапан десе болғандай.

— Ренжімесең қайтеді? — деді жігіт.— Бұл менің ең, соңғы. тіпті ең ақыры кезегім ғой.

Ол осы сөзді айтты да, жымиып күлді, бірақ қыздың құлағы оның күлкісінен болар-болмас өкініш лебін шалғандай болып, әлденеге жүрегі қысылды; ғашығын қызғыштай қоритын әйел затының қызғаншақтық әдеті жеңген қыз өзі үшін жұмбақ болып жүрген, бірақ жігіттің аусарын аударып әкеткен осы бір құмарынан секем алып сескене беруші еді.

— Өзің білесің ғой, О'Нейльмен кездескеннен кейін мен мамамның үйіне бересі борышын түгел төлеп құтылдым.— Сөйтіп бір уайымнан арылдым. Ал Понтамен бүгін кездессем, жүз доллар жүлде тағы алам, жүз доллар дегенге түсінемісің! Оны түгелімен жасауға жұмсаймыз.

Қыз бұл арада тиын есептеу ерсі ғой дегендей қолын бір сермеді.

— Сен рингіге соншама құмарсың. Соның себебін білуге бола ма?

Жігіт сөзге шорқақ долаң еді. Жұмыста тілі орнына қолы жүрсе, рингіде де бұлтылдаған бұлшық еттері мен бүткіл денесі түсінгенге ойнай сөйлейтін, бірақ рингіге неге құмар болғанын өзі де айта алмайды. Дегенмен бар білген-сезгенін айтпақ болып, күмілжи, тұттыға сөз бастады, күрес кезінде, әсіресе айғай-сүрен көтеріліп, арқасы қозғанда өзінің қандай халде болатынын түсіндірді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Судья


Кхирода ел ақтап жүріп, ақырында осы бір жігіттің құшағында сая тапқандай болып еді. Міне енді ол да мұны қаңғыртып жіберді.

Күн көру үшін тағы біреудің құшағына іздеуді қайтып ойлағысы да келмеді оның, жирене қарады. Жасы болса жер ортаға келіп те қалды.

Жастық шақтың дәурені өткеннен кейін де өмірдің бір тамаша кезеңі болады. Ол кезең — жарқын жүзді күздің шуақ күніндей тыныш та тұңғиық, тұнық бір кез. Осы тұсқа жеткенде өмір бағының бар жемісі толықсып пісіп, көкорай шалғыны ұзарып жетіледі. Жастықтың елең-алаңында албырттықпен шалыс басқан аяқ енді ерсі көрінетін болады. Бұл дүниеде жасарымызды жасап, шығар биігімізге шығып болғандай сезінеміз. Өмір жолында бастан кешкен жақсылық-жамандығымыз, қайғы-қуанышымыз біздің ақыл-ойымызды біржола суарып шыңдап болады. Біз енді көкжиекке қол создырған тәтті қиялдың соңына еріп, адасудан бой тартамыз да, өз шамамыздың тар шеңберінде ғана өмір сүруге мойынсұнамыз. Жарқ еткен жаңа махаббаттың жалынына ұрынудан гөрі, үйреншікті сыр мінез серігіміздің болғанын артық көре бастаймыз. Бұл кезде жастық шақтың уылжыған өңіне әжім түседі. Бірақ көңіл шіркін қартаймайды. Ұзақ жыл отасқан өмірден кейін көңіл күйінің көрінісі бет пішінімізден, көз жанарымыздан сезілетін болады. Адамның даусы да, күлкісі де, көзқарасы да оның ішкі табиғатымен үйлесе бастайды. Қол жетпесті арман етіп елегізу енді қалады, бізді тастап кеткендердің артынан қайғыру жоқ та, алдап кеткендерге кешірім көп болады. Қиыспасыңмен айырылысудың зарын тартып болып, алай-дүлей бұрқаған өмір дауылының бәрін басыңнан өткізген шақта қасыңда қалған адал дос өзіңді жақын тартып, сүйіспеншілік білдірсе, сен де соған бар махаббатыңды ұсынып, құлындай түсесің. Өмірдің осынау бір іңір қараңғысы шағында ежелгі сыр мінез, сенімді серігіміздің қасында болсақ, сонда ғана жанымыз жай тауып, рақатқа батады. Ал бұл кезеңде жаңадан үйір болар жан іздер күйге душар болсаң, құдайдың ұрғаны. Кештетіп келгеніңде тыным аларлықтай боп үйіңде шамың жағулы, төсегің салулы тұрмаса, сорыңның қайнағаны. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По Мари | Роженің құпиясы


«Морг көшесіндегі кісі өліміне» қосымша

Шынайы оқиғалар мен олардың мінсіз жүйелілігі параллелді түрде қатар жүреді. Олар үнемі бір-бірімен дәл үйлесе бермейді. Адамдар мен жағдайлар әдетте оқиғалардың мінсіз тізбегін өзгертіп отырады. Сондықтан да олар жетілмеген сияқты болып көрінеді де олардың нәтижелері де шалағай болып шығады. Реформацияда да дәл осылай болды — протестантықтың орнына лютерандық келді.

НОВАЛИС. Моральға көзқарас

Оның бар болғаны жай ғана кездейсоқтық екеніне сенудің өзі ақылға сыймайтын оқиға болып көрінетін кездейсоқтыққа тап болған кезде тіпті ең байыпты, ең байсалды деген адамның түйткілді көңіліне де тәңірдің құдіретіне илану сезімі ұялай бастайтын шығар-ау осы. Кездейсоқтық докторинасына немесе оның меншікті есімімен атар болсақ, ықтималдық теориясына жүгінбейінше, ондай сезімді (өйткені мен айтып отырған көңілдегі шүбәлі, бұлыңғыр сенім ешқашан да толық ақыл-ойға айналмайды) басу мүмкін емес. Бұл теория — өзінің табиғатында таза математикаға тән теория; сонымен ғылымның бүкіл бізге берерінің ішіндегі ең жүйелісі де, дәлі де оймен болжау саласындағы қолға түсе бермейтін көлеңкелі, шүбәлі елесті жақтарды айқындауға пайдаланылады. Мен жұртқа жариялағалы отырған айтса адам нанғысыз бұл оқиғаның егжей-тегжейі, болған кезі жатынан дәл сол күйінде алынған, әрі оның өзі әдеттен тыс кездейсоқтықтың бірінші тармағына жатады, ал екінші, қорытынды тармағынан оқушылар қауымы, әрине, жақында Нью-Йоркте болған мэри Сесилия Роджерстің өлімі жайында білетін болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ер қанаты


Айнагүл бүгін балаларға жылқы жайлы сабақ өткен еді. Сабақ барысында Айнагүлдің аузынан, мағынасына орай, жылқы деген де атау айтылып жатты, ат деген де сөз шықты, Қамбар ата түлігі деген де сөз айтылды, тіпті жылқының жас ерекшелігіне байланысты айтылатын сөздер де аталмай қалмады. Оны былай қойғанда, Айнагүл жүйрікке байланысты айтылатын тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деген сөздерді де
ретіне қарай қолданып бақты.

Айнагүлдің бір мінезі сабақ беру барысында өзінің шәкірттерін тыңдағанды да жақсы көретін. Бұл жолы да солай етпек болды. Кенет сыныптың ортасынан Ернар деген бала қол көтерді. Ернар Айнагүлдің сүйікті шәкірттерінің бірі еді. Сондықтан ба өзін еркінірек ұстайтын. Кейде апайына аздап еркелеп қоятыны да бар. Ернар бұл жолы салмақты мінезбен орнынан тұрды да: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Агрономия | Жоңышқа өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Кіріспе
Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.
Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.
Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9].
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін ойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Тұғыры биік қазақ елім!

«Елімді иесіз деймісің,
Жерімді киесіз деймісің», -деп Үмбетей жырау жырлап айтқандай, аталы жұртымызда,айбынды ұлтымызда киелі ерлер баршылық. Қазақ хандығы құрылғаннан бері еліміз жаугершілік заманда өмір сүрді, ұлы құл, қызы күң болмауы үшін ерлері де, әйелі де аянбай тер төгіп,ұлан ғайыр қазақ даласын бүгінгі күні бізге табыс етіп отыр. Еліміздің кең байтақ жеріне көз тіккен жоңғардың да,қалмақтың да сағын сындырып, еліміз жеңіске жетіп, тарих қойнауында қалған үлкен із болып, қанша соғыс пен көтерілістердің кесірінен қазақ азаматтарымыз жапа шегіп, халқы азайды. Бұл – халықымыздың шыңдалған,елдіктің рухын көтерген, ұрпаққа азаттық пен бостандық үлгісін көрсеткен, тағылымы мен үлгілері мәңгілік ескерілмейтін, шын мәніндегі бірлік пен азаттық шайқасы болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Құрдымға кеткен елдер

Азия құрлығында түркі тектес тайпалар ішінде Ресейдің отарлауына қатты қарсылық көрсеткен қазақ халқы болса, Африка жерінде отарлаушы Еуропамен алғаш қақтығысқа түскен елдердің бірі осы Бенин. Португалдар Үндістанға барар жолда ең алдымен Африка жері арқылы жүріп өтті дедік. Бұл 1500 жылдардың шамасында еуропалықтар мың жерден отты қаруы болса да қара құрлыққа ішкерілей ене алмайтын. Олар бар болғаны жағалауда орналасқан қалаларды ғана қорқытып, сонда билік құрды. Мұндай территориялар Африканың 10 пайызына да жетпейтін. Ал еркіндік сүйгіш африкалық жауынгер тайпалар құрлықты ойқастап тіршілік ете берді. Америка жерінде плантациялар құрылып, ірі монополист компанияларға арзан еңбек күші керек болды. Физикалық тұрғыда әлдеқайда қуатты, сом тұлғалы африкандықтар таптырмас құлдың жұмысын жасай алатын. Бірақ есіңізде болсын ол кезде қазіргідей қара нәсілділер құл болады деген түсінік атымен жоқ болатын. Себебі солтүстік Африканың құл базарларында өзі сары, көзі көк еуропалықтар, орыстар, грузиндер мен черкестер, болгарлар мен румындар сатылатын. Енді Еуропа үлкен шығынға бармай - ақ бас білдірілмеген осынау қара нәсілді еркектерді сатып алу үшін айлаға көшті. Бұл үшін оларға делдалдар қажет е.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Әңгіме: Сарбасова Азиза | Менің атам ардагер ұстаз


Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы – соғыс ардагері. Ол Жылыой ауданы Қияқ ауыл кеңесінде 1921 жылы туған. 1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара арна орталық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылдың қаңтарында Совет Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 648-ші атқыштар полкі 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі және сержант болған. Бұл полк 200-ші дивизия солтүстік Батыс майданы «Старый Русь» қаласының бағытында соғысқан. Соғыстағы ерлігі үшін «За отвагу» және «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен наградталған. 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралған.1943 – 1946 жылдары Куйбышев атындағы 7 жылдық мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып жасаған. 1951-1952 жылдары «Бірліктаң» 7 жылдық мектебінде, 1952-1959 жылдары «Қараша» 7 жылдық мектебінде, 1959-1962 жылдары «Орджоникидзе» атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Күйеуі әйелінен мына нәрселерді күтеді

1. Әйелінің себепсіз бөтен ер адамдармен сөйлеспегенін. Олармен қарым-қатынаста сабырлы, байсалды болғанын.
2. Әрдайым таза әрі ұқыпты киінгенін. Тек күйеуі үшін сәнденіп, әдеміленгенін.
3. Жылы сөздер айтып, ризашылығын білдіріп тұрғанын.
4. Өзін сыйлағанын, қолдау көрсеткенін.
5. Екеуінің араларындағы сырды ешкімге айтпағанын, кемшілігін бетіне баспағанын.
6. Өзгелердің күйеуімен салыстырып, кемсітпегенін.
7. Жұмыстан күліп қарсы алғанын, үйдің әрдайым таза, тамағын уақытылы әрі дәмді дайындағанын.
8. Ата-анасын әрдайым сыйлап, қонақтар, достары келсе жылы жүзбен қарсы алып, шығарып салғанын.
9. Балаларының, өзгелердің көзінше намысына тиетін сөздер айтып, оны төмендетпегенін.
10. Орынды-орынсыз қызғанып, болмашы нәрселерге жанжал шығармағанын. ......
Кеңестер
Толық
0 0