"КешYOU" тобында өнер көрсетіп, кейін Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып танылған Ақбота Сейітмағамбет желіде әсерлі жазба жариялады. Белгілі актермен жақында ғана ресми түрде ажырасқан әнші бұрынғы қарым-қатынасында жіберген қателіктері мен үлкен өкініші туралы жан сырын ақтарды деп жазады nur.kz.
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Хат жазу. Саяхат сәттері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады . 1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады. 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді. Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді......
КIРIСПЕ Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады. Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады. Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр. Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр. Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2]. Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты. Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады. Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар. Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.....
Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (3-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды. Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды. Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға еркін жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды.....
Мен саған бол демеймін басыбайлы, Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп. Халық әнінен. ...Әйелдің сұрамайды жасы жайлы, Мен саған бол демеймін басыбайлы. Жүрейін азғана күн қасыма ертіп, Айтпайын әперем......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Әңгімелердегі «Кейіпкер сипаттамасын жазу. Қамқор болып жүрейік! щ әрпімен жазылатын сөздердің емлесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Сабақ мақсаттары: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру- ге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.....
Па, шіркін, құм Тосынның жазы қандай, Ауру жан сырқатынан жазылғандай. Көтерген көк орманы қарқарасын, Жан сүйген жар секілді жазық маңдай. Бұрқырап бұлақ ойнап құм төсінде, Ұқсайды табиғаттың еркесіне. Бұралған қыз беліндей қызыл жыңғыл, Таласа біткен шоқы.....