Сабақ жоспары (ұмж): Әлемді өзгертетін жаңалықтар (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгертетін жаңалықтар
Сабақ тақырыбы: Әлемді өзгертетін жаңалықтар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.7.1.1 Әлемді өзгертуші жаңалықтарға мысалдар келтіру
5.7.2.1 Зерттеу сұрағы бойынша қорытындыны тұжырымдау
Сабақ мақсаттары: • Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін
• Жаңалықтардың әлемді қалай өзгертетінін біліп, түсінетін болады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлемді өзгерткен жаңалықтар (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақ такырыбы: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Осы сабақта жететін мақсаттар(оқу жоспарына сілтеме): 5.1.3.1 Жариялау, өңдеу, ортақ қалтаға жүктеген файлдарды жүктеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылардын құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.

Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.

Жаңа Жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Болашақта ашылатын жаңалықтар 1-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Сабақ тақырыбы: Болашақта ашылатын жаңалықтар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.7.1.1. әлемді өзгерткен жаңалықтарға мысалдар келтіреді
Сабақ мақсаттары: • Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін
• Жаңалықтардың әлемді қалай өзгертетінін біліп, түсінетін болады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Жаңа Мазандаран

Өткен заманда Әдбілхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты. Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып, алып кетерсің»,—дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, неше рет айдап жүргенде шықпас па еді? Ол алтын—сенің несібең, өзің ала бер»,—дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп. Екеуі таласып, Әбділхамит деген патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуін де сұрап: «Бұл екеуі де ділләні алмаса, жерден шыққан алтында кім алады?»—деп, уәзірлерінен сұрады. Сонда бір уәзір тұрып айтты: «Бұл жерден шыққан алтын патшаның несібесі болса керек»,—дейді. Сонда патша айтады: «Құдайдан қорықпаған адам екенсің, жер сатқан алмайды, жер алған алмайды, мен алып, менің қай ата-бабам көшіп қонып еді!»—деп әлгі уәзірді қуып жібереді. Сонда екінші бір уәзірі айтқан: «Жер сатқан мен жер алғаннан сұраңыз, ұлы-қызы болса, бірін-біріне некелеп қосып, алтынды ұл мен қызға берсін»,—дейді. Сонда патша сұрады: «Қайсыңда ұл бар, қайсыңда қыз бар?»,—деп. Жер сатқан «ұлым бар», жер алған «қызым бар» деді. Екеуінің де баласын шақыртып алып, қызды ұлға неке қылады.....
Ертегілер
Толық
0 0