Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қасқыр мен жеті лақ ертегісі

Білімділік: Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, көру, есту, есте сақтау және өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, қонақжайлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды, мадақтау.
Билингвалды компанент: Ешкі - коза - goot, лақтар - козлята - kids, қасқыр - волк.
Технологиялар: «И. Н. Мурашковска, Н. П. Валюс», «Триз».
Көрнекіліктері: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері (ешкі, лақтар, қасқыр, қарға .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көңілді спорттық жарыс

Мақсаты: Балаларды ойын түрлерімен таныстыру және дұрыс орындай білуге үйрету.
Балалардың спортқа деген қызығушылығы арттырылады.
Ойын барысында шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Көрнекі - құралдар: 2 кішкентай доп, 2 үлкен доп, 2 қап, шығыршық, бас орамал, себет.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру.
Түрі: ойын, сайыс.

Барысы
І. Оқушыларды ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
Құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар бүгін мектебімізде үлкен спорт мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің арамызда көңілділер, мықтылар, ептілер, батырлар көп екен, соған байланысты біз даярлық сынып араларында КӨҢІЛДІ СТАРТ атты спорттық жарыс өткіземіз.
Құрметті қонақтар енді ортаға сайыскерлерді шақырамыз!
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.

Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтау және қажетті ақпаратты іріктеп алу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Хат жазу (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Хат жазу
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме)3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
Сабақ мақсаттары: 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу
1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айту
Сабақ мақсаттары: Оқушылар өз көзқарасын білдіріп мәтін құрап айтады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Отты жылдар жадымызда

Өлген жоқсың,қатардасың,
Солдатсың сен, азамат!
Бүкіл әлем замандасың
Қадірлейтін адамзат.
Қ.Көпішев
Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ, яғни біздер, қазіргі таңда Қазақстанда алаңсыз өмір сүрудеміз. Бізге мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын соғыста қолына қару алып,қасық қаны қалғанша соғысқан аға ұрпақ сыйлады. Бейбіт жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасаған Германия Гитлердің «Барбаросса» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Гитлер Кеңестер одағына қарсы «Қауырт соғыс» ашып, 8-10 апта ішінде аяқталуға тиіс деп жоспарлады. Сөйтіп 1941 жылдың 22маусымында таңға жуық фашисті әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса-көктеп кірді. Германияның шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны,Белоруссияны басып алып,Ленинградты қоршады. Мәскеуге жақындады. Ленинград үшін болған шайқаста халық ақыны Ж.Жабаев жауынгерлерге «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Түйе, нар

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде...
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштері

Жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты – экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.
Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді.
Жоспарлау мен болжау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау мен болжау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №1268 жарлығымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.
Қазіргі жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің басты механизмдерінің бірі жаңа мағыналы және іске асырудың түрлері бар индикативті жоспар болуы керек.
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0