Сарымсақ қоспасы көптеген ауруларға ем

Бөтелкеге қызыл вино толтырып ішіне 12 дана сарымсақты (чеснок) 4-ке бөліп турап саламыз, осы дайындалған қоспаны 2 аптаға күн нұрына қоямыз, күніне 2-3 рет қозғап тұрған жөн.
2 аптадан соң қоспаны Күн нұры өтпейтін қара бөтелкеге құйып қойыңыз.
Осы қоспаны шәй қасықпен күніне үш реттен бір ай бойы ішіп тұрсаңыз.
Организмнен токсинді тұздарды тазалайды, күш қуат береді, қанды тазалайды, иммунитетті жақсартады, қан тамырларын қатайтады. Жүрекке өте күшті күш қуат береді, қанды тазалап организмді қалпына келтіреді. Артық майдан арылтып тамақ қорту жолдарын туралайды. Әйелдік ауруларды емдейді. Бүкіл организмді керек емес улы заттардан, токсиндерден тазалайды. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы | Өлең мен қара сөз ғибраты

Сонымен бу жалғаннан өттің, кеттің,
Мақсатқа, әуре - пенде, қашан жеттің?!
"Ас табылса, - дегендей,- дос табылмас!"
Бірі болса, бірі жоқ болып кеттің!
Бір соны жер қылған жоқ - шиыр, тебін,
Қайда барсаң, көрсетіп әркім ебін!
Жоқ болғаны жалғанда жаман екен,
Аузыңның, сөгер кісі, тіккен жібін.
Аспаннан жаңбыр болып жаудың-жаудың,
Сарқырап сай-сайынан тас пен таудың.
Құрғатып кептіретін күншуақ жоқ,
Болған соң ортасында қалдың даудың.

Акқан суды кұйып алатұғын - ешкімде түбі бүгін ыдыстың жоқтығынан, су қалпынан асып кетіп, арнасының өзін бұзып дал-дал қылды. Ақпайын десе, Құдай жаратқан бұлақтың көзі; ағайын десе, қалай ағарын, қалай барарын білмей аң-таң. Аң-таң болатұғыны - мынау замана тиғир (тифир) тауыпты, халық-жұрттың ортасынан опа қашыпты. Ол опа қашқанда, жалғыз қашқан жоқ, сахилыкты, өміруат, адамгершілікті ертіп алып, үшеуі бірге ілесіп шығып кетіпті. Бұл үшеуінің орнында үш нәрсе қалыпты: опа орнына - мүнафиклық, сахилық орнына - сараңдық, мәрауат орнына - хүсүдлік. Бұрынғы аққу мен қаз отыратұғын көлдердің басында қарға, сауысқаннан басқа дым жоқ. Бұлбұл жүретұғын бау-бақшаларда көзі шегір ұзақтан басқа құс жоқ. Есіл Ай мен Күн қатарымен жарыса жүретүғын аспан көкте бұлттан басқа қалған дәнеме жоқ. Бұрынғы уақытта ас пен тойға жұрт өңшең дүлділін қосушы еді. Енді ас пен той болса, алтын қоңырау, атлас жабу жапқан есектерін құлақтарын салпаңдатып, ұялмай алып барып қосып жатыр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Бір –көп Ортақ белгілеріне қарай заттарды топтастыру және топтап белгілі заттарды бөлу

Мақсаты:
а) цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру;
ә) математикалық жұмбақтар шешу;
б) балалардың зейінін дамыту;

Оқу іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) Амандасу
Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру - Жарайсыңдар! - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Қызықты сәт: Ренжіп Дара кіреді.
- Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырым да тесіліп қалды.
Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр»
- Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін үстел жанына жақындайық.
- Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Мәтіннің жоспарын құру Досы көпті жау алмайды (2 сынып, I тоқсан)

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Мәтіннің жоспарын құру. Досы көпті жау алмайды.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.2.6.1* Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
2.3.3.1 Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.
Сабақ мақсаттары: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыс (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дұрыс көпбұрыштар және шеңбер
Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыс
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланысты білу және қолдану;
Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты білу және қолдану;
Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты білу және қолдану;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Көпполистиктер

Ғылыми анықтама бойынша Электр Тізбектер Теориясы – электрлік материяның жалпы қасиеттерін, қозғалыстарын зерттейтін іргелі ілім. Сондықтан да ЭТТ-ның дамуы басқа ілімдердің өркендеуіне күшті әсер етеді.
ЭТТ – техниканың іргетасын қалаушы ілімдердің бірі. ЭТТ-да ашылған әрбір заңдылық техниканың дәрежесін жаңа сатыға көтереді, өркендеп-өсуіне әсерін тигізеді. Бұған мысал, XIX ғасырда электромагниттік теорияның дүниеге келуі, ХХ ғасырда жартылай ток өткізгіштердің, кванттық лазерлердің ғылыми лабораторияларынан шығып өмірге келуі.
Электрлік тізбектердің 2 түрі белгілі: сызықты және қисық сызықты. Егер, тізбектің кедергісі тек қана токқа тәуелді болса, сызықты тізбек деп аталады.
Күрделі өткізгіштерде электрлік көздер және энергия қабылдағыштар, өлшеуіш құралдар, көмекші элементтер болады. Көмекші элементтерге қосып- ажыратқыштар жатады. Кез- келген күрделі өткізгіштердің есебін алу үшін, алдымен оның әрбір элементін схемалық элементке алмастырамыз. Тұрақты токта 2 негізгі схемалық элемент қолданылады: электр қозғаушы күш және ішкі кедергі.
Электр қозғаушы күш сан жағынан потенциалдар айырмасына немесе кернеу, яғни оң және теріс, кіріс пен шығыс көздерінің энергиясына тең:
Е= ƒ1- ƒ2 = U1,2
Күрделі электр тізбектерінің жұмыс режимін зерттеу көбінесе ток, кернеу және оның әр түрлі тармақтарының қуаттарының арасында байланыс орнығатынын көрсетеді. Сондай- ақ қалған тізбек бөліктерінің жұмыс режимі белгісіз болып қалуы мүмкін, алайда оның барлық параметрлері есепті шешу кезінде қамтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0