Өлең: Өлім шыққан жерге көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе,
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да тоймауында.
Адам ата, Хауа ана—түп анамыз.
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әке қазасына айтылған көңіл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Келіп ем, шақырған соң Сары жаққа,
Көрмеген ағайынды танымаққа.
Қадірлі болыс қайтыс болған екен,
Әуелі дұға оқыдым аруаққа.
Бір Алла ақыретін жарылқасын,
Жалғанда жасап өтті бар уақта.
Арман жоқ, бұл кісіде деп ойлаймын,
Артында қызыр шалып бағы жатса.
Асқар тау, талды ормандай көлеңкесі,
Ойласаң келін-балаң сағынад та.
Кезіккен ақ өлімі абиырлы,
Адамға өлім де сын жаны басқа.
Уақытқа риза болу керек,
Күн бітсе қарамайды кәрі-жасқа.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Оқушыға мінездеме

Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі.
Білім
Толық
0 0