Курстық жұмыс: Информатика | Криптографиялық алгоритмдерді практика жүзінде программалау

Ақпараттық жүйе – обьектіні басқару үшін қажетті ақпаратты жинақтау, сақтау, жаңарту, тасымалдау, өңдеу және шығару жүйелері.
Ақпарат айналымын тиімді ұйымдастыру адамдардың күнделікті өмірінің табыстылығының шартына күн өткен сайын айналып келеді. Адамзат өмірінің тұрақты жұмыс істеп тұруы үшін қажетті ақпарат мөлшері өндіруші күштер көлемінің өсіунен квадрат дәреже есе көп өсіп келеді. Көптеген дамыған елдерде ақпаратты өңдеу сласында жұмыс істейтіндердің саны нақты өндірістегі жұмыс күштерінен асып түседі. Ақпараттың айналымының барлық саласында автоматтандыруды қолдану экономиканың жаңа қарқын алып, үлкен жұмыс күші ресурстарын босатуға алып келеді.
Осындай қарқынды өсім мен интенсивті айналым кезінде ақпараттың қауіпсіздігі, соның ішінде криптоәдістерді қолдану ерекше маңызға ие.
Криптология ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданады. Ол криптография және криптоталдау (криптоанализ) деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл екі бағыттың мақсаттары қарама-қарсы.
Соған қарамастан алдыңыздағы курстық жұмыста сол бағыттарды тең қолдана отырып, мен жұмысымды сипаттамақпын.
Симметриялық шифрлау саласына жататын Вижинер кестесімен шифрлау, омофондар жүйесі және гаммалау арқылы шифрлау қазіргі заманғы ақпаратты өңдеу құралдарының дамуымен бірқатар басымдылықтарын жоғалтса бірқатар басымдықтарға ие болды.
Төмендегі жұмыста сол айырмашылықтар және өзгертулер нақты көрініс табады.
Курстық жұмыста программалар Delphi программалау ортасында жазылды. Бұл ортаның болашағы зор екенін ескере отырып, жасаған программалар уақыт ағысында өз мәнін жоймайды деп сенемін.
Программаны қолдану барынша жеңіл және түсінікті.
Осы жұмыс барысында негізгі пайдалану көзі болып табылатын ашық текст барлық өзгертілген күйінде энтропиялық анализге түсті және оны жасау үшін университет кітапханаларында бар материалды қолдандым.
Жұмысты оқып шығу (тексеру) барысында қазақ тілінде осы сала бойынша материалдардың тапшылығын ескере отырып, кейбір аударудағы ауытқулар үшін алдын ала ғафу етемін. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Орыстардың Солтүстік Батыс Американы зерттеуі

Физикалық-геограгриялық орны.
Солтүстік Американың табиғат жағдайлары бұрын оқылған материктердегіден мүлдем өзгеше. Оның табиғат комплекстері өте алуан түрлі, олардың ішінде сирек кездесетіндері де көп: алып секвойя тоғайлары, үлкен көлдер, лайлы вулкандар мен гейзерлер аймақтары, аса терең өзен аңғарлары — каньондар және тағы басқалар. Адам материктің табиғатын күшті өзгерткен, мәдени комплекстерді көп жасаған.
Материктің физикалық-географиялық орны. Солтүстік Америка көлемі жағынан біздің планетамыздағы үшінші материк, оның көлемі 24,2 млн. км2. Өзінің пішіні жағынан ол Оңтүстік Америкаға аздап ұқсас, бірақ материктің ең кең бөлігі қоңыржай белдеулерде жатыр, мұның өзі оның табиғатына елеулі әсер етеді және бұрынғы оқылған материктерден айырмашылығы бар.
Солтүстік Американың жағалары қатты тілімденген. Әсіресе материктің шығыс және солтүстік жағалауларында шығанақтар мен түбектер өте көп, ал батысы мен шығысында едәуір аз. Ғалымдар континенттің шығыс бөлігі миллиондаған жылдар бұрын Европамен біртұтас болды, ал солтүстік-батыс бөлігі Солтүстік-Батыс Азиямен қосылып жатты деген болжам айтады. Жағаларының пішіні — литосфералың плиталар қозғалысының нәтижесі.
Космостан түсірілген Жер бетінің суреттерінде материктің солтүстігіндегі қар жамылғысы мен құрлықтағы мұздықтарды мұхит мұздарынан ажырату қиын. Мұнда Арктиканың мұздарына ұласқандай, көлемі жағынан орасан зор Канадалық Арктика архипелагы орналасқан. Жылдың көп бөлігінде мұз басып жатқан Гудзон шығанағы құрлыққа ішкерілеп еніп жатыр.
Испандықтардың ашуынан кейін Жаңа Дүние жағаларына қарай басқа европалық елдердің экспедициялары жорыққа шықты. XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот европалықтар үшін Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауларын ашты. Ағылшын теңізде жүзушілері мен саяхатшылары (Г. Гудзон (XVII ғ.), А. Маккензи (XVIII ғ.) және басқалары) материктің шығыс және солтүстік бөліктерін зерттеді. XX ғасырдың басында Р. Амундсен бірінші болып материктің солтүстік жағалауын бойлай жүзіп шықты, Жердің солтүстік магниттік полюсінің географиялың орнын тапты.
Орыстардың Солтүстік-Батыс Американы зерттеуі. Материкті зерттеуге орыстар зор үлес қосты. Басқа европалықтардан дербес, олар континенттің солтүстік-батыс бөлігінің кеңістігін ашып, игерді. Сол кезде картада енді ғана белгіленіп келе жатқан Америка жерінің осы бөлігінде тұңғыш рет аралдардың орыс атаулары пайда болды. Бұл аралдар XVIII ғасырдың ортасында Витус Беринг пен А л е ксей Чириковтың жүзуі кезінде ашылған. 1741 ж. орыс теңізде жүзушілері екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап, Алясканың жағаларына жетті, жекелеген аралдарға аяқ басты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану | Мемлекет тетіктерінің ұғымы

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған бай¬ланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің тетіктері (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніз мемлекет механизмнің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады.
1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.
2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.
3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.
5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы.
6. Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады.
7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Гүлнар Досматова Абдуллақызы (1964 жылы, 5 қараша)

Гүлнар Абдуллақызы Досматова - (5.11.1964 жыл, Алматы) - киноактриса, тележүргізуші, ҚР халық әртісі,.
ҚазҰУ-ды бітірген (1989). Кинодағы алғашқы елеулі рөлі "Даладағы қуғын" (Бандыны қуған Хамит) фильміндегі - Әйгерім (1979). Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты.
1985 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы. Досматова 20-дан астам фильмге түскен. Мысалы, "Жеңімпаз" (1982), "Мерекенің үш күні" (1981), "Кардиограмма" (1995), т.б. Отандық "Тоғысқан тағдырлар" телесериялында ойнады.
1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "Адамдық фактор" фильміндегі ролімен "Ең үздік әйел бейнесі" үшін жүлдесін жеңіп алды. 2000 ж. "Жыл таңдауы" байқауында "Жылдың үздік актрисасы" атанды.
Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Тағатұмсықты жарқанаттар тұқымдасы және олардың туысы

Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. Әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сутқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған.Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі- ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер жетілген, жауырыны- жалпақ.
Тунде тіршілік етуіне байланысты есту мушесі жақсы дамыған. Құлақтары да улкенді – кішілі болып келеді. Сезу мүшелерінің ішінде мұрттарының орны ерекшке. Көзі нашар жетілген. Ішектері қысқа, дене мөлшерінен 2-3 есе ғана артықтау. Ас өте тез сіңеді, небары 4 сағаттың ішінде жеген омыртқасыздар толық қорытылып үлгереді.
Қолқанаттылардың дене температурасы қыста қоршаған орта температурасынан бар- жоғы 1-2 градус жоғаы болады. Барлық өкілдері қысқы ұйқыға кетеді немесе жылы жақтарға ұшып қоныстарын аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір-екі өсім береді Шағылысуы күзден басталып, көктемге дейін созылады. Жатырға түскен ұрық көктемге дейін жұмыртқа клеткасы пісіп- жетілгенше сақталады. Көптеген өкілдері өніп- өсу кезінде, әсіресе қыста, топ-топ болып жиналып, саны бірнеше жүзге, мыңға жетеді. .
Дене температурасының өзгеріп тұруы, ұзақ мерзімге ұйықтау, зат алмасуының төмендеуі қолқанаттылардың көпшілігінің 20, тіпті 27 жылға дейін өмір сүруіне себебін тигізеді. Қазба қалдықтары Европа мен Солтүстік Америкада алғашқы эоцен қабатынан табылған.
Қолқанаттылар зиянды түн насекомдарымен қоректеніп, үлкен пайда келтіруімен қатар, адам үшін қауіпті індеттер таратуда да алатын орны үлкен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Сәбит Оразбаев Қоңырбайұлы (1936 жылы 29 қаңтар)

Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында туған) — актер, театр қайраткері. Қазақ КСР халық артисі (1976). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). Отан, Парасат, Достық және Еңбек Қызыл ту ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Сәбит Қоңырбайұлы 1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында дүниеге келген.
1955 - 1959 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген.
1960 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Алғашында негізінен комедия жанрында, Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ. Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Ел ертеңі - адал ұрпақ!

Адалдық... Осынау қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәні мен мағынасы арта түсері сөзсіз.

Атам қазақ «ардың ісі - адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі. Ендеше осынау қасиетті ұғым қазірде өз дәрежесінде, өз биігінде самғай алып жүр ме?

Қайдам... Бұған бір-ақ мысал аш қасқырдай жалақтаған жемқорлық деген пәлені қайда қоямыз? Бұл біздің күнделікті өмірімізге баса көктеп кіріп, жаппай қоғамның дертіне айналып бара жатыр ма деп қаламыз. Себебі кез келген жаңалыққа құлақ түрсеңіз еріксіз «пара алыпты», «пара беріпті» деген сөздермен қаласаңызда, қаламасаңызда ұшырасасыз. Ойлап қарасақ, бұл күнделікті әдетке айналып бара жатқан сияқты.

Ай мен күннің аманында, ел ішіндегі тыныштық заманда адам баласының бұлай бұзылуына не жетіспейді екен деп бір сәт ойға шомасыз. Ойлана-ойлана пенденің пендешілдігі шығар деген шешімге еріксіз келесіз. Басқа ақтар себепте жоқ сияқты. Болған үстіне бола түссе деген ашкөздік, байлығымды еселей түссем деген көрсе қызарлық. Бұл - пенденің пендешілдігі емей немене......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Тіл тағдыры — ел тағдыры

Тіл – қатынас құралы. Адам тыңдаушыға өз ойын емін–еркін жеткізіп, сондай–ақ тіл арқылы байланыс құрып, бұл қоғамда ілгері жылжу үшін белгілі бір ел болып, мәңгі өмір сүру мақсатында пайдаланылатын тіл – адамның дене мүшелерінің ішіндегі ең қажеттісі. Себебі, «Тілі өлген ел–тірі өлген ел».

Бүкіл әлемдегі елдерді алып қарайтын болсақ, әр елдің өзіне тән тілі, діні, салт–дәстүрі бар. Осы және тағы да басқа факторлар арқылы бір мемлекет өзге елдерден ерекшеленіп, әлем картасынан жеке қамтитын аумағын қалыптастырады. Дамыған елдердің қатарына кіріп немесе ғасырдан– ғасырға тарихи құндылығымызды жоғалтпай өрбу, қандай да болса мемлекеттің мақсаты. М.Әуезовтың «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» демекші «Тіл мәртебесі–ел мәртебесі».

Қазағым ойшыл, керемет халық қой. Өмірдегі кез келген жағдай, шешімін табар–таппас іске ақыл қосып, көмек сілтейтіндей өзінің оймақтай болса да ойлы мақал–мәтелдерін өз ұрпағына асыл рухани азық қорын мұра еткен. Ана дегенде толқымайтын теңіз, туламайтын жүрек болмайды деп көркем жазсақ, тіл дегенде бірден ойыма келетіні, жаныма жылу сыйлайтыны, ұлттық рухымды көтеретіні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі тілге арналған мына өлең шумақтары:

Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кей–кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ертеңге - Елбасымен

«Ер- ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой. Ақтығында біздің батырларымыздың көзінің тірісінде, қайта құру дәуірінің бізге берген бақыты- Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы

Адамзат баласына рух берген Құдай азар беруден алшақ тұрса, адамзат баласы қалайша адамға азар берсін. Мұны адамзат игілігін көздеген барша руханият қолдап, уағыздап келеді. Соның ішінде сопылық қауымдастықтар бұған үлкен мән береді. Сопылық жолындағы тақуаларды ізгі ниеттілікпен жаратылған адамзат жанының азапталуы ресми түрде ойландырды. Адамзаттың есен-амандығын тілеген тақуалар Аллахтан өзіне азар беруді сұранады. Сондықтан да жетілу жолындағы муридтерде азап беруден гөрі азап тарту басымырақ. Аллахтың жүзіне ғашық болған муридтерге азап тарту ғашықтық өтеуіне айналған сынақ тәрізді. Ахмет Иассауи де пайғамбар хадистеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда:

Жалған атақтан арылып сәби болдым,
Алла атын айта-айта ашық болдым.
Аллаға бар жаныммен адал болдым,
“Фанафи Алла” мақамына салдым, міне.

Сүндет емес кәпірге де берсе азар,
Көңілі қатты, діл азардан құдай безер.
Ондай құлға Алланың азабы даяр,
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне [1.20].

Мутасаууфтардың “Қайырымды ісіңе жоғары қайырымдылық аласың, зұлымдық істесең жазырын тартарсың”-деп тереңнен толғаған сөздерінен аңғаратынымыз да адам баласына азар бермеу. Ахмет Иассауи де бұл дәстүрден алшақ кетпеген. Хикметтерінде көңілі қатты, тоң мінезді жандардан Алла да безініп, оларға қахарын төгумен қатар азап та бергендігі айтылады.
Жетілу жолындағы муридтер жан тазалығын сақтаған. Оның жүрегінде мұндай дертке орын жоқ. Ахмет Иассауи муридтерінің әрбір істеген ісі мен сөйлеген сөзінен ақиқаттық сарын байқалып, ол оның мәртебесін асқақтатқан. Бірақ ол өзінің беделінің өскенін, халықтың құрмет тұтып қарағанын еш уақыт елемей, өз бойындағы қасиеттердің барлығын Алладан берілген деп санайды. Халқының қамын ойлап, солар үшін Аллаға басын исе, Алланың назарын өзіне аударғандай хәл кешкен.....
Рефераттар
Толық
0 0